Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Купряжкин Николай Михайлович

Купряжкин Николай Михайлович – Ұлы Отан соғысының қатысушы (1941-1945жж.), еңбек ардагері, Коммунисттік еңбек екпіндісі

1926 жылы 24 қыркүйекте Алтай өлкесі Краснощекин ауданының Ново-Шипуново ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. Әкесі - Михаил Митрофанович, Қызыл Армияның офицері болған, анасы - Мария Ивановна, Варвара, Василий және Николайды тәрбиеледі. 1942 жылы Николай 7 жылдық мектепті бітіріп, комбайнер болып жұмыс істей бастады.    

Ұлы Отан соғысы басталды. 1944 жылы Николай Купряжкин Қызыл армияға шақырылды. Грузия әскери жолының (Ленинакан) күзетінде танк әскерлерінде қызмет етті. 1976 жылдың 18 ақпапында «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің отыз жылдығы» мерейтойлық медалымен марапатталды.

На военно-грузинской дороге, Купряжкин второй слева, 1945 г.

 

Старшина Н.М.Купряжкин с однополчанами (сидит справа), 1947 г.

1950 жылы демобилизациядан кейін старшина Купряжкин Шығыс Қазақстан облысындағы Лениногор қаласына келді, онда 1950 жылдың 29 желтоқсанынан Лениногор полиметалл комбинатының Сокольный кенішінде (1956 жылдан бастап, Лениногор кен орны) 5-ші дәрежелі шахтер, механик, газ-электрмен дәнекерлеуші, электрик болып жұмыс істеді.

На рабочем месте, 1970г.

1977 жылғы 3 қаңтардан бастап Николай Михайлович зейнетке шығуына байланысты жұмыстан босатылды.

Ұзақ және адал еңбегі үшін Н.М. Купряжкин келесі үкіметтік наградалармен марапатталды: «Ерен еңбегі үшін», «Еңбегі ардагері» медальдары, «Адал еңбегі үшін. В.И. Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай», «Кеніш ардагері» мерейтойлық медальдары (лениногор (Сокольный) кенішінің 24, 30 жылдығы,1970, 1975жж.), «Еңбек пен қорғанысқа дайын» (V деңгей), «Коммунистік еңбек екпіндісі. Ленин», белгілері, сондайақ жаңашыл ұсыныстарды енгізгені үшін алғыстар және ақшалай сыйлықтары бар.

1977 жылғы 21 қазанда Николай Михайлович Купряжкин жүректің ишемиялық ауруынан қайтыс болды.

Жұбайының жанында 11 жыл Анна Георгиевна Суслова болды, тыл еңбеккері, («1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін» медальімен марапатталған), еңбек ардагері. Ерлі-зайыптылар екі бала тәрбиеледі - Анатолий мен Марина, 2 немерені тәрбиелеуге көмектесті.

Семья Купряжкиных, 1976г.

Ұлы Отан соғысының қатысушысы Купряжкин Николай Михайловичтің құжаттары 2017 жылы қызы Купряжкина Марина Николаевна мен өтеусіз ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ Риддер филиалына сақтауға берілді. Жүйеленгеннен кейін 1914-1915, 1934,1942, 1944-1983, 1987-1988, 1990-1991, 1994-2000, 2004, 2009, 2017 жылдардан 107 құжаттынан 9 сақтау бірлігі қалыптастырылды, жеке тектік құжаттардың коллекциясы "№53 Қорының тұрақты сақталатын істердің №1 тізімдемесін жалғастырды» Тізімдемеге Анна Георгиевна Купряжкина (Суслова), Николай Михайлович жұбайы, тыл еңбекгерінің 36 құжаты енгізілді.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru