Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Ковешников Олег Иванович

Ковешников Олег Иванович-КСРО арнаулы орта білім беру ісініңүздігі, жазушы, өлкетанушы, Лениногор полиметалл комбинатының еңбекардагері.

Олег Иванович Ковешников 1947 жылы 13 қазанда Шығыс Қазақстан облысының Лениногор қаласында қызметкерлер отбасында дүниеге келген. Әкесі –Ковешников Иван Иванович, 1923 жылы туған, Алтай өлкесінің Варшава ауылынан. Анасы – Ковешникова (Черновтың қыз кезіндегі тегі) Афанасия Емьяновна, 1922 жылы туған, Красноярск өлкесінің Чернов қаласынан. Олег Ивановичтің ата-анасы, Ұлы Отан соғысының қатысушылары, 1945 жылы майданнан кейін Лениногорға келді. 1950 жылы отбасында әпкесі – Лариса дүниеге келді.

Иван Иванович әскериқ ызметші болған, осыған байланысты 1952 жылы ол Әскери-Әуе күштеріне, майдан ұшқышы ретінде, Өзбек КСР-нің Андижан қаласында шақырылды, 1953 жылы қайта даярлаудан кейін Батыс Беларуссияға жіберілді. Олег Ковешников 1955 жылдың қыркүйегінен бастап әскери қалашықта салынған № 3 мектептің 1 сыныбына оқуғатүсті. 1962 жылы Бүкілодақтық Ленин Коммунистік Жастар Одағының мүшесі болды. Ол орташа нәтижелермен оқыды, Нумизматика, филателиямен айналысты. 1963 жылы сәуірде әкесінің әскери қызметін аяқтауына байланысты отбасы Лениногорға оралды, Олег Иванович бір ай бойы № 18 мектепте оқыды.

1963 жылдың қыркүйегінде О.И. Ковешников Лениногор тау-кен металлургия техникумының бірінші курсына «Дәнекерлеу өндірісінің технологиясы» мамандығы бойынша оқуға түсіп, оқу кезеңінде бокспен айналысты. 1967 жылы 27 желтоқсанда Олег Иванович теориялық және практикалық бөлімде өте жақсы дипломдық жобаны қорғады. 1968 жылдың 3 қаңтарынан 1969 жылдың 11 желтоқсанына дейін Кеңес Армиясының Сібір әскери округінің зениттік-зымыран әскерлері қатарында қызмет етті, қызметтен кейін офицерлер құрамының әскери жиындары запаста өтті, 1985 жылы Ковешников Олег Ивановичке офицерлік капитанатағы берілді.

О.И. Ковешников 1970 жылы Томск политехникалық институтына сырттай оқу түрінде оқуға түсті. 1976 жылы дипломдық жобаны қорғап, оған «Дәнекерлеу жабдықтары бойынша инженер-механик» біліктілігі берілді.

1971 жылы 30 сәуірде Олег Иванович Шығыс Қазақстан облысы, Зырян қаласында 1950 жылы 10 қыркүйекте туған Людмила Анатольевна Монастыреваға үйленді. 1968 жылы Людмила Анатольевна Лениногор тау-кен металлургия техникумын «бухгалтерлік есеп және талдау» мамандығы бойынша бітірді. Отбасында 1972 жылы туған Игорь және 1978 жылы туған Владимир атты ұлдары өсті.

Томск политехникалық институтына қабылданғаннан кейін Олег Иванович Лениногор қаласына оралды, Лениногор полиметалл комбинатының ғылыми еңбек ұйымының зертханасында, комбинаттың қосалқы цехтарының Еңбек және жалақы бөлімінде Еңбек және жалақы инженері ретінде жұмыс істеді.  

«Мені әрқашан жаңалық элементтерімен жанды шығармашылық жұмыс қызықтырды. Мен оқыған техникумда дәнекерлеу пәндерінің оқытушысы ретінде жұмыс ұсынғанда, мен бас тартқан жоқпын», - деді Олег Иванович Ковешниковтың өмірбаянынан.

Лениногор тау-кен металлургия техникумында жұмыс істеген жылдары Олег Иванович дәнекерлеу және механикалық жабдықтар бойынша мамандықтардың материалдық базасын нығайту, оқитын пәндер бойынша теориялық материалды жетілдіру, оқушылар мен оқытушылар үшін курстық және дипломдық жобалау бойынша әдістемелік жұмыстарға көп уақыт бөлді. Бірнешерет техникум, қала, Министрлік басшылығының Алғыс хаттарымен марапатталды. «КСРО орта-арнайыбілім беру үздігі» одақтықбелгісіменмарапатталған.

1979 жылы Олег Иванович Ковешников қайта даярлау талабына байланысты «түсті металлургия зауыттарының жабдықтары» жаңа мамандығын игерді, әдістемелік қамтамасыз етуді дайындады және оқыту үшін әдеби база құрды. Мұнда Пәндік комиссия ұйымдастырылды, онда ол төраға болып тағайындалды.

1992 жылдан бастап О.И. Ковешников «Цветметавтоматика» механикалық учаскесінің конструкторы, кейін прорабы болып жұмыс істеді. 1994 жылдың ақпанынан бастап құрылыс учаскесінің бастығы, байыту фабрикасына арналған сұйық темір сульфатын өндіру учаскесінің бастығы, содан кейін реагент цехының бастығы болып байыту фабрикасына ауысып, 1997 жылы ұсақтау бөлімшесінің бастығы болып ауыстырылды.

1999 жылы Олег Иванович байыту фабрикасынан Риддер тау-кен металлургия кешенінің басқармасына бас механик бөлімінің жетекші инженері, 2004 жылы жөндеу және сервистік қызмет көрсету цехына, содан кейін өндірісті дайындау бөлімі бастығының орынбасары болып ауыстырылды.

2007 жылдан 2009 жылға дейін О.И. Ковешников «Казцинк Ремсервис» ЖШС Риддер алаңы, содан кейін Риддер тау-кен байыту алаңы басқармасының Өндірістік бөлімінде өндірісті дайындау бойынша жетекші маман болды.

2010 жылдың қазан айында Олег Иванович Ковешников жасына байланысты зейнетке шықты, Лениногор-Риддер қаласындағы оқу орындарының генеалогиялық зерттеулерімен, тарихымен және шежірелерімен айналысуға мүмкіндік пен уақыт келді.

2014 жылы Лениногор тау-кен металлургия техникумының тарихы туралы, 2016 жылы Лениногор орман техникумы туралы кітап жазды және басып шығарды. Көпжылдық ізденістер мен зерттеулерден кейін ол Черновтар тұқымдасының шежіресі туралы кітаптар шығарды («Енисей үстіндегі Крест», 2017 ж.) және Ковешниковтар тұқымдасы («Ковешники», 2018 ж.).

2018-2021 жылдар аралығында Олег Иванович Ковешников өзінің жеке мұрағатынан құжаттардың көп бөлігін Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ Риддер филиалының тәртіпсіз түрде сақтауға өткізді.Ғылыми-техникалық өңдеуден кейін 2021 жылы филиал маманы 338 құжаттан 30 іс құрды [1920 ж], 1929-1990, 1992-1995, 1998-1999, 2004-2009, 2011, 2014, 2017-2019, 2021 жж. «Ковешников Олег Иванович – КСРО орта-арнайы білім беру ісінің үздігі, жазушы, өлкетанушы, Лениногор полиметалл комбинатының еңбек ардагері» № 397 қорының № 1 тізімдемесін жасаған. Тізімдемеге түпнұсқалармен қатар құжаттардың көшірмелері де енгізілген. Бұл қаланың, облыстың, елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңыздылығын растайтын құжаттар.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru