Кузембаева Динам Абдразаковна
Кузембаева Динам Абдразаковна — сот жүйесінің ардагері, еңбек ардагері, зейнеткер, Риддер қаласының Құрметті азаматы.
Кузембаева Динам Абдразаковна 1924 жылы 20 желтоқсанда Семей губерниясы Абай болысы, Қайнар ауылында дүниеге келген. Әкесі, Кузембаев Абдразак 1881-1961жж. Анасы, Рабиға Айтауқызы 1900-11.02.1988жж.
1936 жылы Кузембаевтар отбасы жалданып Риддер қаласына келеді, ол кездері Үлбі су қоймасы мен Үлбі ГЭС салынып жатқан еді. 1938 жылы Абдразак Кузембаев буын ауруымен ауырып қалады. 1941 жылы өз бригадасына қайтып оралып, деривациялық құбырларды салу жұмыстарын атқарған еді, Үлбі ГЭС суын іске қосуға қатысқан. Оған «Стахановшы» атағы берілді, ол атақты өмірінің соңғы күніне дейін абыроймен алып жүрді.
Ұлы Отан соғысы басталғанда Динам Кузембаева 16 жаста еді. Ол спортпен белсенді айналысқан, (коньки, шаңғы) әр түрлі би, драмалық үйірмелерге қатысқан. Сонымен қатар, 10 сыныпта оқып жүріп, Динам бастауыш сынып қыздарына би үйретіп, спектакльдерде ойнаған.
Көптеген ұстаздар мен оқушыларды майданға әкетіп жатты. 1944 жылы Динам мектепті аяқтады. Мұғалімдердің жетіспеушілігіне байланысты, Лениногор қалалық халыққа білім беру бөлімі 1944 жылдың 24 қазанында №129 бұйрықпен, мектеп директоры Кабанова Нина Петровнаның ұсынуымен Д.А. Кузембаева Үлбі 2 аудандағы орта мектебінің бастауыш сыныптарына дене шынықтару сабағы мұғалімі болып тағайындалды. Сондай-ақ, жоғарғы сыныптарда әскери істер сабағын (мылтықты жинау және бұзу, противогазды қолдану әдістері) өткізді.
1945 жылдың 1 қыркүйегінде Өскемен сауда техникумына түсті, кейіннен әкесінің ауруының асқынуына байланысты қайта оралуына тура келді.
«Алтайсвинецстрой» трест орман зауытының ағаш өңдеу комбинатына паспортшы болып қабылданды, содан соң кадр бөліміне, хатшы, іс жүргізуші болып ауысты, 1950 жылдың сәуірінен бастап – орман зауытының жоспарлау бөліміне статист болып жұмыс атқарды.
1948-1949 жылдары Динам Кузембаева орман зауытынан 4-ші участокке халықтық қосшы биі болып сайланды, 1948 жылы – халықтық қосшы биінен сот төрешісінің орынбасары болып, ал 1950 жылы сот орындаушысы болып жұмыстар атқарды. Сырттай заңгерлік мектепке оқуға түсті.
1951 жылдың 20 қыркүйегінде Динам Абдразаковна ШҚО Лениногор қаласының 4-ші учаскесінің халық төрешісі болып тағайындалды, 1954 жылдың 13 желтоқсанынан бастап 2-ші учаскенің халық төрешісі болды. 5-ші учаскені Қалалық сотпен біріктіруіне байланысты, 1960 жылдың 13 желтоқсанынан бастап Лениногор қалалық сотының халық төрешісі болып қайта сайланды, 1980 жылдың 24 наурызынан бастап сот төрайымы болып тағайындады.
Жұбайы майдангер, Курс Доғасы соғысына қатысушы, Илияс Ауанович Ауановпен бірге Динам Абдразаковна ұлы Ерсұлтанды (4 желтоқсан 1947ж.т.) тәрбиелеп жеткізді.
1970 жылдың сәуірінде еңбекшілерге коммунистік тәрбие беру жөнінде В.И. Лениннің туылғанына 100-жылдығын таныстыруда белсенді жұмыстар атқарғаны үшін Динам Абдразаковна құрмет дипломымымен және құнды сыйлықтармен (М. Әуезовтың «Абай жолы» кітабының 2 томы) марапатталды. Қазақстанның Қалалық комитеті коммунистік партия бюросының және Лениногор қалалық орындаушы комитетінің Кеңес халықтық депуттарының Қаулысымен 1977 жылғы 21 қазанда Д.А. Кузембаева Лениногор қаласының Құрмет Кітабына енгізілді, 1979 жылдың 30 сәуірінде Коммунистік Еңбек Екпіндісі атағы берілді.
Лауазымдық міндетін кіршіксіз орындағаны үшін және қомдық жұмыстарға белсенді қатысқаны үшін, Кузембаева Динам Абдразаковна, Шығыс Қазақстан облысы Лениногор қалалық халық сотының халықтық төрешісі, СССР әділет Министрлігінің Коллегиясы және ОК Президуымының кәсіподағының мемлекеттік қызметкерлері Құрмет грамотасымен марапатталды.
1982 жылдың 21 маусымында халық төрешісі лауазымынан және Лениногор қалалық халық сотының төрайымынан зейнетке кетуіне байланысты босатылды. 1982 жылдың 1 қарашасынан бастап Лениногор мемлекеттік нотариалдық конторында аға нотариус болып тағайындалды, онда 1984 жылдың қыркүйек айына дейін жұмыс жасады.
Динам Абдразаковна қалалық комитет партиясы коммиясының паритя мүшесі, апртиялық ұйым хатшысы және партиялық бюроның алғашқы прокуратураы және сот ұйымдарының мүшесі, қалалық Кеңестің халық депутаттарының депутаты болып сайланды. Тыл еңбеккері, дербес зейнеткер, 2006 жылдың 18 қазанында Д.А. Кузембаеваға «Риддер қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді. 2007 жылдан бастап - «Отан» партиясының мүшесі, 2004 жылдың 23 желтоқсанына бастап - «Асар» Республикалық партиясының мүшесі. 2012 жылдың 24 қазанына бастап Кузембаева Динам Абдразаковна қалалық Кеңес ардагерлеріның Құрмет кітабына енгізілді.
Көптеген үкіметтік наградалармен марапатталған: «Ветеран труда», «За доблестный труд. В ознаменование 100 - летия со дня рождения В.И. Ленина» (1970, 1979жж.) медальдарымен, « В.И. Ленинге 100-жыл» Құрмет дипломымен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісіне 50, 60, 65 жыл» мерейтой медальдарымен, Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапатталды.
Д.А. Кузембаева 2012 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты төрағасының «Сот жүйесінің ардагері» атты медалімен марапатталды.
Динам Абдразаковна қазіргі уақытта да қоғамдық жұмыстармен айналысады – қалалық Кеңес ардагерлерінің мүшесі, 2004 жылдан бастап 2012 жылға дейін зейнеткерлер арасында тегін заңгерлік кеңестер жүргізді, қалалық іс – шараларға белсінді қатысушы.
Д.А. Кузембаева 2016 жылдың 18 желтоқсанында ұзаққа созылған ауруынан кейін қайтыс болды.
2014 жылы Д.А. Кузембаеваның жеке қорның үлкен бөлігі қайтарымсыз «Мемлекеттік мұрағат» КММ Риддер филиалына тапсырылды, Жүйеленгеннен кейін 101 құжаттан 10 іс қалыптасты 1943, 1950-1970, 1973-1975, 1977, 1979-1982, 1990-2000, 2002-2014 жж. № 9 қор № 365 «Лениногор-Риддер қаласының Құрметті азаматының жеке қор құжаттар жиынтығы» құрылды .