Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Медведев Петр Павлович

Медведев Петр ПавловичМедведев Петр Павлович (1889-1972 жж.) – агроном, бал шаруашылығының қызметкері, Шығыс Қазақстан облысы Шемонайха ауданының бал шаруашылығың дамыту саласындағы маман. Бірінші дуниежүзілік соғысының қатысушысы, әскери қордағы кіші офицер, 1919 жылы желтоқсан айында Қызыл Әскер қатарына шақырылды, Семей аймақтық полктік округі штабының адьютанты болған.
1921 жылының маусым айында Петр Павлович Медведев ауыл шаруашылығының білікті маманы ретінде әскерден қайтарылып, Семей губжербөлімінде бал шаруашылығының инспекторы болып жіберілді, Петр Павлович Перекличинск ауыл кеңесінен Шемонайха болыстық Кеңес құрылтайының депутаты, болыстық атқарушы комитетінің Пленум мүшесі, салықтар мен жинаулардың барлық түрлерін жинау бойынша аудандық атқарушы комитетінің мүшесі болып сайланған. 1926 жылы Петр Павлович жеке бал шаруашылығымен айналысқан, 1930 жылы «Пчеловод» серіктестігіні, кейін «Алтаец» колхозының мүшесы болған (Өскемен қаласы), өкілетті тұлғаларға арналған курстарда дәріс оқып, Алма-Ата қаласында өткен өлкелік көрмесіне экспонаттарды даярлаған. 1932 жылы бал шаруашылығы бойынша аудан аралық курстарын ашуға белсенді қатысқан. Осы курстарда Петр Павлович дәріс оқыған. 1932 жылы сәуір айында Алма-Ата қаласындағы бал шаруашылығы бойынша тәжірибелік станциясы бастығының шақыруымен Петр Павлович Хиония Семеновна әйелімен бірге Зайли Алатаудың Камен шатқалына көшіп барды.
1933 жылының акпан айында Медведев П.П. сотталып, Қарағанды қаласындағы Сарептуға (лагерьдің бөліміне) жіберілді. 1936 жылы ақталды, бірақ өсімдік шаруашылығы бөлімінде бал өңдіру бойынша инспектор болып жұмыс істеуге қалады. 
1947 жылы Петр Павлович Медведев Шемонайха ауылына көшіп келды де аудандық ауыл шаруашылығындағы бал өндірісі бойынша агрономы болып тағайындалды, сол жерде 1950 жылға дейін қызмет етті. 1972 жылы қайтыс болды. Петр Павловичтің жеке қоры құжаттарының құрамы өте қызықты: өмірбаяндық, шығармашылық құжаттар, фотоқұжаттары, жақын адамдармен, достарымен, туыскандарымен  хат жазысуы. Саны 60 сақ.бір. құжаттары Петр Павлович Медведевтің толық өмірлік жолын бейнелейді. Құжаттардың физикалық жағдайы жақсы.

 

 

 

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru