Колесников Николай Никифорович
Колесников Николай Никифорович - Құрметті Металлург, еңбек ардагері, дербес зейнеткер, Лениногор қаласының Құрметті азаматы.
1939 жылдың 12 сәуірінде Шығыс-Қазақстан облысы Риддер қаласында (1941 жылыдң 06 ақпанынан бастап – Лениногор қ.) шаруа отбасында дүние келген. Әкесі, Никифор Григорьевич 1941 ж.т., қорғасын зауытында еріткіш болып жұмыс істеген. 1941 жылдың желтоқсанында Төлеген Тохтаровпен бірге өз еркін фронтқа кетті. 1943 жылы Курс доғасындағы шайқаста хабар-ошарсыз жоғалған. Анасы, Александра Андреевна (қыз кезіндегі тегі Козыренко) 1913 ж.т. қорғасын зауытының бытовкасында жұмыс істеген (2003 жылдың наурыз айында қайтыс болды). Ағасы, Михаил 1937 ж.т. қорғасын зауытында токарь болып жұмыс істеген 1956 жылы қайтыс болған.
Николай Колесников 8 сынып бітірді. Мектеп оқушысы бола тұра Цветник клубындағы рухани оркестрінде өнер көрсеткен, 1955 жылы киномеханик курстарын бітірді. 1957 жылы Таукен өнеркәсіп оқу орынын бітірген соң агломераторшы мамандығын алды. Қорғасын зауытына агломерационды цехына жұмысқа жіберелді, онда ол өзінің еңбек қызметін жұмысшы ретінде бастады. 1957 жылдан бастап (ЛПК) Лениногорск полиметал комбинатындағы металлургия жұмысшыларының кәсіподақ комитетінің мүшесі. Қорғасын зауытының рухани оркестрінде өнер көрсеткен. 1959-1962 жылдары - Кеңес әскері қатарында қызмет етеді. Кіші сержант Николай Колесников Туркменияда әскери рухани музыкалық ротаның аға оркестрі болды.
Цветник клубындағы рухани оркестр, Коля Колесников сол жағынан үшінші, 1950-жылдардың басы
Әскерден келген соң өз туған қаласына, зауытына оралды.1962 жылдың қарашасынан -1969 жылдың сәуіріне дейін аглоцехтің шаң түсірушісінен аға шихталаушысына дейін барлық кәсіптерді меңгерді. 1968 жылы Николай Никифорович 3-жылдық шеберхана мектебін бітірді, ал 1977 жылы агломератшы қызметіне ауысты. 1970 жылдың ақпанынан бастап Кеңес Одағының комунистік партиясының мүшесі.
26-шы ШҚ облыстық партиялық конференциясының делегаттары, 10-11.01.1986.
1984 жылдың 01 мамырындағы №53 нөмірінде «Лениногорская правда» газетінде жазылған: «... Ауысым шеберсіз қалаған күндері оның оңай емес жұмысын кім атқарады деп дау шықпаған: түсінікті оны Колесников атқарады. Оның атағы жер жармайды, бірақ өте берік, зауыттағы отыз жыл қызмет атқарған кезінен бастап ақырындап жинақталған. Білімі, іскерлігі жоғарғы дәрежедегі агломератшыға жетпейді, бірақ ең бастысы - коммунист Колесниковты белсенді өмірлік ұстанымы, әрекет қабілеті, қабылдаған шешімдеріне жауапкершілік алуы... Үш жылдай ауысымды Н.Н. Колесников басқарды және ұжым өте жақсы жұмыс атқарды...
Колесниковтың ауысымы, 1970-жылдар
Екі дәрежелі еңбек даңқы орденінің кавалері Н.Н. Колесников цех ұжымын абыроймен таныстырып, жолдастарының сенімін ақтап, зауыттың профкомы және партбюро мүшесі болып, полиметалды комбинат парткомының, жауапкершілігі үлкен қоғамдық жұмыс атқарады».
Лениногор қалалық халық депутаттар Кеңесінің атқарушы Комитетінің 1986 жылдың 10 маусымындағы №224 шешімімен әлеуметтік-экономиканың дамуына үлкен үлес қосқаны үшін, қоғамдық қала өміріне белсенді қатысқаны үшін Лениногорсктің орныққанына 200-жыл толуына орай Колесников Николай Никифоровичке «Лениногорск қаласының құрметті азаматы» атағы берілген.
Н.Н. Колесников, Риддера-Лениногор қ. құрметті азаматы, 2000-жылдар
Н.Н. Колесников қорғасын зауытында жұмысшы, бригадир, шебер ретінде 35 жыл қызмет атқарған. Осы уақыт аралығында үкімет наградалалырымен - 2-ші және 3-ші дәрежелі Еңбек даңқы ордендарымен, «Еңбек ардагері» медалімен, «Құрметті Металлург» белгісімен, Лениногор қорғасын зауытына 60-жыл толуына орай мерейтойлық медалімен, қаланың 200-жыл толуына орай және де грамоталармен, алғыс хаттармен марапатталған.
«Құрметті Металлург» белгісі
1989 жылы Колесников Николай Никифорович зейнеткелікке шықты. Ол - қаланың дербес зейнеткері, қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысқан, қорғасын зауытынң ардагерлер Кеңесінің төрағасы және қала ардагерлер Кеңесінің төрағасы болған. 1993 жылдан бастап - кәсіптік аурулар мен еңбек жарақаттары бар адамдардың құқықтарын қорғау комиссиясының мүшесі. Комиссия АҚ «Лениногор по-лиметалды комбинат» ардагерлер Кеңесі кезінде құрылған.
Жұбайы Колесникова Анна Абрамовна екеуі екі қызды тәрбиелеп өсірді, Ольга және Елена. Екі немерелері бар.
Колесников Николай Никифорович 2015 жылдың желтоқсан айында қайтыс болды.
2014 жылы Н.Н. Колесников өзінің жеке архивінің жарты бөлігін көшірме түрінде (фотосуреттердің түпнұсқалары бар) өтеусіз ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ Риддер филиалына жинақталмаған күйінде сақтауға берді. Жүйеленгеннен кейін 1930, 1942-1943, 1950-1990, 2001-2002, 2007, 2011-2013 жылдардан 74 құжаттынан 7 іс қалыптастырылды, олар №365 Қордың №8 тізімдемесінің "Лениногор қаласының құрметті азаматтарының жеке тектік құжаттарының топтамасы" енгізілді.