Ермаков Петр Александрович
Ермаков Петр Александрович (18/31.12.1886 ж. - 13.05.1944 ж.) - өлкетанушы, Алтай ботаникалық бақшасының негізін салушы және оның бірінші директоры.
Ермаков Петр Александрович 1886 жылы 31 желтоқсанда Семей округы Өскемен уездінің Секисовка ауылданда шаруа отбасында туған. Ауыл мектебін бітіргеннен кейін Барнаул рухани училищесін, содан кейін Томск рухани семинариясын бітірді. Өскемен уездіне келгеннен кейін 5 жыл Владимир волостының Березовка мен Быструха ауылдарында мұғалім болып жұмыс істеді, орнитологтяны белсенді зерделей бастады.
1909 жылы Петр Александрович омарта шаруашылығы және Алтай өсімдіктерін зерделеуді шындап айналыса бастады, үш жылдан кейін Батыс-Сібір ауыл шаруашылық көрмесінде кәрезді және түсімді балды көрсеткені үшін мақтау кағазымен марапатталды. 1912 жылы Семей округының омарта шаруашылығы бойынша нұсқаушысы А.Ф.Федоровтың шақыруы бойынша Владимирский облысы Змеиногорск уезді Александровка ауылындағы омартаны басқарды. Осы жерде жеміс-жидекті, ағаш-бұта бақшасының және жеміс-жидек бағы салынды.
1915 жылдың тамызынды П.А. Ермаков патша әскерінің 709-жаяу Томск дружинасына шақырылды. 1916 жылдың сәуір айында Иркутск әскери училищесіне жіберілді, оны аяқтағаннан кейін сол жылдың қазан айында прапорщик шенінде 18-Сібір атқыштар полкіне қызметке жіберілді, ақпанда 50-сібір атқыштар полкінің ротаның кіші офицері болып босатылды. 1917 жылдың маусымында ақгвардияшылармен шақырылып, взвод командирі болды, содан кейін Семиреченский ұрысында Колчак әскерінде шаруашылық бөлімінің бастығы болды. 1919 жылдың наурызында Ақсу горнизоны құрамында Қызыл Әскер жағына өтті, онда 4-кавалерия полкінің шаруашылық бөліміне тағайындалды.
1920 жылдың сәуірінде Петр Александрович Капальский уездік революциялық комитетінің талабы бойынша уездік жергілікті басқармасына ауыл шаруашылығы бойынша нұсқаушы лауазымына жіберілді. Сол жылдың қыркүйегінде Қызыл Әскерге қайта шақырылды және сауатты, орындаушы маман ретінде Лепсинский уездік әскери комитетіне жұмысқа жіберілді, кейін Ташкентке және соңыра Мәскеуге комкеңестің құрамына жіберілді.
1921 жылдың маусында Петр Александрович Ермаков әскерден босатылғаннан кейін егін шаруашылығы Халықтық комиссариаттың шақыруы бойынша Мәскеулік ауыл шаруашылығының жеміс-жидек тәжірибе станциясының бау-бақша бөлімін басқарды. Бір уақытта жұмыспен бірге Ермаков Тимирязов ауыл шаруашылық академиясына қатысты.
1922 жылдың көктемінде Петр Александрович өз өтінші бойынша Семей губерниясына зиянкестермен күрес бойынша нұсқаушы-уйымдастырушы болып жіберілді. Жұмыс аяқталғаннан кейін, 1923 жылдың басында Ермаков Өскеменге қайтып келіп, уездік жер басқармасында омарта шаруашылығы мен ұрықтандырушы бойынша нұсқаушы болды, уездік съездер мен омарташылар мәжілістерін, көрмелер және омарта шаруашылығының курсын ұйымдастырды. Онымен бірінші омарта серіктестігі мен кооперативі құрылды. Петр Александровичтың бастамасымен 1927 жылы Өскеменде бау-бақша әуесқойларының қоғамы құрылды, Панкратьевский бағында жеміс-жидек бағын ұйымдастарды.
1928 жылдың сәуірінде П.А. Ермаков Семейге шақырылып, Семей облысында иайлы күнбағыс себуді енгізу үшін ауыл шаруашылық кеңесіне агроном болып тағайындалды. 1933 жылы Алтайда азықтық шөптерді тереңдете зерделеу үшін Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы академиясының азықтар институтының ғылымы-зерттеу экспедициясын басқарды, сол кезде Алтай ботаникалық бағын құру туралы ой туды.
1935 жылдың 7 қаңтарында КСРО ғылымдар Академиясының қазақ филиалының Президиумының мәжілісінде «Ботаникалық бақты ұйымдастыру туралы» сұрағы қарастырылып Петр Александрович Ермаковқа алғыс жарияланды және оны Алтай ботаникалық бағының меңгерушісі етіп бекітті. 1935 жылдың мамырында Петр Александрович Риддер қаласына көшіп келеді және Алтай ботаникалық бағын құрауға кіріседі. Бақтағы жұмысымен бірге жас натуралистер клубын ұйымдастырады, қалалық өлкетану мұражайын ашуға көп күші мен жігерін жұмсайды. Одан басқа, П.А. Ермаков Қазақстанды зерделеу қоғамының Риддерлік бөлімінің қоғамдық-тарихи секциясын басқарды, ол біздің өлке мен оңтүстік-батыс Алтай бойынша экскурсия жол бағытын жасады.
Петр Алесандрович Ермаков 1944 жылы 13 мамырда жұмыс орнында қайтыс болды және Алтай ботаникалық бағының аумағында жерленді.
1995 жылдың 16 ақпанында Лениногорск қалалық мәслихатының сегізінші сессиясымен Петр Александрович Ермаковқа Қала алдындағы ерекше қызметі үшін «Лениногорск қаласының құрметті азаматы» атағын және Алтай ботаникалық бағының конторы орналасқан көшеге есімін беру туралы қаулы қабылданды.
П.А. Ермаковтың жеке құжаттары 2006 жылы филиал қызметкерлермен өңделді. 1913, 1927, 1934-1944, 1983, 2006 жылдардағы 29 іс құрылды. Қор негізінен жеке құжаттардың, П.А. Ермаковтың кәсіби қызметі туралы құжаттардың көшірмесімен (Қазақстан Республикасы білім жыне ғылым Министрлігінің Орталық ғылыми кітапханысынан 17 мұрағаттық құжаттар түсті), сонымен қоса фотоқұжаттармен (қызы Ермакова Наталья Петровнамен берілген), Алтай ботаникалық бағының № 130 корының ғылыми жұмыстарымен және «Риддерский рабочий» мен «Лениногорская правда» қалалық газеттерінің қиындыларымен жинақталған.