Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Архив тарихы

Өмірдің алды - ыстық, арты - суық,
Алды - ойын, арт жағы мұңға жуық.

Абай

Риддер қаласының мемлекеттік мұрағатыШығыс Қазақстан облысының Мемлекеттік мұрағатының Лениногор дербес бөлімшесі 25 қаңтар 1966 жылы Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің № 25 қаулысына сәйкес 13 сәуір 1966 жылғы Шығыс Казақстан облыстық еңбекшілер депутаттар Кеңесінің атқару комитетінің № 169 шешімімен құрылды.

Риддер қаласының мемлекеттік мұрағатыБастапқы, 1966 жылы мұрағат Гагарин көшесі, 8-ші үйде Лениногор қалалық және "Основные правила постановки документальной части делопроизводства и работы архивов учреждений, организаций и предприятий СССР" деген бір ғана әдістемелік әдебиеті болды. 1967 жылы мекеме Сталин көшесі (қазір Курека көшесі) 25 үйі бойындағы ағаш ғимаратқа көшті, оның көлемі 43 шарша метрге өлкейді, сонымен бірге алғашқы 5743 тұрақты сақталатын істерді қабылдауға мүмкіндік пайда болды. 1976 жылы мұрағат Киров көшесі, 12 үйге пайдалы көлемі 495 шаршы метр ғимаратына ауысты. Сол кезде Лениногор дербес бөлімшесінде мемлекеттік сақталуында 42 438 іс болған.

1998 жылында Лениногор дербес бөлімшесі Фрунзе көшесі, 44 үйіндегі көлемі 355 шаршы метр ғимаратында және Семенова көшесі, 13 үйі бойындағы көлемі 255 шаршы метр ғимаратында бөлмелер алып кеңейді. Қазір осында 90 жарым мың мұрағаттық істер сақталуда.

Дербес бөлімше Риддер - Лениногор қаласы мен Шемонаиха ауданының жинақтау көзі болып саналады да, мұрағаттық құжаттардың тұрақты сақталуын іске асырады. Мұрағаттық қызметі жан-жақты. 45 жыл ішінде мұрағат ғылыми-әдістемелік орталыққа айналды. Дербес бөлімшесінің құжаттарын қалалық және облыстық мекемелердің өлкетанушылары, ғылыми қызметкерлері, қала мектептерінің мұғалімдері, облыстық және республикалық жоғары оқу орындарының оқытушылары пайдаланады. Зерттеушілердің кейбіреулері ғылыми жұмыстарын мұрағаттағы тұрақты сақталатын құжатарды пайдаланып қорғады.

Облмеммұрағаттың Лениногор дербес бөлімшесі арнайы мекеме болып есептеледі, сондықтан оған маңызды мемлекеттік міндетті істер жүктелген:

  • Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағат қоры (ҚР ҰМҚ) құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
  • ҚР ҰМҚ мемлекеттік есебі;
  • ҚР ҰМҚ  құжаттарына ғылыми-анықтамалық ақпараттар құрастыру және дамыту;
  • ҚР ҰМҚ құндылықтарын сараптау негізінде жаңа құжаттармен жинақтау және дамыту;
  • Ұйымдастыру әдістемелік басқару және ведомстволық мұрағаттарының жұмыстары үшін және іс жүргізуде құжаттардың ұйымдасқанын бақылау;
  • ҚР ҰМҚ құжаттарын саяси, ғылыми, халық шаруашылық, әлеуметтік мәдени мақсатында пайдалану және де азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету;
  • Мұрағаттану, құжаттану, археография облысында ғылыми зерттеу жұмыстарын өткізу.

Сонымен, облмеммұрағаттың Лениногор дербес бөлімшесі Шығыс Қазақстан облысының Мемлекеттік мұрағаттық қызметінің негізгі бөлімінің бірі болып, ірі мұрағаттық жұмысты орындайды, мұрағаттық істің дамуын мемлекеттік жоспарында жүзеге асырады, облыстық мұрағаттық құрылысын әрі дамытуға едәуір үлес қосады.

Мұрағаттық қызметтің табысты болуы көбінесе дұрыс іріктеп алынған қызметкерлер құрамы мен олардың жемісті еңбектеріне байланысты. Басынан бастап, қызметкерлердің штаты түгел ұйымдастырылған. Олар: директор, бас және кіші ғылыми қызметкерлер, мұрағатшы мен бір техникалық қызметкер ғана болған. Мұрағаттық құрылуы, көтерілуі және дамуы мерзімдерінде жұмыс істеген адамдар - жігерлі, жұмысқа қабілетті, еңбекқор адамдар болып, мемлекет талап еткен мұрағат қызметінің маңызын, міндетін дәл түсінген.

Риддер қаласының мемлекеттік мұрағатында мемлекеттік мекеменің мәртебесін алумен және жұмыстың көлемі көбейуімен байланысты, 23 адам құрамында құрап қызметкерлердің  штаты өсті, солардың ішінде 11 маман (соның ішінде бухгалтер) және 12 күту қызметкерлер. 3 маманда жоғары білімі бар және 8 орта – техникалық білімі бар, олардың 3 жұмыстан тыс жоғары оқу орындарында оқиды. Мұрағаттың жұмыстың өтілі ортасында 9 жылдан астам құрайды.

1994 жылының 27 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 38, 41, 42 баптарына, 2001 жылының 23 қаңтарындағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару және өзара басқару туралы» Заңының 27 бабының 1 тармағының 22 тармақшасына, 2012 ж. 23 қаңтарындағы Шығыс Қазақстан облыстық Әкімдігінің № 10 «Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының мемлекеттік мұрағаты» ММ атауы Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Риддер қаласының мемлекеттік мұрағаты» КММ ауыстырылды.

1994 жылдың 27 желтоқсанынан Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 42,45,46 бабыларының, 2001 жылдың 23 қантарынан Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы »Заңының 27 бабының, 2011 жылдың 1 наурызынан Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 17 бабы 6 тармақшасының, 2013 жылдың 10 қаңтарынан Шығыс Қазақстан облыстың әкімиятінің «Шығыс Қазақстан облысының кез- келген мемлекеттік мұрағаттың мекемелерінің тіркеу туралы» № 2 Қаулысының сәйкестігінде Шығыс-Қазақстан облысының құжаттамалар мен мұрағағаттарды басқару «Риддер қаласының Мемлекеттік мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облысының құжаттамалар мен мұрағаттарды басқару «Мемлекеттік мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қосылған 2013 жылдың 22 ақпанынан  «Шығыс Қазақстан облысының құжаттамалар мен мұрағаттарды басқару» «Мемлекеттік мұрағат КММ бөлімшелерін құру туралы» бұйрығының келісімен 2013 жылдың 25 ақпанынан Шығыс Қазақстан облысының құжаттамалар мен мұрағаттарды басқару Риддер қаласының «Мемлекеттік мұрағат» КММ бөлімшесінің директоры Кузембаева Мунира Ғаббасқызы болып тағайындалған.

Шығыс Қазақстан облысы әкімшілігінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі «Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын қайта атау туралы» №250 қаулысының негізінде «Шығыс Қазақстан облыстық мұрағат және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта құруына байланысты «Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесіне біріктіру жолымен және «Шығыс Қазақстан облысы мұрағат және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта атаумен «Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағат және құжаттамалар басқармасы» болды, «Шығыс Қазақстан облысы мұрағаттар және құжаттамалар басқармасы «Мемлекеттік мұрағат» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі Риддер филиалы, «Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасы «Мемлекеттік мұрағаты» КММ Риддер филиалы болып өзгертілді.

16 жылғы 01 қаңтарында Риддер филиалында 22 адам қызмет етеді, олардың ішінде 13 маман, басшымен (орта жасы 40 жас), 9 адам – қызмет көрсету персоналы. Мұрағатшылар үнемі өздерінің кәсіби деңгейлерін жоғарылатып отырады: 7 маманда жоғары білім, 5- арнайы орта, 1 – орта білім, 1-маман жоғары оқу орнында білім алуда. Мұрағат жұмысының орта өтілімі 11 жылдан жоғары.

Мұрағат адам сияқты жыл сайын дана болып келеді, мұрағатта ата-бабаларымыздың тәжірибелері білімдері сақталған, мұрағатымыздық сақталуы қамтамасыз ету әрбір мұрағат қызметкерінің міндеті. Мұрағатты экономикалық, әлеуметтік-мәдени және тарихи маңызы бар  құжаттармен толықтыру, оларды дұрыс есепке алу, сақталуын қамтамасыз ету, пайдалану, қаланың, облысымыздың, мемлекетіміздің тарихы үшін маңыздылығын анықтау. 

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru