Шегай Михаил Борисович
Шегай Михаил Борисович (1939 -2018 жж.) – Қазақ ССР халықты ағарту ісінің үздігі, корей диаспорасының Ұлттық-мәдени орталығының басқарушысы.
Шегай Михаил Борисович 1939 ж. 31 шілде айында Қызылорда облысы Жаңа-Қорған ауданының Тюмень-Арық станциясында, Қазақстанға Алыс Шығыстан 1937 жылы қуғындау бойынша көшіп келген Шегай Бенмука және Ким Софяның отбасында дүниеге келген. Білімі – орта-арнайы.
Әскерден кейын коммунистикалық жастар одағының Курстық облыстық комитетінің жолдамасы бойынша Михаил Борисович біздің Лениногорға келді. 1963 жылы №3 таулы өндірістік училищесіне түседі, 1965 жылға қыркүйек Лениногор полиметал комбинатының ЖЛКЖО 40-жылдығы атындағы кенінде бұрғылаушы болып жұмыс істейді, бос уақытта Мәдениет Сарайының симфоникалық оркестірінде ойнады.
1965-1970 жж. Шегай М.Б. Өскемен қаласындағы музыкалық училищесіне Музыканың теориясы оқыды, осы кезде Мәдениет сарайының музыкалық студиясында музыка-теориялық пәндерінің ұстазы болып жұмыс істеді, басқа фольклорлы музыкалық аспаптарда ойнады. Ал 1971 жылының 1 қыркүйегінен – мұғалім музыка теориялық пәндердің Лениногор музыкалық мектебінде, ал қарашасынан бастап оқу бөлімінің меңгерушісі болды, ал 1973 жылының 23 қарашасынан – мектептің директоры болып жұмыс істейді. Ал 2002 жылы 3 сәуір айында Михаил Борисович зейнетке шықты.
Михаил Борисович Шегай 1961 ж. бастап КПСС мүшесі болып табылады, 1994ж. Лениногор қалалық маслихатының 1-ші депутаты болып сайланған, балалар музыкалық мектебінің және балалар өнер мектебінің Кеңес республикалық мүшесінің директоры, Қазақстан Республикасының 3 съезд корейлер делегаты болып табылады. 1995 ж. Лениногор қаласында корей мәдениет орталығының негізгі қалаушысы болды. Мәдениет дамыту жолындағы, жоғарғы кәсіби маман Михаил Борисович үкімет хаттарымен, грамоталарымен, марапатталған. Қазақстан Республиканың Президенті Н.Назарбаевтың (2001ж.), Қазақстан Республиканың Парламенті мәжілісінің депутаты Н.Щербининен (1998ж.), Шығыс Қазақстан облысы Әкімінен (2000ж.), алғыс хаттарын алған, Лениногор қ. (1977ж.) Құрмет Кітабына енгізілген.
Михаил Борисович Шегайдың әйелі Ж.М.Шегай 2018 жылдың 14 шілдесінде, ал Михаил Борисович Шегай 2018 жылдың 18 желтоқсанында қайтыс болды.
2004 ж. Михаил Борисович Шегай жеке архивінің көп бөлігін бөлімшеге сақтауға тапсырды. 1954, 1959-1961, 1963-2002 жж. 129 сақ.бір. қалыптастырылған. Бұл: М.Б. Шегайдың өмірбаяны, марапаттау құжаттары, жерілікті баспасөздерінде жарияланды. Істердің физикалық жағдайы жақсы.