Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Өлке Тарихы

1720 - ҚҰРЫЛҒАН ЖЫЛЫ...
/Өскемен қаласының негізі қаланғаны туралы тарихи очерк/

Өскемен қаласының тарихы  Кенді Алтай өңірінің тұрғындары үшін зор қызығушылық тудырып отыр. Ғылыми жұмысшылар қаланың қаланғаны жайлы небір қызықты мәліметтер тапты. Оның қалаушысы, гвардия майоры Лихарев жайлы азды-көпті маліметтер бар еді. 

Облыс атқарушы комитетінің мұрағаттық бөлімінің меңгерушісі С.Е.Черных Семеновский мен Преображенский полктерінің шежірелерін біліп және қазірге дейін белгісіз дәйектердің қатарын ашып берді. Ұсынылған очерк қандайда бір аралықтағы уақытты толтырады. 

«Известия Всесоюзного Географического общества» газетінде Өскемен қаласының құрылу кезіндегі қалыптасқан тарихи көзқарастарға толы мақала жарияланған. Оның авторы Е.А.Княжецкая, Үлбі мен Ертіс өзендерінің тоғысқан жеріндегі бекініс 1719 жылы қазан айында подполковник Прокофий Ступиннің қарамағында болғандығын растайды. Сондай-ақ автор 1719 жылдың  17 қыркүйегі мен  1720 жылдың 16 қарашасы аралығында И.М.Лихаревтың генерал-адмирал Апраксинге жазған хаттарына және де  капитан Урезовтың, яғни ескі үрдіс бойынша 1719 жылдың 24 шілдесінен 15 қазанына дейінгі экспедиция сапарының кітапшасына көшеді. 

1719ж. 16 қарашадағы Лихарев хаттары Петр Первыйдың кабинет қоры мен бұрынғы актілердің Орталық мемлекеттік мұрағаты Сенатында сақталған. Сондай-ақ, кабинет қорында «Капитан Урезов мырза қандай мағлұматтар берді» көшірмесі (әңгіме Урезовтың сапар күнделігі жайында – автор ескертулері) сақтаулы.  

Құжаттардың деректану сараптауын жүргізе отырып, «Өскемен қаласы құрылған кезде» мақаласының авторымен келісу мүмкін емес. Е.А.Княжецкая пайдаланған және біздегі материалдар, Ступиннің Убинский бекінісінің құрылуын мәлімдейді. Ол туралы 1719ж. 16 қарашадағы Лихаревтың I Петрге және Сенатқа жазған  хаттарында айтылған: «Маған Ступиннің жоғарыдағы жазған хаттарының тізімдемелері бойынша, яғни оның Семипалат бекінісінен кеткендігіне 9 күн болды, Каменьге және ағын суға жетпей,  Ертіс пен Уба өзендерінің бойына алты жарым күн бойы жаңадан бекініс салды».

Капитан Урезовтың сапар күнделігінде Усть-Каменогорский бекінісінің қай жерде салынғаны жайлы екі мәрте қайталанады. Алғаш рет, 4 (17) тамызда экпедиция Иртыштан жоғары көтерілгенде: «Уба өзенінен мықты арқанмен Каменьді бойлай төрт жарым күн жүріп, 4 тамызда жеткен. Уба өзенінен Каменьге дейін жиі аралдар мен Иртыш бойы орман... теректер мен бұталар жуан және орташа, бекіністі салғанға жарамды. Және жоғарыда айтылған аралдарда ұсақ және ірі тасты үйінділер... Бұл үйінділердің үстінен су ағыны қатты жүруде... Аралдар арасынан қайықпен қиындықпен өтті. Ал Уба өзені мен Каменьнің жоғарғы сол жағы бекініс құруға қолайлы жер және ол жердің маңы шалғын, қырдан түссең кіші өзен, ал бұның қалай аталатынын ешкім де білмейді. Ал бұл жерді жоғарыда айтылған аралдарға дейін жүріп өтсе, оң жағында да орындар жайлы, тегіс және де шалғын. Бұл жер бекініс орнатуға  оңтайлы жер». 

Екінші рет, экспедициядан 1719ж. 12 (25) қыркүйегінде оралған кезде: «12 (25) қыркүйекте Бухтырма өзенінен жарты күн жүрді және Камень бойынша жүзіп келді. Осы күні түнжарымда сағат 10-да Каменьнен шығып, аралда түнеді. 13 қыркүйекте кіші өзенге жетті. Сол күні кіші өзенннен кетіп, 15 қыркүйекте түнжарымда сағат 10-да Уба өзеніне келіп жетіп, үш жарым күн тұрды».

Семипалатинский бекінісіне экспедиция капитаны Урезов 1719 жылдың 20 қыркүйегінде (3 қазан) келді және мұнда екі күн болды. Алдағы сапар желісі мынадай болды: 24 қыркүйекте – Ямышевский бекінісі, 27 қыркүйек – Железинский бекінісі, 1 қазан – Омск бекінісі,  4 қазан – Тара, 10 қазан -  Ишимский абақтысы. Бұл кезде өзенге мұз қатып қалған болатын, Ишимнен экспедиция өз жолын жалғастырып, Тобольскіге дейін су астымен жүзіп барды. Тобольскіге экспедиция 1719 жылдың 15 (28) қазанында жетті. 

Сол себепті, капитен Урезов қайтар жолда, қазіргі Усть-Каменогорск тұрған жерде, бекіністе емес, аралда түнеді. Демек, 1719 жылдың 12 (25) қыркүйегінде Усть-Каменогорский бекінісі салынған емес. Княжецкий мырзаның мәлімдеуіне қарағанда, ол 1719 жылдың қазанында салынуы мүмкін. 1719 жылдың қазанынан  1720 жылдың мамырына дейінгі И.М Лихаревтың  хаттарында Усть-Каменогорск бекінісі туралы естеліктер жоқ. 

1720 жылдың көктемінде лейб-гвардиясының майоры Иван Михайлович Лихарев 1719 жылдың 18 қаңтарындағы  патша бұйрығымен экспедицияны «Зайсанға дейін өзі басқарды – оған жетсе көлдер, жағалаулар бар, ормандар бар және өмір сүру үшін қажеттіліктер бар, олай болса Зайсанға бекініс орнатуға және адамдарды тұрғызуға болады».

Осы жайлы 1720 жылдың 8 мамырында И.М.Лихарев айтқан болатын: «жорыққа шығудың қолайлы сәтін жоғалтып алмай, 8 мамырда Тобольсктен Зайсан көліне мен үш жеңіл желкенді қайықпен, менің жанымда штаб, қорғаушылар, унитер-офицерлер, солдаттар, артиллериялық қызмет етушілер мен оған жатпайтындар, барлығы жүз сексен тоғыз адам». Экспедиция құрамына «географияның оқушылары  Иван Захаров пен Петр Чичагов», «дәрігер шәкірттері Афанасий Некрасов пен Андрей Яковлев», «артиллериядан капитан-инженер Летранже», «кен шебері Фирс Запутраев» кірді.

1720 жылдың күзінде  И.М.Лихаревтың экспедициясының ізінше Сібір  губерниясынан  «азық-түлік толған желкенді қайық жіберілді, онда  слесарлық, токарлық, және  балташылық  құрал-саймандар және басқалар болды», «не болғанмен аз-маз кідірмелі тоқтау болмасын».  Экспедицияның қалай өткендігі жайлы Лихаревтың айтулары мұрағаттардан әзірге табылған жоқ. Бұл жорық жайлы толығырақ мағлұматтар  1760 жылы Тобольскіде жазылып, «Сібір шежірелерінде» жарияланбаған Иван Черепановтың  жазбаларынан таба аламыз. 

Зайсан көлінен И.М.Лихарев бекініс салуға қолайлы орын таппады,  Қара Ертіс бойынан жоғары қарай 12 күн бойы сапарын жалғастырды. Экспедиция кезінде 20 000 адамнан тұратын жоңғар қалмақтарына кезігуге тура келді. Қалмақтар Лихаревтың отрядына оқ жаудыра бастады. Солдаттар оққа оқпен жауап қайтарды. Үшінші күні қалмақтар Лихаревпен сөйлесуге адамдар жіберді. «Орыстардың ойына соғыс немесе күтпеген әрекеттерді бастау еш келмегендігі, бірақ  Ертіс өзенінің қайдан басталатынын және оның қайнар көзіне жету мақсаттарының болғандығын, сонымен қатар кен қазу орындарын іздегендігін» біліп алды. Сондай-ақ, егер қалмақтар мәжбүр етпегенде қару қолданбас едік... барлық түсіністіктерге байланысты өмір қайта құрылғандай болды».

      
Қайтар жолда, сол жерде «Ертісте, Алтай тауларынан аса бере өлкеге су құйылып жатыр, оның айтуы бойынша ол жерге бекініс тұрғызу мемлекетке тиімді емес. Олай болса Зайсан көліндегі бекіністің  салынуы Ертіс өзені бойындағы бекіністермен тұспа-тұс келсін». 

Ульба өзенінің сағасына Лихарев отряды 1720 жылдың 12-17 тамызында келді (автордың жаңа айтуы бойынша Ульба өзенінің сағасына Лихарев отряды 1720  жылдың -25-30 тамызында). Мұнда бекініс құрылысы жұмыстары басталып та кетті. Міне, осы жайлы «Летопись Сибирская» хабарлайды: «Ертіс өзені жағалауға  зиян келтіреді, сондықтан Усть-Каменогорск бекінісі өзеннен біршама алыс орналастырылды. Бірақ мұнда Ертіс қарсы әрекет көрсетті,  бекіністі неғұрлым алыс салғанмен, ол соғұрлым қол созымдай ғана жердей жақындай түсті. Лихарев құрылыс басталғанын күтпей,   ол істі өзіміздің арамызда ғана жүргізуге бұйрық берген еді, ал инженер-капитан Летранж құрылысты жүргізуде, яғни Семипалат бекінісінен командир қылып жіберілген подполковник Ступиннің айтуына жүгінді. Асығу оның дерті еді. Ол Тобольскіге 12 қазанда келді және өз сапарын еш кідірусіз Санк Питербурхқа жалғастырды».

Усть-Каменогорск бекінісі туралы алғашқы деректі мәліметтер «Ертіс өзені және оның бойына салынған бекініс» картасында бар және Лихаревтың Сенатқа өз қолымен жазған хатында бар. «Лейб-гвардия майоры Лихаревтың картасы 1720 жылдың желтоқсанында», 1721 жылдың 3 қаңтарында берілді. «Ал менің Зайсан көлінен келуім, - Лихаревтың Сенатқа жазған хатында, - менің командам Санкт-Петербург пен Москва полктерінің штабы, қорғаушылар, унтер-офицерлер мен солдаттар, және артиллериялық қызметкерлер жаңадан салынып жатқан Ертіс бекісінде  қалды. Ал бекініс жайлы бөлек-бөлек жеткізу қағаздары, бұл, репорт. Жеткізілген хаттарды,  умаждалған  жазылуларды, картаны, мен үкімет Сенатына тапсыруым керек болды. Лейб-гвардия майоры Иван Лихарев. 1721 жылдың 3 қаңтары».

Репортта, ары қарай  бекіністе офицерлер мен солдаттардың қанша қалғаны көрсетілген: «Семипалатта – бір мың тоғыз жүз тоғыз адам, соның ішінде Санкт-Питербурхтан жіберілген капитан инженер – біреу, полк дәрігері – біреу, дәрігер шәкірттері – екеу. Уба бекінісінде екі жүз тоқсан төрт адам. Усть Камень тауларында үш жүз алпыс үш адам. Осы бекіністе жиырма төрт адам шебер адамдар. 

Дәл осылай Усть-Каменогорск  бекінісінің тұрғызылуы басталған .... 

                                                                                              С.Е.Черных

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Носова Инесса. Copyright © 2010-2017
Рейтинг@Mail.ru