Хабаров (Рерль) Юрий Георгиевич
Хабаров (Рерль) Юрий Георгиевич – суретші, Жалпыодақтық және Республикалық өнер фестивалінің Лауреаты, Қазақ КСР халықты ағарту ісінің Үздігі, Лениногор қаласының Құрметті азаматы, физика және астрономия пәнінің мұғалімі.
Юрий Георгиевич 1930 жылы 6 тамызда (туу туралы куәлігінің көшірмесі бойынша 12 тамызда) Украина Кеңестік Социалисттік Республикасының Луганская (Ворошиловградская) облысының Ровеньки қаласында интеллигентті шығармашылық отбасында дүниеге келді. Әкесі Георгий Павлович Рерль (жазушылық бүркеншік аты «Антон Холодный») оқу үйінің жетекшісі, Милютинск мектебінің математика және ән-күй пәндерінің мұғалімі, музыканы жақсы көрген, әндерді жақсы айтқан, түрлі өлеңдер жазған. Анасы, Попова – Рерль Александра Ивановна, бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеді. 1941 жылының қараша айында «отбасының тегі неміс болғандықтан» Қазақстанға – Аягөз ауданындағы Сталин атындағы колхозына күштеп көшірілді. Георгий Павлович Рерль есепші болып жұмыс істеген, кейін Аягөздің аудандық Қаржы Бөлімінің бюджеттерінің инспекторы және аға есепшісі болып жұмыс істеді, Александра Павловна колхоздық мектепте басында колхоз мектебінің табельшісі ретінде, кейін Сталин атындағы бастауыш сыныптардың ұстазы болып жұмыс істеді, 3 жылдан кейін Аягөз қалалық орыс жетіжылдық мектебінің 5-7 сынып оқушыларына орыс тілі және әдебиет сабағын жүргізді. Юраны әпкесі Лия Юрадан үш жасқа үлкен болған, мектепте ол өте жақсы оқыды, ал інісі өзінен қалмай Сталин атындағы колхоздың бастауыш мектебін, кейін Түркістан-Сібір темір жолының Аягөз станциясында орналасқан № 7 орта мектебінің жеті сыныбын барлық пәндерден өте жақсы бағалармен бітірді. Дарынды бала тоғызыншы сыныпта оқып жүріп балалар бейнелеу өнерінің Республикалық көрмесінің екінші сыйақысының иегері болды. Салтанатты түрде мақтау қағазымен және акварель бояуларымен марапатталды. «Бала кезімде мен сурет салуды жақсы көрсем де, суретші болуды армандаған жоқпым. Біз досым Толя Свистуновпен жиі сурет салатынбыз. Кітаптарда бейнеленген суреттерге қарап соларды салатынбыз. Акварельмен бояп, кітаптардағыдай шеттерін қара қауырсын акварелімен бояйтынбыз... » - деп Юрий Георгиевич есіне алып айтады.
Ұлы Отан соғысы Юраның сана сезіміне үлкен әсерін тигізді. Он бес жасында-ақ Юрий Георгиевич майдандық достық туралы «Адалдық туралы» және «Мен басқа үлгілерін де білемін» атты өлеңдерін шығарып жазды. Георгий Павлович ұлы сәулетші болғаның қалады, сондықтан мектеп бітіргеннен кейін Юра құжаттарын Новосібір инженерлі-құрылыстық институтына жіберді, бірақ отбасы Қазақстанға күштеп көшірілгендіктен Юрий Георгиевичті институтқа қабылдаған жоқ. Түркістан – Сібір темір жолының № 8 қазақ орта мектебінде сызу және математика пәндерінің ұстазы болып жұмысқа орналасады, кейін Аягөз қалалық жеті жылдық орыс мектебінің 5-7 сынып оқушыларының сызу, математика және сурет салу пәндерінің мұғалімі болып жұмыс істеді.
1950 жылының 1 қыркүйегінен бастап Юрий Рерль – Н.К. Крупская атындағы Семей Мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика факультетінің студенті болды. Физикалық үйірмесінің мүшелерінің жиналысында «Теледидар және оның дамуы 4 бесжылдықта» тақырыбына баяндама оқығаннан кейін Юрий Рерль-Хабаров ғылыми студенттік қоғамына қабылданды. Спортпен белсенді шұғылданады, бірақ шығармашылықпен айналысуды қоймады Рерль Қазақ бейнелеу өнерінің (ҚазБӨ) шеберханасында жұмыс істейтін суретшілерімен танысты, көркем-өнер курстарына барып жүреді. 1952 жылы Халық Шығармашылығы Жалпыодақтық Үйінің сурет салу және көркем өнер бөлімінің сырттай курстарына оқуға түсті.
Жас суретшінің алғашқы туындысы «Өлеңнің тууы» суретінің Мәскеу қаласындағы әуесқойлы суретшілердің көрмесінде көрсетілген. Суретіне Рерль Ю.Г. Лауреат атағына ие болды.
Институтты бітіргеннен кейін Юрий Рерль Лениногор қаласына жіберілді, осында № 4 орта мектебінің физика және астрономия пәндерінің мұғалімі ретінде жұмысқа қабылданды. 1955 жылы 21 мамырда Лениногор қаласының А.С. Пушкин атындағы № 5 орта мектебінің математика мұғалімі Валентина Хабароваға үйленді. Студенттік кезде Юрий Рерль Валентина Хабароваға «Қайда жүрсем де сенің бейнеңді көремін» атты өлеңің арнап жазған болатын. Отбасыларын артық сұрақтардан сақтау үшін (Юрий Георгиевич күштеп көшірілген азамат болғандықтан ай сайын воен-коматта белгіленіп тұрған), Юрий Рерль өз тегін әйелінің тегіне ауыстырды. 1956 жылы Хабаровтардың отбасында қыздары Лена дүниеге келді. Қызының дүниеге келгенінің шабытымен Хабаров «Кемпірқосақ», «Кілем тоқушы» атты пейзаж – суреттерін және Аягөз ауданында тұрғандығын есіне алып «Жатақтардың арасындағы Абай» композициясын салды (соңғы екі жұмысы қазіргі таңда Канадада орналасқан); «Әкеме», «Біз жақта қазан айы қармен танымал» өлеңін, (майдандық достық туралы) «Фестивальді» әнін және махаббат туралы «О, көктем» атты әнін жазды.
1957 ж. Юрий Георгиевич студенттік кезде бастаған «Емтихандарға дайындық» композициясын аяқтады. Сол жылдары Юрий Хабаров «Ушла» (Кетті) суретін (1970 жылының 29 қыркүйегінде суреттің сюжетіне «Не увидеть счастья» (Бақытты көрмеу) өлеңі жазылған) және «Рождение песни» (Өлеңнің тууы) композициясын салумен айналысты. Композиция жалпыодақтық көрмеде көрсетілді, репродукциясы «Клуб», «Художественная самодеятельность», «Огонек» журналдарында және музыкалды күнтізбеде жарияланған.
1960 жылының қазан айында Юрий Георгиевич мәдениет бөлімінің жаныңдағы қалалық көркем Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды. 1961 жылы 1 сәуірде Хабаровтардың отбасында екінші қызы – Оля дүниеге келді. 1962 жылының 1 шілдесінен бастап Лениногор тарихи - өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері болып ауыстырылды. Хабаров мұражайдың директоры Клинкқа екі «Улетают годы быстрой птицей» (1966 ж. 21 қыркүйек) және «Зло ударил ливень» өлеңдерін арнап жазған (1979 ж.). Юрий Георгиевич мұражайдағы жұмысымен қатар № 1 жұмысшы жастар мектебінде физика пәнің оқытты, фотосуреттерді түсірумен айналысты. 1962 жылы «Правда» газетінің 50-жылдығына арналып алғашқы рет қалалық фотокөрмесін дайындауға белсенді қатысты.
1963 жылы қалада Алматы Қазақ политехникалық институтының бөлімшесі ашылғанда Қалалық партиялық комитетінің шешімімен Хабаров бөлімшеге физика пәнінің ұстазы болып жіберілді, сонда 1964 жылға дейін жұмыс істеді.
1964 ж. ақпан айынан бастап Ю.Г. Хабаров Өскемен қаласынан әкелінген жылжымалы планетарийдің дәрісшісі және жетекшісі болып тағайындалды, осында мұражайдағы жұмысын тастамай түрлі тақырыптарға дәріс оқыған. 1964 жылының қыркүйек айында Юрий Георгиевич планетарий директорларының және дәрісшілерінің Жалпыодақтық жиналыс – семинарына қатысты.
Өлкетанушы, қаланың және өлкенің тарихымен қызығатын Ю.Г. Хабаров «Думы о рудном Алтае» (Рудный Алтай туралы ойлар), «Мститель» (Кек алушы) (Кеңес Одағының Батыры Төлеген Тоқтаров туралы), «Филипп Риддер», «Киров в Риддерде» (Киров Риддерде), «В старом забое» (Ескі забой), «Незванные гости» (Шақырылмаған қонақтар) суреттерін салған.
Юрий Хабаровтың шығармашылығының бір ерекшелігі – Атақты Абайдың бейнесі.
Абай Құнанбаевқа «Абай и Михаэлис» (Абай және Михаэлис), «Вдохновение» (Шабыт) суреттері және қазақ тілінде жазылған «Вечно живой Абай» (Өмір бойы жадымызда сақталатын Абай) буклеті арналған.
1971-1990 жж. Ю.Г.Хабаров мұражайдағы жұмысын тоқтатпай № 99 Лениногор қалалық кәсіби-техникалық училищесінде (1984 ж. бастап - № 14) оқу бөлімінің меңгерушісі, директордың орынбасары, физика пәнінің ұстазы, ал 1980-ші жылдарда алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. Лениногор қаласындағы Даңқ ескерткішінің жобасын жасаған. 1975 жылының мамыр айында ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімінде Хабаров «ғасырлар мен ұрпақтарға арналған жібін» көрсеткен арнайы жазған «Даңқ ескерткішінің ашылуына» атты өлеңін оқыды. 1990 жылы денсаулығына байланысты училищеден және мұражайдан тиесілі еңбек демалысына шықты.
Жеті Республикалық және екі Жалпыодақтық өнер фестивалінің лауреаты, халықты ағарту ісінің және Казақ КСР Кәсіби-Техникалық Білім Берудің үздігі, Еңбек Ардагері Юрий Георгиевич Хабаров 1991 жылы Қазақстан Құрметінің Алтын Кітабына еңгізілді, 1995 жылы Лениногор қаласының Құрметті Азаматы атағына ие болды. Екі жүзден астам суреттің, 70 өлеңнің, «Депутат Қоян», «Орманның шындығы» ертегілерінің, лирикалық өлеңдерінің авторы Юрий Георгиевич Хабаров қаланың мәдени мұрасын дамытуға бұрындағыдай үлкен үлес қосуда. 2008 жылы Хабаров 1967 жылы бастаған Лениногор қаласындағы Кеңес Одағының Батырлары портреттерінің жинағын салып аяқтады. Қалалық ардагерлер Кеңесі Президиумының мүшесі болып қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысады. 2007 жылы Ю.Г. Хабаров жеке мұрағатын жүйеленбеген түрде Мемлекеттік мұрағатының Лениногор дербес бөлімшесіне сақтауға тапсырды. Құжаттардың жүйелендірілуі өткізілгеннен кейін 1918-2008 жж. аралығында жиналған 219 құжаттан тұратын 49 іс қалыптастырылды, құжаттардың ішіне суретшінің ата-анасының құжаттары да еңгізілген.
Юрий Георгиевич Хабаров 2022 жылдың 12 ақпанында қайтыс болды.