Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Петров Владимир Николаевич

Петров Владимир Николаевич

Петров Владимир Николаевич (1927-2002 жж.) – жазушы, КСРО жазушылар Одағының мүшесі, запастағы подполковник, Лениногор қаласының Құрметті азаматы. 2007 жылы Владимир Николаевичтің туған күнінен 80 жыл болды.

Жазушының әдеби қызметі 1955 жылының 5 маусымда «Отанды қорғау барысында» Ленинградтың әскери округі газетінің беттерінде оның бірінші шыгармалық әңгімесі басылған кезде басталды (атауы белгісіз. 1959 жылы оның бірінші «Батальон шабуылға бағыт алды» атты кітабы жарық көрді, кейін – «Зымырандар аспанды қорғайды», «Өзіңнің қанаттарыңа сен», «Барлаушылар жақсы адамдар» атты кітаптарын жазған. Владимир Николаевич 30-дан аса кітап жазған. Ірі шығармаларының бірі төрт: «Черемша», «Румянцев» операциясы», «Фау» қаруына қарсы», «Альпілік бекініс» романдарынан тұратын «Бірыңғай параллель» тетралогиясы. «Черемша» романын жазушы балалық шағы мен жастық шағы өткен отанына, туған жеріне арнап жазған.

Владимир Николаевичтің шығармашылық жағынан өсуі «Кеңестік жауынгер» журналымен тығыз байланысты, осы журналдың беттерінде 60-шы, 70-шы жылдарда алты повесть және оннан астам: «Бізден жоғары тек жұлдыздар ғана», «Марчиха үстіндегі бұлттар», «Әлем көрінетін жер», «Морж азуы» және басқа әңгімелер жазылған. Жазушы екі әдеби журнал конкурстарының лауреаты болған.

Владимир Николаевич бірнеше жыл бойы Украйна жазушылар одағының Харьков бөлімін басқарған. 1964 жылдан бастап КСРО жазушылар Одағының мүшесі болған.

1979 жылы әскери – патриоттық тақырыбын өңдеуге үлкен үлес қосқаны үшін («Бірінші сиреналардың Гарнизондары», «Зымыраншылар», «Экрандар үрейлі жанып тұр» және «Қыздырылған найзалар» кітаптары үшін) Петров В.Н А.Фадеев атындағы әдеби сыйлығына (күміс медаліне) және КСРО Қорғаныс Министрлігінің құрмет дипломына ие болды. Содан басқа 17 медальмен (солардың екеуі «Жауынгерлік еңбегі үшін») және Украйна Кеңестік Социалисттік Республикасы Жоғарғы кеңесінің Президиумының құрмет грамотасымен марапатталды. Владимир Николаевич жазған әскер туралы повесттері Болгария, Чехословакия, Германия Демократиялық Республикасында, Румынияда сонымен қатар Кеңестік Социалисттік Республикасы одағы халықтарының тілдерінде басылымға шыққан.

Лениногор каласының еңбекшілеріне коммунистикалық тәрбие беру жұмыстарына үлкен үлес қосқаны үшін 1984 жылының 22 мамырында Лениногор қаласының халық Кеңесінің атқарушы комитетінің шешімімен Петров Владимир Николаевичке «Лениногор қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
1985 жылы Петров В.Н. «Үлкен қоқан-лоқы» және «Бақылаушы вираж» атты саяси романдары басылып шықты.

1987 жылдан бастап Владимир Николаевич Петров редакциялық коллегиясының мүшесі және беттерінде жазушының соңғы романдары мен повесттеры жазылған  «Прапор» журналының үздіксіз авторы болған.

2005 жылы Риддер қаласының өлкетанушысы Егоров Иван Васильевич өзінің В.Н Петровка қатысты жеке архивін облмемархивтің Лениногор дербес бөлымшесіне сақтауға тапсырды. Құжаттардың құндылығын сараптаудан кейін 42 құжаттардың ішінен 1927, 1950-1956, 1971-1979, 1981-1987, 1993-1997, 2002 жж. бойынша 15 іс қалыптастырылды. Істердің физикалық жағдайы жақсы.

 

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru