«1 желтоқсан – Тұнғыш Президент күні»
Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті –Елбасы туралы конституциялық Заңға және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы Заңға өзгерістердің дәл осы күні қабылдануы жай ғана сәйкестік емес. Бұл еліміздің жаңа тарихындағы ерекше күн. Нақтырақ айтсақ 22 жыл бұрын яғни 1991 жылдың 1 желтоқсанында бүкіл халықтық сайлауда Н.Назарбаев мемлекет басшысы болып сайланды. Сөйтіп ғасырлар бойы халқымыздың асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі ата –бабамыздың, тарихи аманаты орындалды. Бір ауыздан мемлекет басшысы болып сайланған Тұнғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев жарқын болашаққа батыл бастады.
Н. Әбішұлы -жер бетіне сөзін өткізіп, отырған бүгінгі заманның көрнекті саясаткері Қазақстанның тәуелсіз мемлекеті құрудың басында тұрған, осы жолдағы не қилы тар жол, тайғақ кешуді халқымен бірге өтіп, қиыншылықтарын бөліскен , бүгінде әлем мойындап отырған жаңа мемлекетті қалыптастырған, болашаққа бағыттап бара жатқан ұлы тұлға, төрт құбыланы түгелдеп, кемел ойлы кемеңгер ата –бабамыздың жолымен жүрген, қасиет дарыған қайраткер.
Президент боламын деген кісі ақылымен қайратын, ірі саясаткер талантымен ,ел басқару ісіндегі мол тәжірибесімен ұштастыра отырып, елдің бірлігі, халықтың тыныштығы мемлекеттің тәуелсіздігімен қадір қасиетінің артуы үшін еңбек етуі шарт Н.Назарбаев бұл шарттардан мүдірмей өтті. Ол елдің мемлекеттің ақыл-ойын байытуға, абыройын асыруға ар-ожданың ардақтауға қызмет етті және қызмет етіп келеді. Мәселен Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Назарбаев басшылығымен демократиялық құндылықтарды құрметтеу, ашық қоғам құру, адам құқын қорғау мен сөз бостандығын өркениет өрісіне сай қамтамасыз ету салаларында ауыз толтырып айтарлықтай табыстарға жетті. Еліміздің экономикасын көтеріп, халқымыздын әл-ауқатын арттыру , саяси реформалар жүргізіп , басқарудың тиімді тетіктерін қалыптастыру бағыттарында да қомақты шаруалар атқарылды.
Елбасы өмірі мен қызметі елі мен жері, оныың болашақ дамуына арналған. Бұл жолда қойдай қоңыр халқымызды от пен суға түсірмей алға бастап, Елбасымыздың Қазақстанның дінгегі мықты, мәртебесі биік болғай деген тілекпен ШҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік мұрағаты» КММ-нің Аягөз филиалы қазақстандықтарды 1 желтоқсан – Тұнғыш Президент күнімен құттықтайды.
ШҚО мәдениет, мұрағаттар
және құжаттама басқармасының
«Мемлекеттік мұрағаты» КММ-нің
Аягөз филиалының мұрағатшысы
А. Мерекеқызы
«Аягөз жаңалықтары», 23.11. 2013ж., № 89 (10285)