Немцев Михаил Сергеевич
Немцев Михаил Сергеевич (р.14.05.1956г. - ) – ақын Ресей және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Петровск ғылым және өнер Академиясының ақадемигі, Лениногорск қаласының Құрметті азаматы, «Қазмырыш» ЖШС тарихи – өндірістік мұражайының Риддер филиалының директоры (01.11. 2007ж. - 14.01.2019ж.). I және II дәрежелі «XI бесжылдық жас гвардяшы» БК КЖОК белгісімен, «А.П. Чехов 1860-1904» медалімен марапаталған.
Немцев Михаил Сергеевич Шығыс Қазақстан облысының Лениногор қаласында 1956 жылы 14 мамырында дүниеге келді. Әкесі, Михаил Петрович Заряев, анасы Татьяна Матвеевна Немцева, әпкесі Валентина Михайловна Немцева – Филатова.
Ю.А. Гагарин атындағы мектеп-интернатында оқыды. 1971 жылы Лениногор таулы-металлургиялық техникумына оқуға түсті, оқуды бітіріп техник-технолог мамандығын иеленді, кейін Лениногор полиметал комбинатының мырыш зауытында жұмыс істеді.
1975 жылының 11 қарашасында Кеңестік Әскерінің қатарларында қызмет етті. №12651 әскери бөлімінің 10 ротасының курсанты. Әскердегі қызметін аға сержант шеңінде аяқтады. Забайкальский әскери округінің "на боевом посту" күнделікті газетінде басылып, өз өлеңдерін "Ленинская смена" газетіне жіберді.
Әскерден кейін М. Немцев комбинатқа оралды. Ол Мәскеу әдеби институтының поэзия бөліміне сырттай оқуға түсті, институтта оқып жүргенде туған жерін зерттеу сұрақтарына қызығушылық пайда болды.
1978 жылы М.С. Немцев «Родник» қалалық әдеби бірлестігінің ұйымдастырушыларының бірі, ал 1985 жылдан бастап 1990 жылға дейін оның басқарушысы болып қызмет етті. «Ленинская смена» және «Лениногорская правда» газеттерінің штаттан тыс корреспонденті М.С. Немцевтың шығармалары бір неше рет жалпыодақтық, ресейлік және қазақстандық әдеби-көркем альманахтарында, журналдарында, ұжымдық жинақтарында басылымға шығарылған. Алғашқы Шығыс Қазақстанның облыстық поэзия фестивалінің дипломанты (Өскемен қаласы, 1998 ж. наурыз), «Абай күні» Халықаралық поэзия фестивалінің қатысушысы (Семей қаласы, 2000 жыл, қазан) болды. 1999 жылы Шығыс Қазақстанның әуесқойлы сазгері Юрий Мальцев М.С. Немцевтың өлеңдеріне «Соңғы вагон тамбурының артында» атты тектес магнит-альбомының негізі болған жақсы әндік композициясын жазды.
Немцевтің шығармашылық қызметінің құжаттары: "Филипп Риддер и его время" (2006), "Риддерская концессия Лесли Уркварта" (2007), "Под вершинами трёх братьев" (2012), "В Быстршинской долине" (2014), "Среди героев наши имена", "Риддерские хроники", " Летопись Бергальской стороны ", "За Березовой Гривой" (2015), "Загадочное Беловодье", "Частица сердца моего" (2016), "Звено Алтай" (2017), "Родство" (1995), "Голоса Беловодья"(1996), "Так живу" (1998), "Птичий клавесин" (1999), "Одной из множества дорог", "В строю горняков и металлургов" (2001), Лениногор қаласының суретшісі М.Ф. Петрачкованың суреттерімен қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі "Голоса и краски Беловодья" атты көркемделген поэтикалық альбомдар (2000) суретші А.И. Карпеевтің графикалық қиялдарымен "Кольцо Надежды Веры и Любви» (2001), "Мой Риддер, мой Лениногорск" өлеңдері мен әндерінің антологиясы (2001), "Лениногорск литературный " биографиялық анықтамасы (2001), мақалалар (2000-2001, 2016-2017).
Ресейдің және Қазақстанның жазушылар Одағының мүшесі М.С. Немцев 2000ж. «Радуга» атты қалалық поэзия студиясының ашылуын ұйымдастырды. Студияның редакторы және ұйымдастырушысы ретінде Михаил Сергеевич, студияның ең дарынды мүшелерінің поэзиялық қолжазбалардың жинағын басылымға шығаруға дайындады.
М.С. Немцевтің жеке бастамасы бойынша және қатысуымен 2004-2005 жылдары мұражайларға, орталық ресейлік мұрағаттарға және Санкт–Петербург қаласының кітапханаларына шығармашылық экспедициялар жасалды. "Ф.Ф. Риддердің іздері бойынша" ғылыми-іздестіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде түпнұсқа құжаттар негізінде "Филипп Риддер және оның уақыты" атты тарихи кітаптар шығарылды.» (қаланың негізін қалаушы Филипп Риддер, Санкт-Петербург тау училищесінің түлегі) "Риддерская концессия Лесли Уркварта" (ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі экономикалық және саяси үдерістер туралы, әлемдік тау-кен металлургия бизнесінің көрнекті өкілдерінің бірі Джон Лесли Уркварт өмірбаянының деректері "Қазмырыш" акционерлік қоғамының (АҚ) құрылғанына 10 жыл толуына арналған.
М.С. Немцевтың шығармашылық және өлкетанулық қызметінің ең жемісті жылы 2006 жыл болды. Михаил Сергеевич Петровск ғылым және өнер академиясының академигі болып сайланды (Санкт – Петербург қ.). Ақындық сөздің жоғары азаматтық дыбысы, Риддер қаласын зерттеуі және өлкетану кітаптарын шығарғаны үшін Ресей Жазушылар одағы басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталды. 2006 жылы 18 желтоқсанда оған Лениногор-Риддер қаласының Құрметті Азаматы жоғарғы атағы берілді. «Лениногорская правда» газетінің оқырмандарына сұраныс өткізудің нәтижесінде Михаил Сергеевич Немцев «2006 жылының Адамы!» болып сайланды. «Свободной музы приношенье» поэзиялық сайысының лауреаты бола тұрып, «Перевожу поэта», «А.С. Пушкиннің және Абай Құнанбаевтың өлеңдерінің ең жақсы аударылуы» номинациясында 3-ші дәрежелі дипломымен марапатталды.
М.С. Немцевтің өз жұмыстары үшін және қызығушылық танытқан тақырыптар бойынша жиналған құжаттардың тарихи құндылығы бар: Лениногор жас туристердің Лениногор станциясы жанындағы археологиялық үйірменің барлау тобының Лениногор қаласындағы және оның төңірегіндегі археологиялық объектілерді барлау және бекіту жөніндегі Ю.В. Классеннің басшылығымен есебі (1988), Ресей мемлекеттік тарихи мұрағатынан ("Филипп Риддер и его время" кітабын басып шығару үшін) (2005), Лениногор қаласындағы және оның төңірегіндегі археологиялық объектілерді барлау және Пестраковка (2017), "Звено Алтая" облыстық әдеби бірлестігінің Риддер филиалының жұмысы туралы құжаттар /2010ж. - "Писатели Рудного Алтая" Риддер қалалық жазушылық ұйымы/ (әдеби бірлестік отырыстарының хаттамалары және олардың құжаттары, 1967-2017 жж. әдеби бірлестік мүшелерінің құжаттары).
"Қазмырыш" ЖШС тарихи - өндірістік мұражайының Риддер филиалының директоры ретінде М.С. Немцев тау-кен байыту кешенінің жылнамасын белсенді зерттеді, жергілікті және облыстық баспасөзде зерттеу нәтижелері ғана емес, сонымен қатар әңгімелер, очерктер, өлеңдер де басылып тұрды.
2019 жылдың 14 қаңтарында М.С. Немцев лайықты демалысқа шықты.
2009 жылы М.С. Немцев өзінің жеке архивінің үлкен бөлігін өтеусіз ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ Риддер филиалына жинақталмаған күйінде сақтауға берді. Жүйеленгеннен кейін 1975-2009 жылдардан 332 құжаттынан 50 іс қалыптастырылды, олар №365 қордың № 2 тізімдемесінің "Лениногор қаласының құрметті азаматтарының жеке тектік құжаттарының топтамасына" енгізілді.
2018 жылы тізімдеме жалғастырылды. Оған 1967-2018 жж 50 іс енгізілді.