Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Архив тарихы

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты 1940 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазақ ССР Ішкі істер халық комиссариаты басқармасының мұрағат бөлімінің қарамағында құрылған. 

Қазақ ССР Ішкі істер халық комиссариаты (ІІХК-НКВД) басқармасының 1941 жылғы 31 қазандағы №68 бұйрығымен мұрағат бөлімі Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазақ ССР Ішкі істер халық комиссариаты басқармасының мемлекеттік мұрағаттар бөлімшесі болып қайта аталды. Облыс мемлекеттік мұрағаты мемлекеттік мұрағаттар бөлімшесіне бағынды. 1946 жылға дейін мұрағаттар бөлімшесінің, кейіннен мемлекеттік мұрағаттар бөлімшесінің бастығы  облыс мемлекеттік мұрағатының  директоры міндетін атқарды. 

КСРО Халық комиссарлары кеңесінің 1945 жылғы 2 қыркүйектегі №130092 өкімінің және КСРО ІІХК 1945 жылғы 12 қыркүйектегі №381 бұйрығының негізінде КСРО мемлекеттік мұрағаттары ғылыми-зерттеу мекемелерінің қатарына енгізілді. 

1946 жылы мемлекеттік мұрағаттар бөлімшесі Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазақ ССР Ішкі істер халық комиссариаты басқармасының мұрағат бөлімі болып қайта аталды, 1946 жылғы наурыздан бастап Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазақ ССР Ішкі істер министрлігінің қарамағына ауысты. Облыс мемлекеттік мұрағаты мұрағат бөліміне бағынды. 

1957 жылы мұрағат бөлімі Шығыс Қазақстан облыстық Еңбекші депутаттар кеңесі атқару комитетінің ішкі істер басқармасының бағыныштылығына көшті. 

Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1960 жылғы 17 маусымдағы №548 «Қазақ ССР Ішкі істер министрлігінің мұрағат басқармасын Қазақ ССР Министрлер Кеңесі жанындағы мұрағат басқармасына қайта құру туралы» қаулысын және Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің 1960 жылғы 30 маусымдағы №303 шешімін орындау үшін мұрағат бөлімі Шығыс Қазақстан  Еңбекші халық депутаттар кеңесі атқару комитеті жанында қызмет ете бастады. 

Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1963 жылғы 21 мамырдағы «Өлкелік және облыстық мемлекеттік мұрағаттарды құру туралы» қаулысына сәйкес облыс мемлекеттік мұрағатының Зайсан филиалы құрылды, Зайсан филиалының қызмет көрсету аймағы Зайсан қаласы, Зайсан ауданы және Күршім ауданы болды; 1963 жылы Зырян филиалы құрылды, оның қызмет көрсету аймағы Зырян қаласы, Серебрянск қаласы, Большенарым, Самар және Зырян аудандары болды. Облыс мемлекеттік мұрағатының бақылауына Лениногорск, Өскемен, Шемонаиха қалалары, Глубокое, Ұлан, Таврия, Шемонаиха аудандары кірді. Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1966 жылғы 11 қаңтардағы қаулысына сәйкес облыс мемлекеттік мұрағатының Лениногор филиалы құрылды, олар Лениногор қаласы мен Шемонаиха ауданына қызмет көрсетті. 

1967 жылға қарай облыс мұрағат мекемелерінің торабы толығымен қалыптасты және келесі мекемелерден тұрды:

1. Шығыс Қазақстан облыстық Еңбекші депутаттар кеңесі атқару комитеті жанындағы мұрағат бөлімі.

2. Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты.

3. Облыс мемлекеттік мұрағатының Зайсан филиалы.

4. Облыс мемлекеттік мұрағатының Зырян филиалы.

5. Облыс мемлекеттік мұрағатының Лениногор  филиалы.

1977 жылғы 7 қазаннан бастап КСРО Конститутциясына сәйкес Еңбекші депутаттар кеңесі Халық депутаттар кеңесі болып қайта аталды. Осыған орай мұрағат бөлімі Шығыс Қазақстан облыстық Халық депутаттары кеңесі атқару комитеті жанындағы мұрағат бөлімі болып аталды. 

1977-1991 жылдар кезеңінде облыстың аудандық-қалалық атқару комитеттерінің жанында жеке құрам бойынша шаруашылық есептегі аудандық, қалалық мұрағаттар құрылды, олар заңды тұлға құқығына ие болды, өздерінің мемлекеттік банкіде есебі болды, ұйымдастыру, кадрлық, қаржылық тұрғыда аудандық-қалалық атқару комитеттеріне бағынды, оларға ғылыми-әдістемелік басшылық пен бақылауды мұрағат бөлімі жасады.

Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің 1980 жылғы 18 желтоқсандағы №671 шешіміне сәйкес мұрағат бөлімі Шығыс Қазақстан облыстық Халық депутаттары кеңесі атқару комитетінің мұрағат бөлімі деп аталатын болды.

Мұрағат бөлімі, облыс мемлекеттік мұрағаты және оның филиалдары, сонымен қатар, жеке құрам бойынша құжаттардың шаруашылық есептегі мұрағаттары республикалық мұрағат басқармасы бекіткен штаттық кесте және еңбекақы қорымен  Қазақ ССР Министрлер Кеңесі жанындағы Бас мұрағат басқармасының біртұтас жүйесіне кірді. 

1992 жылғы 1 қаңтар жағдайындағы облыс мұрағат мекемелерінің жүйесіне мұрағат бөлімі, облыс мемлекеттік мұрағаты және оның филиалдары және жеке құрам бойынша құжаттардың 10 шаруашылық есептегі мұрағаттары кірді. 

Шығыс Қазақстан облыстық Халық депутаттары кеңесінің 1992 жылғы 20 ақпандағы 21 шақырудағы 9 сессиясының «Облкеңес атқару комитетінің бөлімдерін, басқармаларын және басқа құрылымдық бөлімшелерін тарату туралы» қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Ауыспалы кезеңде Қазақ ССР Конституциясының (Негізгі Заңының) жекелеген нормаларының әрекетін тоқтату туралы» Заңының  негізінде мұрағат бөлімі таратылды. 

Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігі Басшысының  1992 жылғы 9 наурыздағы №41 «Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігінің атқару-өкімдік органдары ұйымдарының құрылымын жетілдіру туралы» шешіміне сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігінің мұрағат бөлімі «…облыстық бюджетте тұрған басқару органы ретінде анықталды». 

Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігі Басшысының  1992 жылғы 13 тамыздағы №109 шешімінің негізінде мұрағат бөлімі Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігінің мұрағаттар және құжаттама басқармасы болып қайта ұйымдастырылды. Оның қарамағына облыс мемлекеттік мұрағаты кірді.

Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігі Басшысының 1992 жылғы 27 сәуірдегі №336-р Шығыс Қазақстан облысы аудандық және қалалық әкімшіліктері жанында жеке құрам бойынша аудандық және қалалық мұрағаттар құру туралы» өкіміне сәйкес жеке құрам бойынша құжаттардың шаруашылық есептегі мұрағаттары аудандық және қалалық бюджеттер есебінен ұсталатын аудандық және қалалық әкімшілік жанындағы жеке құрам бойынша аудандық және қалалық мұрағаттар болып қайта құрылды.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Конституциясының 87 бабына сәйкес 1995 жылғы желтоқсаннан бастап жергілікті және атқарушы органдарды тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің Әкімдері басқарды. Осыған байланысты мұрағаттар және құжаттама басқармасы Шығыс Қазақстан облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасы болып аталатын болды. 

Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің 1996 жылғы №1-63р «Облыстық атқарушы органдардың құрылымын жетілдіру туралы» Өкімімен мұрағаттар және құжаттама басқармасы Шығыс Қазақстан облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасы болып қайта ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 3 мамырдағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру бойынша әрі қарайғы шаралар туралы» Жарлығымен Семей облысы жойылды. 

Облыс мемлекеттік мұрағатының үш филиалына Аягөз (Аягөз және Үржар ауданына қызмет көрсету аясымен) және Шар филиалдары қосылды. Шар филиалы Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің 1997 жылғы 1 қыркүйектегі «Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданындағы мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру туралы» өкімінің негізінде 1997 жылғы 1 қарашадан бастап таратылды. Шар филиалының және Жарма аудандық мұрағатының негізінде Жарма және Көкпекті аудандарына қызмет көрсететін облыс мемлекеттік мұрағатының Жарма филиалы құрылды. Сөйтіп, облыс мұрағат мекемелерінің жүйесіне басқармадан, Семей қаласы Жаңа тарих құжаттамасы орталығынан және аудандық мұрағаттардан өзге облыс мемлекеттік мұрағаты мен оның бес филиалы кірді: Аягөз, Жарма, Зайсан, Зырян, Лениногор филиалдары. 

Шығыс Қазақстан облыстық Әкімдігінің 2009 жылғы 7 мамырдағы №65 «Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағат мекемелерінің кейбір сұрақтары» қаулысының негізінде облыс мемлекеттік мұрағаты мен оның филиалдары облыс мұрағаттар және құжаттама басқармасының құрамынан өз бетінше заңды тұлғалар ретінде бөлініп шықты.

     Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы № 10 «Мемлекеттік мұрағаттық мекемелердің қайта аталуы туралы» қаулысы бойынша «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты» Мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама бақармасының «Мемлекеттік мұрағаты» Коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қайта құрылды.

   2013 жылы қаңтар айында Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің 2013 жылғы 10 қаңтардағы № 2 «Шығыс Қазақстан облысының кейбір мемлекеттік мұрғат мекемелерінің қайта құрылуы туралы» қаулысы негізінде Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама бақармасының «Мемлекеттік мұрағаты» КММ филиалдары қайта құрылды:

- Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама бақармасының «Мемлекеттік мұрағаты» КММ Аягөз филиалы Аягөз және Ұржар аудандары қызмет көрсету аймақтарымен;

- Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама бақармасының «Мемлекеттік мұрағаты» КММ Жарма филиалы Жарма және Көкпекті аудандары қызмет көрсету аймақтарымен;

- Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама бақармасының «Мемлекеттік мұрағаты» КММ Зайсан филиалы Зайсан, Күршім, Тарбағатай аудандары қызмет көрсету аймақтарымен;

- Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама бақармасының «Мемлекеттік мұрағаты» КММ Зырян филиалы Зырян, Катонқарағай аудандары қызмет көрсету аймақтарымен;

- Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама бақармасының «Мемлекеттік мұрағаты» КММ Риддер филиалы Риддер, Шемонаиха аудандары қызмет көрсету аймақтарымен;

- ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік мұрағты» КММ әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындау бөлімінің негізінде құрылған Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама бақармасының «Мемлекеттік мұрағаты» КММ жеке құрамы бойынша Өскемен филиалы;

Шығыс Қазақстан облысы мұрағаттар және құжаттама бақармасының «Мемлекеттік мұрағаты» КММ қызмет көрсету аймағына: Өскемен қ., Глубокий және Ұлан аудандары кірген.

Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің 2013 жылғы 30 шілдедегі № 196 «Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы мен Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасының мемлекеттік мекемелерінің кейбір мәселері туралы» қаулысы бойынша «Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қосылу арқылы қайта құрылды. Соған байланысты, Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 250 «Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама бақармасының коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің және коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарының қайта аталуы туралы» қаулысы негізінде Шығыс Қазақстан облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік мұрағаты» КММ және оның филиалдары «Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама бақармасы» мемлекеттік мекемесіне бағынышты болды.

2019 жылы Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ Зырян филиалы қайта аталды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 821 Жарлығы негізінде Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданы мен Зырян қаласы Алтай ауданына және Алтай қаласына қайта аталды. Соған байланысты, 2019 жылдың 11 ақпанында Зырян филиалы әділет органдарында қайта мемлекеттік тіркеуден өтіп, Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ Алтай филиалы болып атанды.

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивінің бағыныстылығында 2020 жылы кезекті өзгерістер өтті. Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 188 Қаулысымен «Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі құрылды, соның бағыныштылығына Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві өтті.

 Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімшілік-аумақтық құрылысының   кейбір мәселелері туралы» 2022 жылғы 4 мамырдағы №887 Жарлығының негізінде Шығыс Қазақстан облысының құрамынан бөлініп, Семей қаласында әкімшілік орталығы орналасқан  жаңадан Абай облысы құрылды. Осыған байланысты, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 7 маусымдағы №138 қаулысымен Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік архиві құрамындағы Аягөз және Жарма филиалдары есептік тіркеуден алынып тасталды. Филиалдар жаңадан құрылған Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив істері басқармасының «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» ММ бағыныстылығына өтті.

 

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru