Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Жеке текті қорлар

Мемлекеттік архивтің Аягөз филиалында жеке тектік құжаттардың тарихи-мәдениеті халқымызға тарихи қайнар бұлақ көзі болып табылатыны өте маңызы зор. Аягөз филиалында 4 жеке тектік қоры бар: Уап Байшашев - Қазақ ССР еңбегі сіңірген мұғалімі, Жанжигитова Мария Алатаевна - Қазақ ССР еңбегі сіңірген мұғалімі, Жанарбек Шуленбаев - Қазақ ССР еңбегі сіңірген мұғалімі сонымен қатар жеке тектік қорында Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің коолекциясы сақталымда бар: Оразбек Сабитов, Борис Борисович Бородин, Бланов Чайх.

Жанарбек Шуленбаев

Жанарбек Шуленбаев 1932 жылы 1 мамыр айында Семей облысы Шұбартау ауданы Қосағаш ауылында дүниеге келген. 1953 жылынан бастап Бақанас машина жөндеу станциясында тракторист болып бастаған. 1968 жылы Шұбартау ауданы Ш.Валиханов атындағы кеңшарында бас шопан болып жұмыс істеген. Еңбегінің қажырлығының жетістіктері үшін Жанарбек Шуленбаевқа «Құрмет белгісі», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, «Социалистің еңбек ері», «Орақ пен балға», «Жерлерді тұтас игергені үшін» медалдарымен марапатталған. Жанарбек Шуленбаевтың сақталымдағы құжаттары: Әскери билеті, еңбек кітапшасы, Қазақ ССР-нің кәсіподақ комитетінің құрмет грамотасы, қоғамдық өмірге белсене қатысқаны үшін және социалистік жарыстарда биік көрсеткіштерді көрсеткені үшін Шұбартау аудандық коммунистік партиясының құрмет грамоталары, орден кітапшалары, медаль куәліктері, СССР Жоғарғы Советінің депутаттық куәлігі, Қазақ ССР мемлекеттік премиясының лауреаты дипломы, Қазақстан компартиясы Семей обком мүшесі куәлігі және фото суреттері . 
Қазіргі уақытта Жанарбек Шуленбаев Шығыс-Қазақстан облысының Аягөз ауданы Қосағаш кеңшарында қоғамдық өмірге белсенді қатысуда.

 

Уап Байшашев 1913 жылы Семей облысы Аягөз ауданы Тарлаулы ауылында өмірге келген. Аягөз ауданы Сергиополь ауылында жеті жылдық мектепте оқыған. 1929 - 1933 жылдар аралығында Шұбртау ауданы Қызыл-Тау ауылында мұғалім болып жұмыс істеген. 1933 жылы Алматының Жоғарғы партиялық мектебінде аудандық комсомол комитеті арқылы жіберілген. Партмектебін бітіргеннен кейін Шұбартау ауданы Киров атындағы орта мектеп директоры болып жұмыс істеген. 
1938-1940 жылдары Жамбыл ауданының білім бөлімінің меңгерушісі болған. 1942 жылы соғысқа шақырылып, 8-ші атқыштар дивизиясында политрук болған. Уап Байшашев «Отан  соғысының 2 дәрежелі» орденімен, «Слава», «Москва қорғанысы», «Германия түбіндегі жеңісі» медалдарымен марапатталған. Соғыстан кейін 1980 жылы Шұбартау аудандық компартиясында меңгерушісі болып жұмыс атқарған. 1951-1975 жылдары Аягөз ауданы Сергиополь орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істеген. 1975 жылы еңбек сіңіргені үшін еңбек демалысына шыққан Уап Байшашев 1978 жылы қайтыс болған. 
Архивтағы сақталымға өткен құжаттары: «Казахстанская правда» газетінің қиындысы « В.С.Шершининаның Уап Байшашев туралы» мақаласы, жоғарғы партмектебінің роректоры Кулбеков У.Б. мінездемесі, жеке бет және өмірбаяны, Талғат Бигельдинов және Бақытжан Момышевтың У.Б. туралы еске алу.

 

Жанжигитова Мария Алатаевна

Жанжигитова Мария Алатаевна 1938 жылы 10 тамызда Семей облысы Аягөз қаласында дүниеге келген. Алматыдағы Абай атындағы педагогикалық институтын бітірген. Жұмысқа Ақшатау ауылындағы орта мектепке мұғалім болып орналасқан. 1965-1981 жылдары Аягөз қаласындағы №6 орта мектеп директоры болып жұмыс істеген. 1981-1995 жылдары Аягөз қаласының №3 орта мектептің директоры болған. Жанжигитова Мария Алатаевна «В.И. Лениннің 100 жыл туған күніне орай қажырлы еңбегі үшін» мерей тойына арналған медалімен, «Еңбек ардагері», медалімен, «Қазақ ССР құрметі мұғалімі» құрмет атағы, «СССР ағартушысы» белгісі, «Аягөз қаласының құрметті азаматы» атағы берілген. Сақталымдағы құжаттары; депутаттық куәлігі, комсомол билеті, диплом, медальдар куәлігі, белгі куәліктері, құрмет грамоталары, фотосуреттері. 

Борис Борисович Бородин

Борис Борисович Бородин 18 тамыз 1923 жылы Новосибирск облысы, Красноозерка ауданы Красноозеркада дүниеге келген. 1941 жылы Сталин аудандық военкоматында әскер қатарына шақырылған. Соғыста барлаушы болып өткен. Б.Б. Бородин Варшава қаласын азат етуге, Берлинді алуға, Украина мен Будапешті азат ету майдандарына қатысқан. Соғыстың жеңісін 1945 жылы мамыр айында Берлинде қарсалған. Б.Б. Бородин өзінің ерлігі үшін: «Қызыл жұлдыз», «2–ші дәрежелі Отан соғысы», «1–ші дәрежелі Отан соғысы» ордендерімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Германия түбіндегі жеңісі үшін», «Варшава азаттығы», «Берлинді жаулағаны» үшін медальдармен марапатталған. Сақталымға өткен құжаттары: орденмен, медальдар куәліктері, құрмет грамотасы, фотосуреттер.

 

Оразбек Сабитов

Оразбек Сабитов - Семей облысы, Аягөз ауданы, Сергиополь ауылында 1925 жылы 13 наурызда дүниеге келген. Әскери дайындығын Чита қаласында өткізді, кейінен Пемза қаласындағы 38 дивизияға радист болып қабылданды. Украина, Бухарест, Будапешта, Праганы құтқару кезіндегі шайқастарға қатысқан. Соғыстың аяқталуын Прага қаласында қарсы алды. 
«1–ші дәрежелі Отан соғысы», «Қызыл жұлдыз» ордендарымен, «Будапешт азаттығы», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Германия түбіндегі жеңісі үшін» медальдарымен марапатталған. Сақталымға өткен құжаттары: әскери билет, орден мен медальдар куәліктері, құрмет грамотасы, газет қиындылары, құттықтау хаттары, фотосуреттер.

Бланов Чайх

Бланов Чайх 1912 жылы 1 қаңтарда Аягөз ауданы Ақшатау ауылында дүниеге келген. 1935 жылы Аягөз нефтебазасында жұмыс істей бастаған. Әскер қатарына 1941 жылы 25 маусым айында 63 гвардиялық артиллерия полкіне қабылданып, сол жақтан Ұлы Отан соғысына жіберілген. 
Бланов Чайхқа «Москва қорғанысы үшін», «Ерлік үшін», «Әскери қызметі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Германия түбіндегі жеңісі үшін», медальдарымен марапатталған. «Рига шайқасына қатысқаны үшін», «Алексина қаласын азат еткені үшін» алғыс хаттарымен, «В.И. Лениннің 100 жыл туған күніне орай қажырлығы еңбеегі үшін» медалі, «Құрмет белгісі», «Отан соғысының 1 дәрежесі» орденімен, «Кеңес одағы әскерінің құрылғанына 70 жыл» медальімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының жеңісіне 40,50,60» мерей тойларының медальдарымен, «Москва шайқасының 65 жылдығы медальімен», «10 жыл Астана» медальдарымен марапатталған.

 

Сармырза Әбеков

 

 

 

 

 

 

 

Сармырза Әбеков 25 қазан 1924 жылы бұрынғы Алматы облысы Алакөл ауданы Ақтоғай кентінде дүниеге келген.
7 жыл мектеп қабырғасын бітіре салып темір жол бойына монтер болып жұмыс істеген.
1942 жылдың тамыз айында Сармырза Әбеков әскер қатарына шақырылып, 125 атқыштар полкінде курсант болып 1943 жылдың ақпан айына дейін дайындықтарын өтті.
1943 жылдың ақпан айында 70 атқыштар девизиясына атқыш болып Сармырза тұңғыш рет әскер қатарын толықтырған қаруластарымен бірге ұрысқа кіреді. 
1943 жылдың жаз айында Курск доғасында байланысшы болып тағайындалып, командирдің бұйрығымен үзілген желіні жалғап, қайтып келе жатқанда кенеттен оқ нөсердің астында қалып жарақат алып әскери госпитальға түседі.
Сауығып шыққаннан кейін артиллерия полкіне тап болады. Байырғы қызметі – байланысшы. Қан майданға тамыз айында қайта араласқан Сармырза Әбеков басқыншылардан Украина, Беларуссия жерлерін босатуға белсене қатысты. Днепр, Десна, Буг өзендерінен өтуде қайтпас қайсарлығымен көзге түскен.

1945 жылы Польша жеріне хатшы-байланысшы болып сұрапыл соғыста әр қадамы, әр күні ғана емес, әр сәтті өлім сепкен қырғынды қатерге бой жеткізбей Берлиннің маңындағы Кепинг қаласында тұрды. Көптен күткен Ұлы жеңісті сонда қарсы алды. Алайда қас дұшпан жеңіліс тапқанмен қарымта қайтармаса да қапысын келтіріп бір қан қақсатып қалудың қатерін көздеген қалдықтары баршылық болатын. Ендігі міндеті – соларды түбегейлі жою еді. Көп қатарлы бұл да мәнді міндетті абыроймен атқарды. Ақыры 1947 жылдың көктемінде туған жер, өскен елге оралды.
Еліне аман-есен оралған Сармырза Әбеков Ақтоғай кентіне темір жол бойында слесарь, вагон тексерушісі болып еңбек ете бастады. 
1951 жылдың 11 шілде айында Сармырза Әбеков Бакеева Нұрхаш апамызбен отау құрды. 1968 жылы жұмыс барысымен Таңсық кеңшарына ауыстырылып, автомобиль двигательдерін жөндейтін слесарь болып еңбек етті, тиісті міндетін абыроймен атқарды. Ауылдастарының, шаруашылық басшыларының сый-құрметіне бөленді. 1984 жылы 60 жасқа толып, зейнетке шыққан соң да, сүйікті ісімен айналысқан. 
Кеңестік Одағының Маршалы бас қолбасшысы жолдас Сталиннен 1945 жылдары «Модлин (Новогеоргиевск), Торунь (Торн), Хойнице (Конитц) және Тухоля (Тухель), Шолохау, Штегерс, Хаммерштайн, Бальденберг және Бублиц, Гданьск (Данцинг) қалалары мен қамалдарды азат еткені үшін, ерлігі үшін алғыс хаттары табыс етілген.
14 наурыз 1947 жылы Германиядағы окупатциондық әскери тобының бас қолбасшысы Маршалы Соколовскиден «Отанымыздың игілігіне адал қызмет еткені үшін» алғыс хаты табыс етілген.
29 қыркүйек 1954 жылы «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
9 мамыр 1967 жылы «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының жеңісіне 20 жыл» мерекелік медалі табыс етілген.
11 наурыз 1985 жылы «Отан соғысының ІІ-дәрежесі» орденімен марапатталған.
9 мамыр 1985 жылы «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының жеңісіне 40 жыл» мерекелік медалі табыс етілген.
18 маусым 1987 жылы «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.
4 шілде 1988 жылы «Кеңес Одағы әскерінің құрылғанына 70 жыл» медалімен марапатталған.
9 мамыр 1995 жылы «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының жеңісіне 50 жыл» мерекелік медалі табыс етілген.
22 ақпан 1997 жылы «Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков» медалімен марапатталған.
8 қазан 1999 жылы «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 55 жылдығы құрметіне «1941-1945 ж.ж. соғыс ардгері» белгісі тапсырылған.
Сармырза Әбеков 2004 жылдың күзінде дүниеден кетті.

 

Айнажаров Ішпекбай Айнажаров Ішпекбай 15 желтоқсан 1919 жылы Жарма ауданы «Малай» колхозы №24-ші ауылында дүниеге келген.
1930-1936 жылдары Жарма ауданы Семей облысы «Октябрге 15 жыл» атындағы балалар коммунасында оқып, оқу озаты болып, Жарма ауданы Георгиевка ауылы «Абай» атындағы орта мектебін өте жақсы бағамен бітірген. 
1939 жылы Алматыдағы жоғарғы ауылшаруашылық мектебінде оқып жүргенде, әскер қатарына 10 желтоқсан 1939 жылы шақырылған. Әскер қатарында жүріп өз еркімен Филияндия соғысына 9 қантар 1940 жылы аттанған. 1941 жылы соғыстан аман есен оралғаннан кейін, өз Отанын қорғау үшін қайта соғысқа аттанып 333 атқыштар полкі 6 дивизиясына қабылданған. 

1941 жылдың 6 тамыз айында Германия түбінде басынан контузия ауыр жарақат алған.
Айнажаров Ішпекбай 1944 жылы 30 тамыз айында Исатаева Токтасынмен отбасын құрған.
1945-1947 жылдары Алматыдағы заңгер дайындайтын мектепті бітіріп, өз маманы бойынша Аягоз қаласының Аудан аралық база мекемесінде заңгер, Аягоз қалалық прокуратурасының заңгер болып бейбітті еңбек етіп, көпшіліктің сый-құрметіне боленіп көптеген алғыс хаттармен, құрмет грамоталарымен марапатталған.
Айнажаров Ішпекбай 20 қыркүйек 1947 жылы «Ұлы Отан соғысындағы еңбек қажырлығы үшін» меделімен марапатталған.
9 мамыр 1970 жылы «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының жеңісіне 25 жыл» белгісі берілген.
4 қараша 1974 жылы « Ұлы Октябрь 57 жыл, еңбектегі жарыстардағы жоғарғы көрсеткіштері үшін» - бас заңгерге құрмет грамотасы берілген.
8 мамыр 1974 жылы «Үлы Отан соғысы Германия фашизімдегін талқандаған үшін» құрмет грамотасымен марапаталған.
9 мамыр 1975 жылы «30 жыл гитлерлік Германия түбіндегі жеңісі үшін» мерекелік медалімен марапатталған.
9 мамыр 1976 жылы «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының жеңісіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.
2 қантар 1979 жылы «Кеңес Одағы әскерінің құрылғанына 60 жыл» медалімен мараптталған.
28 желтоқсан 1984 жылы «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.
8 мамыр 1985 жылы Қазақстан Компартиясы Аягоз аудандық комитеті атынан «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының жеңісіне 40 жыл» құрмет грамотасы табыс етілген.
11 наурыз 1985 жылы «Отан соғысының 2- дәрежесі» орденімен марапатталған.
9 мамыр 1985 жылы «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының жеңісіне 40 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.
20 маусым 1988 жылы «Кеңес Одағы әскерінің құрылғанына 70 жыл» медалімен марапатталған.
9 мамыр 1995 жылы «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының жеңісіне 50 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.
22 ақпан 1997 жылы «Кенес Одағының Маршалы Г.К.Жуков» медалімен марапатталған.
8 қазан 1999 жылы 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 55 жылдығы құрметіне 1941-1945 ж.ж. соғыс ардагері» белгісі тапсырылған.
9 мамыр 2000 жылы Шығыс-Қазақстан облысының әкімімен «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының жеңісіне 55 жыл» құрмет грамотасы табыс етілген.
Айнажаров Ішпекбай 2001 жылы 2 қантар айында өмірден өткен.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru