Москвина-Силаева Зоя Гавриловна
Москвина-Силаева Зоя Гавриловна - КСРО және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау үздігі, Еңбек ардагері, дербес зейнеткер, Лениногор қалалық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі, Лениногор қаласының Құрметті азаматы.
Алма-Ата қаласында Казақ КСР көп балалы отбасында 1935 жылдың 03 ақпанында дүние келді. Әкесі - Москвин Гаврил Алексеевич, 1960 ж.т., қалалық азық-түлікпен жабдықтау бөлімінің бас бухгалтері, Ленинград түбіндегі Отанымызды неміс-фашистік басқыншылардан қорғау үстінде 1941 ж. қайтыс болған. Анасы Скоропад - Москвина Анастасия Ивановна 1907 ж.т. үй шаруасындағы айел, бес баланы тәрбиелеп өсірді (1981 ж. қайтыс болды). Соғыс жылдары Анастасия Ивановна тәулік бойы тігін бөлімінде жауынгерлерге шинель тігумен айналысты. Балалар қарт әжесі мен өмір сүрді.
10 сынып оқушысы бола тұра Зоя Москвина 1951 жылдың шілдесінде Алматы қаласында өткен Қазақстан жастарының бірінші фестиваліне қатысты.
Москвина Зоя Қазақстан жастарының бірінші фестивалінде, шілде 1957ж.
1958 жылы Казақ Мемлекеттік Медициналық институтының педиатр факультетін бітіріп дәрігер біліктілігін алды. Бөлу бойынша Өскемен қаласына келді. Энцефалит індетіне байланысты жас маман ретінде іс-сапармен екі күнге Лениногорск қаласына жіберілді, онда өзін білікті маман ретінде көрсетті. 1958 жылдың 22 тамызында Москвина біріккен Балалар ауруханасына дәрігер-педиатр ретінде қабылданды. Қазан айында медициналық көмек көрсету ісінде жеделдігі үшін қызға алғыс жарияланды.
Балалар ауруханасында қабылдауда, 1950-ж.
1960 жылдың 20 тамызынан бастап №1 емхана меңгерушісі лауазымына ауыстырылды, 1965 жылдың 24 наурызынан бастап емдеу бөлімі бойынша бас дәрігердің орынбасары, 1967 жылдың 01 сәуірінен бастап балалар Біріккен ауруханасының бас дәрігері, 1975 жылдың 01 шілдесінен бастап Лениногор қалалық атқару комитетінің қалалық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі.
КСРО Денсаулық сақтау Министрінің 1970 жылғы 08 тамыздағы №409 н бұйрығымен З.Г. Силаева "Денсаулық сақтау үздігі" белгісімен марапатталды. 1973 жылы КСРО Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамдары одағының мерейтойлық медалімен марапатталды. Кеңес бейбітшілік қорының жұмысына белсенді қатысқаны үшін- құрметті жетонымен марапатталды. 1972 жылы Қазақстан Компартиясының Лениногор қалалық комитеті жанындағы Марксизм-ленинизм университетінің насихат факультетін бітірді. 1975 жылдың тамызынан бастап Кеңес Одағының Коммунистік партиясының мүшесі. Облыстық және қалалық Халық депутаттары Кеңесінің депутаты Зоя Гавриловна Силаева Шығыс Қазақстан облыстық партия конференцияларының 24, 25 делегаты болып сайланды. 1980 жылдан - Қазақстан Компартиясы Лениногор қалалық комитетінің мүшесі, 1983 жылдан - Лениногор қалалық партиялық ұйымының тексеру комиссиясының төрағасы, қалалық партиялық конференцияларға, қоғамдық саяси шараларға қатысты.
Құрмет Грамотасы
1979 жылы маусымда Алматы қаласында өткен Қазақстан педиатрларының 2-ші съезінің делегаты, З.Г. Силаева Новокузнецк қ. және Минск қ. Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасында қалалық Денсаулық сақтау бөлімдерінің меңгерушілеріне және олардың орынбасарларына арналған жетілдіру циклінен өтті. 1988 жылы (17-19 қазан) Мәскеуде өткен Бүкілодақтық дәрігерлер съезіне делегат болып сайланды. Медицина қызметкерлері кәсіподағының қалалық комитеті Президиумының қаулысы негізінде (1985 жылғы 24 қаңтардағы №4 хаттама) социалистік жарыста қол жеткізген жоғары өндірістік көрсеткіштері үшін Зоя Гавриловна Лениногор қалалық денсаулық сақтау бөлімінің Құрмет Кітабына енгізілді.
Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің "Халықты диспансерлеудің өзекті мәселелері" кітабына, Аймақтық патология ғылыми-зерттеу институтына, Алматы Еңбек Қызыл Ту орденіне мемлекеттік медициналық институтына (Алматы, 1986 ж.) енген "Лениногор қаласының халқын Жалпыға бірдей диспансерлендіруді жүргізу тәжірибесі" мақаласының бірлескен авторы.
Лениногор қалалық Халық депутаттары Кеңесінің Атқарушы комитетінің 1986 жылғы 10 маусымдағы № 224 шешімімен Силаева Зоя Гавриловнаға қаланың Құрметті азаматы атағы берілді.
Сокол стадионының трибунасында З.Г. Силаева күйеуімен бірге, 10 маусым 1986ж.
1996 жылдың 26 ақпанында З.Г. Силаева еңбегі сінген демалысқа шықты. 2011 жылдың 01 қарашасына дейін Қалалық №1 ауруханасында өзінің тәжірбиесін беруді жалғастыра отырып, - денсаулық сақтау бөлімінің бас маманы, методист-дәрігер болып жұмыс істеді.
2005 жылғы ақпанда, Зоя Гавриловнаны 70 жылдығымен құттықтай отырып, Риддер қаласының әкімі Ш. С. Буктугутов: "... Сіз қайда жұмыс істесеңізде, барлық жерде өзін жоғары білікті маман, жақсы ұйымдастырушы, шебер басшы ретінде танытасыз. Сізді әрдайым жоғары жұмысқа қабілеттілік, жауапкершілік, іске шығармашылық көзқарас, адамдарға деген сезімтал және мұқият көзқарас ерекшелейді...".
2005 жылдың қыркүйек айында. З.Г. Силаева Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сенімді өкілі. Қазақстан Республикасы Президенттігінің үміткеріне қолдау көрсету жөніндегі қоғамдық штабтағы жұмысы үшін Силаева Зоя Гавриловнаға ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың атынан алғыс жарияланды.
2013 жылы З.Г. Силаева өзінің жеке архивінің үлкен бөлігін өтеусіз ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ Риддер филиалына сақтауға берді. Жүйеленгеннен кейін 1920-1930, 1951-1958, 1960-1999, 2004-207, 2009, жылдардан 194 құжаттынан 17 іс қалыптастырылды, олар №365 Қордың №6 тізімдемесінің "Лениногор қаласының құрметті азаматтарының жеке тектік құжаттарының топтамасы" енгізілді. Тізімдемеге уролог-дәрігер, хирург, Денсаулық сақтау үздігі, Алексей Евгеньевич Силаевтың, Қазмырышдағы экология және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы, Зоя Гавриловнаның күйеуі мен ұлы Евгений Александрович Силаевтың құжаттары енгізілген. Бұл құжаттар біздің қала үшін тарихи құндылық болып табылады.
Зоя Гавриловна, Максим, Алексей и Евгений Александрович Силаевтар, 1970-жылдардың басы
Төсбелгіге куәлік