Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Қорлар мінездемесі

01.01.2019 ж. Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архиві» КММ-нің Аягөз филиалында – 360 қор, 65 347 cақтау бірлігі сақталуда. Оның ішінде: басқару құжаттары - 52 516 сақтау бірлігі, жеке текті құжаттар - 4 қор, 207 сақтау бірлігі, жеке құрам бойынша - 12 624 сақтау бірлігі. 

«Мемлекеттік архив» Аягөз филиалында аудандық атқарушы биліктің тұрақты сақталынатын құжаттары бар. Олар: Аягөз ауданының әкім аппараты, Аягөз аудандық маслихаты, Аягөз қаласының әкім аппараты, жиырма үш ауылдық аймақты әкімдерінің, аудандық халық бақылау комитетінің, статистика, ауыл шаруашылығы, халыққа білім беру басқармасының, денсаулық сақтау бөлімдерінің құжаттары. 

Сонымен қатар, архивта сақталымға өткізілген жеке текті құжат қорлары бар: Оразбек Сабитов - Ұлы Отан соғысының ардагері, Аягөз ауданының құрметті азаматы, Уап Байшашов - ҚазССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі, Жанжигитова Мария Алатаевна - ҚазССР еңбек сіңірген қайраткері. 

2010 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары Бланов Чайх, Борис Бородин, Жүнісов Секен, Әбеков Сармирза, Айнаржаров Ишпекбай, Қалиев Қуатжанның жеке текті құжаттарымен толықтырылды. 2018 жылы Чуенбеков Серікхан Әбиұлы, Ахмешов Бекболат Ахмешұлы, Құсайынов Марат Жанбылұлы, Ақатаев Қайыртайдың жеке текті құжатары қосылды.

Мемлекеттік архивте ауданның мекемелері, ұйымдары, кәсіпорындары қызметкерлерінің құжаттары да сақталған (әлеуметтік-құқықтық сипаттағы өтініштерді орындау кезінде белсенді түрде пайдаланылатын қызметкерлердің жалақысы туралы, қызметкерлердің жалақысы туралы мәліметтер, жұмыстан босату туралы бұйрықтар).  

 

 

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru