Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Сумин Андрей Васильевич

Сумин Андрей Васильевич (24.02.1919 ж. – 1986ж.) - Ұлы Отан соғысына қатысушы (1941 - 1945жж.), Кеңес Одағының Батыры, аға лейтенант, бейбіт уақытта-Дағыстан АССР коммуналдық шаруашылық министрлігінің Азаматтық қорғаныс инспекторы.

1919 жылы 24 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Бұқтырма ауданы Феклистка ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. 1937 жылы жеті жылдық мектепті бітіріп, 1938 жылы Лениногор тау-кен металлургиялық техникумына оқуға түсті. 1940 жылы Қызыл Әскер қатарына шақырылды.

167-ші атқыштар дивизиясының миномет батареясының командирі, кіші сержант А.В. Сумин Белоруссиялық КСР Баранович ауданында, Курск доғасында, Белгородты, Польшаны, Чехословакияны, Румыния мен Венгрияны азат етуде жауынгерлік іс-қимылдарға қатысты.

1943 жылдың 4 қарашасына қараған түні Жоғарғы лейтенант Суминнің майор Мерзлюк батальоны мен миномет батареясы маңында Днепрден өту кезінде бірінші болып жау жағасына өту, негізгі күштердің өткелінен 4 минометтерді отпен жабу үшін плацдармды басып алу және ұстап тұру міндеті қойылды. Фашисттердің шабуылы жеті рет соғылды. Батальон командирі саптан шыгып калды содан кейін қолбасшылықты Андрей Васильевич Сумин өзіне алды, тіпті контузиядан кейін де ұрысты басқаруды  жалғастыра берді. Батареяда оқ-дәрілер аяқталған кезде минометшілер әскерлермен бірге Киевті босатуға қатысты.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 10 қаңтардағы Жарлығымен аға лейтенант Андрей Васильевич Суминге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

1947 жылы Ленинград қаласындағы жоғары офицерлік мектепті бітіргеннен кейін миномет батареясының командирі, дивизион штабының бастығы болып қызмет атқарды. 1959 жылдың желтоқсанында отставкаға шықты. «Востокоблсельстрой» тресінің кадрлар бөлімінің бастығы (Өскемен қ.), 1964-1967 жж.-Дағыстан АССР коммуналдық шаруашылық министрлігінің Азаматтық қорғаныс инспекторы, Аспап жасау зауытының социалистік жарыс жөніндегі инженері (Махачкала қ.), 1968-1975 жж.- азаматтық қорғаныс штабында.

Қызыл жұлдыз және Қызыл Ту ордендерімен, екі «жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru