Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Қорлардың сипаттамасы

Мекеменің, ұйымның, кәсіпорнының немесе жеке тұлғалардың қызметінде пайда болған құжаттардың кешені құжаттық қорды құрайды. Мекеменің немесе жеке тұлғаның құжаттық қорының саяси, ғылыми, әлеуметтік, мәдени немесе тарихи маңызы бар құжаттарының бір бөлігі мұрағаттық қорын құрайды және мемлекеттік сақтауға жатады.

Құжаттардың қандай қорға жатқызылуын айқындау құжаттарды тиесілі мекеменің немесе тұлғаның қорына жатқызудан турады. Бұл жұмыс құжаттарды зерттеу және қор ұйымдастырушының құжаттарының құрамына жатқызылуын айқындау негізінде жүргізіледі. 

2023 жылдың 01 қаңтарына Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ Риддер филиалында 131957 сақтау бірлігі сақталуда 269 қор, оның ішінде 73791 сақтау бірлігі 205 қор – басқару құжаттамасы және 828 сақтау бірлігі – ғылыми-техникалық құжаттама, 55095 сақтау бірлігі 49 жеке құрам бойынша қор және 1235 сақтау бірлігі 15 жеке тектік қор, 1008 сақтау бірлігі фотоқұжаттар.

 

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru