Михайленко-Черепанова Раиса Анисимовна
Михайленко-Черепанова Раиса Анисимовна - еңбек ардагері, Лениногор қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің бұрынғы директоры, Риддер қаласының құрметті азаматы.
Раиса Анисимовна 1943 жылдың 10 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданының Митрофановка ауылында дүниеге келген. Ата-анасы Митрофановка орта мектебінде жұмыс істеген, Анисим Васильевич (1917-1963) директор болған, Полина Григорьевна (1919-2003) - орыс тілі және әдебиет мұғалімі болған. Михайленко отбасында 4 бала болған: Рая, Тамара, Юля жане Василий.
Раиса Михайленко ауыл мектебін бітіргенен кейін Казақ КСР министрлігінің жоғарғы және орта білімді Абай атындағы Семей кітапхана техникумына «кітапхана ісі» мамындығы бойынша түсті. Бітіргенен кейін Лениногор қалалық мәдениет бөліміне жолданды, 1961 жылы қалалық балалар кітапханасының меңгерушісі болып тағайындалды.
1963 жылы 20 сәуірінде Н.В. Гоголь атындағы қалалық кітапхананың меңгерушісі болып тағайындалды, 1964 жылдың 17 науырызынан бастап оқу залының меңгерушісі болып, 1975 жылдың 1 шілдесінен бастап кітапханалардың орталықтандырылуына байланысты Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің (ОКЖ) директоры болып тағайындалды және осы лауазымда ол 18 жыл жұмыс істеді. 1982 жылы Мәскеу қаласында мәдениет қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарында оқу оқыған.
1970 жылдан Кеңес Одағы коммунистік партиясының мүшесі Раиса Анисимовна қаланың қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқан: ХХVII Шығыс Қазақстан облысы партия конференциясының, XXXII, XXXIII, XXXV Лениногор қалалық партия конференциясының делегаты, қала партия конференциясы ревизия комиссиясының мүшесі, қалалық сайлау комиссиясының сайлауы бойынша қалалық халық сотының халық отырыс өткізушісі болған. (1985 ж).
1974-1976 жж Марксизм-ленинизм университетінде саяси білім беру жүйесінде партиялық оқу орынының жоғарғы оқуын оқыған. Ұлы Қазан оқиғасының 60 жылдығына орай 1977 жылдың 21 қазанында Лениногор қаласының Құрмет кітабына енгізілген.
1993 жылы Раиса Анисимовна еңбегі сіңген демалысқа шықты. Пенсияда бола тұра, 1993 жылдың 11 қарашасында жетекші әдіскер лауазымына ауыстырылған. 1999 жылдың 26 сәуірінен бастап Гоголь атындағы ОКЖ бөлімдерінің қайта ұйымдасуына байланысты Черепанова Р.А. ақпарат, маркетинг, жарнама бөлімінің меңгеруші лауазымына тағайындалды, онда 2013 жылға дейін жұмыс істеген.
2005 жылдың 17 қыркүйегінде Р.А. Черепанова Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Н.А. Назарбаевтың сенімді өкілі болды, сайлаудың жүргізілуіне және оның дайынлауына үлес қосқаны үшін Риддер каласы әкімі Ш.С. Буктугутовтан алғыс хат алған.
Риддер қалалық маслихатының VIII сессиясының шешімімен IV жинақтауының № 8/2 — IV 2008 жылдың 12 мамырынан, қала алдында ерекеше еңбек сіңіргені үшін, Черепанова Раиса Анисимовнаға бір есімді кітапқа есімінің жазылуымен «Қаланың кұрметті азаматы» атағы берілген.
Р.А. Черепанова үкіметтік наградалармен марапатталған: КСРО мәдениет Министрлігінің «Жақсы жұмыс атқарғаны үшін» белгісі, «Ерен еңбегі» медалі, Владимир Ильич Лениннің туылғанына 100 жыл толыуының құрметіне», «Еңбек ардагері» медалі, «Әлеуметтік жарыстардың жеңімпазы 1973, 1977» белгісі (1974,1978 жж), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалі, Әлеуметтік жарыстардағы жетістіктері үшін В.И. Лениннің туылғанына 110 жыл толуының құрметіне Ленин құрмет грамотасымен, Қазақ КСР Жоғарғы кеңес Президиумының құрмет грамотасымен, Бүкілодақтық ұйымдастыру комитетінің кітапхана жұмысын байқау, Қазақ КСР кітап сүйгіш ерікті қоғамының Басқармасы, тағы басқа грамоталар мен алғыс хаттар мен, Шығыс Қазақстан облысы өкілі және атқарушы органдарының құттықтау мекенжайларымен, қаланың қоғамдық ұйымдарының қол жеткізген жоғары өндірістік көрсеткіштері үшін, кітаптарды белсенді насихаттағаны үшін, қала еңбекшілерін және жастарды патриотқа тәрбиелегені үшін марапатталған.
2017 жылы Р.А. Черепанова жеке отбасылық мұрағатының үлкен бөлігін өтеусіз ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ Риддер филиалына жинақталмаған күйінде сақтауға берді. Жүйеленгеннен кейін 1942 -2017 жылдардың 143 құжаттынан 9 іс құрастырылып, «Лениногор -Риддер қ. Құрметті азамат құжаттар Коллекциясы» № 365 қорының № 11 тізімдемесіне кірді.