Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Көрмелер

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН: ТАРИХТЫҢ ЕЛЕУЛІ КЕЗЕҢДЕРІ

Шығыс Қазақстан облысының (1932 жылы - Семей қаласы, 1939 жылдан Өскемен қаласы) құрылғанының 80-жылдығына арналған «Шығыс Қазақстан: Тарихтың елеулі кезеңдері» атты көрме дайындалды. Көрсетілген құжаттар және фото суреттер Шығыс Қазақстанның даму кезеңдерін ашып көрсетеді. Онда Шығыс Қазақстан облысының аумағының құрылуы тұрғылықты халықтың орналасқаны туралы құжаттары ұсынылған. Бұл ҚАЗ МЫРЫШ 20.02.1932 ж. 6 облыстың құрылуы тұралы қаулысы, Қазақ ССР-дің  Жоғарғы Кеңес Президиумнің  Семей облысының және жаңа аудандардың құрылуы туралы жарлығы, Өскемен қаласының тәуелсіз әкімшілік орталығы болып бөлінуі туралы, қазақтардың мекендеу жоспарының құжаттары, байырғы тұрғындар бойынша ақпарат, қоныс аударған қазақтардың шаруашылық ұйымдастырылуы. Өскемен ауданының селолық кеңестердің орналасу схемасы.

Қызығушылықты облыстың тарихи-экономикалық құжаттардың көрінісі тудырады – 1932 жылға қарай Өскемен ауданының қысқаша саяси-экономикалық қалпының сипаттамасы., жаңа әліпбидің енгізу құжаттары, сауатсыздықты жою мәліметтері, сауатсыздықтарды құру, байланыс, әуе-желілерідің, облыс орталығында дауысты кинотеатрлардың құрылыстары, мұрағаттардың, мектептердің, С.М.Кировқа арналған ескерткіштер, су тасқының алдын-алу бойынша төтенше бестіктің бұйырығының және басқалардың құжаттары. 

КЕҢЕС ХАЛЫҚТЫҢ ҰЛЫ ЕРЛІГІ

Мәскеу үшін шайқастың 70 жылдығына

Мәскеу маңындағы шайқас Ұлы Отан соғысының алғашқы жылдарының басты әскери оқиғасы болды. Кеңес әскерлерімен астананы қорғау мақсатында және батыс бағытында стратегиялық ірі жау топтамасының күйрету үшін,   ол қорғаныс және шабұлы операциялық жиынтықтардан тұрған. Генерал И.В.Панфиловтың бұйырығымен 316-ші атқыш дивизиясы, басты бағытта астананы қорғап,   36 тәулік бойы соғысты. Оның тірі кезінде дивизия әскерлері қатыгез шайқаста 30 мыңнан астам фашисттік сарбаздарды және офицерлерді және 150 ден астам танктердің көзін құртты. 1942 жылдың 21 шілдеде СССР-дің Жоғарғы Кеңес Президиумның Жарлығымен 28 панфиловшыларға – Дубосекова жол айрығының батырларына, Кеңес Одағының Батырлары атағы берілді.  Төлеген Тохтаровтың атқыштар полкінің  1075-ші гвардиялық автоматчиктар ротасының қызыл әскердің өшпес мәңгі бақи  қаһармандығы ұмытылмайды. 1943 жылдың 30 қаңтарында СССР-дің Жоғарғы Кеңес Призидиумның Жарлығымен Төлеген Тохтаровқа Кеңес Одағының Батыры атағы қайтыс болғаннан кейін де берілді. 

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатының қызметкерлерімен Ұлы Отан соғысы туралы құжаттардың негізінде «Кеңес халықтың ұлы ерлігі» атты фотоқұжаттық көрме дайындалды. 

БІЗДІҢ ӨЛКЕ: ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ

ТАРИХИ ХРОНИКАСЫ

«Шығыс Қазақстан облысының мемелекеттік мұрағаты» ММ қызметкерлерімен «Біздің өлке: Шығыс Қазақстан облысының тарихи хроникасы» - «Наш край: хроника истории Восточно-Казахстанской области» атты фотоқұжат көрмесі дайындалды. 

Көрме экспонаттарына Қазақстанның тәуелсіз егеменді мемлекет ретінде қалыптасу кезеңіндегі 100 астам құжаттар мен фотолар енгізілген: заңдар, жарлықтар, Қазақ Социалистік Республикасының, Қазақ Социалистік Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулылары; Облыс атқару комитетінің, қалалық атқару комитетінің және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің шығысқазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға, Қазақстанның тәелсіздігіне, өркендеуіне, саяси тұрақтылығына бағытталған кең ауқымды әлеуметтік және экономикалық шараны өткізу туралы шешімдері, қаулылары, өкімдері және т.т.

ШҚО МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАҒАТЫНА - 70 ЖЫЛ

70 жыл - мекеме үшін аса үлкен жас емес, бірақ та жинақталған тәжірибе және белгілі жетістіктері бар.

Облыс мемлекеттік мұрағатында «мұрағатшы» деп аталатын сирек кездесетін мамандық иелері жұмыс істейді, олар байқаусыз болса да аса қажетті халқымыздың тарихи мұрасын сақтау және пайдалану бойынша жұмысты атқарады.

Қазақтың қайталанбас тұлғасы

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа –ұран

Ұлы Отан соғысында кеңес халықтың фашизмды Жеңіп шығуына 75-жылдық мерекесін тойлату аясында, ШҚО мемлекеттік архивімен «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа –ұран» атты көрмесі ұсынылды. Көрмеде, шығысқазақстандықтар, Ұлы Отан соғысына қатысушы, Шығыс Қазақстан облыстық архивінің қор құраушылары Крыгин В.С., Потапов А.В., Мусин М.Ш., Чистяков М.И., Малдыбаев У.Б., Черепанов Д.Ф., Кузнецов П.Н., Жаманбаев К.К., Макеев И.Г., Увалиев Ю.К. туралы мақалалар мен олардың өмірбаяндары, суреттері көрсетілген. Көрме материалдарында Ұлы Отан соғыс жылдарындағы Шығыс Қазақстан құжаттар топтамасынан алынған құжаттар және Өскемен құрылыс-жол және педагогикалық институттардың КОКП тарихының оқытушысы, доцент, тарих ғылымының кандидаты, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, А.В. Потаповтың жеке қорының құжаттары қолданылған.

Фотосуретте Өскемен қаласы

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивінде, қаланың мерейтойына арналған «Фотосуретте Өскемен қаласы» - «Усть-Каменогорск в фотографиях» атты фотокөрмесі дайындалды. Өскемен қаласы 300 жылға жетті. Үш ғасырлық қаланың өмірі қалалықтардың жүректерін қалай тебірентпейді. Фотокөрмеде, Өскемен қаласының өткенді және қазіргі уақытты байланыстыра отыра, көтеріліске дейінгі кезеңнен бастап кеңес дәуірін қоса осы күнгі дейінгі фотосуреттері ұсынылған. Мысалыға алсақ, 1936 жылы қирап қалған Покровский Шіркеудің орнына, 2002 жылы «Жастар» саябағында кішкетай шіркеу салынды. Көп деген ғимараттар біздің қаланың тарихымен тығыз байланысты. 1902 жылы жаңадан ашылған Халық үйі, қазіргі атауы Достық үйі, қаланың мәдени өміріне үлкен үлес қосқан. Кеңес кезеңіндегі ғимараттар мен көшелер жаңа форматта өздерін көрсетті: «Юбилейный» кинотеатры, Орталық әмбебап дүкені, сауда үйлері, «Б. Александров атындағы Спорт сарайы». Қаланың елеулі оқиғаларыда сүреттерде ұсынылған: Қазақстанда ірілігі бойынша үшінші орын алатын, Өскемен қаласында орталық мешіттің ашылуы. Сиымдылығы – 300 адам. Қазақтың ұлы ақын-ойшыл Абайға ескерткіштің қазақ ақын-импрвизатор Жамбыл Жабаевқа мүсіннің ашылуы. Көрмені, жергілікті Е.Аукебаевтың, М.Чистяковтың және басқа ақындардың сүйікті қала туралы өлеңдері көріктендіреді. Көрмені дайындауда біздің қор құраушы, өлкетанушы, фотокорреспонденті М.В. Гороховтың фотосүреттер жинағы мен мемархивінің фотокаталогы пайдаланылды.

РЕЕСТР экспозиций, выставочных комплексов районных музеев и архивов Восточно-Казахстанской области, посвященных памяти жертв политических репрессий

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru