Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Алексей Васильевич Попов

Алексей Васильевич ПоповАлексей Васильевич Попов (1928-2015гг.) – еңбек ардагері, Лениногор полиметал комбинатының Жөндеу – механикалық базасының ардагерлер Кеңесінің төрағасы.

1928ж. 20 наурызда Алтай өңірінің Усть-Пристанский ауданының Коробейникова ауылында дүниеге келді. Әкесі Василий Степанович 1895 ж. т. азаматтық соғысының қатысушысы 42-ші атқыштық Брест полкынде соғысқан, Ұлы Отан соғысы жылдарында еңбектік әскерге шақырылды. Анасы Мавра Семеновна 1898 ж.т. шаруа. 
Алексей жеті жылдық мектепті бітірді, колхозда жұмыс істеген. 
1949 жылының ақпан айында Кеңестік Әскер қатарына шақырылды. Қызмет ету үшін Алыс Шығысқа жіберілді. Басты командирлер мектебінде оқып жүрген кезде Кеңес Одағының Коммунистік партиясына кірді. Мектепті бітіргеннен кейін – бірінші әскери есебінің командирі және от взводы командирінің орынбасары болды. Әскери және саяси дайындықта жақсы нәтиже көрсеткені үшін А.В. Попов мақтау қағаздарымен марапатталып, әскери бөлімнің туын алушы болып тағайындылды. 
1952 ж. жазда Алексей Васильевич әскерден туған ауылына оралды. 1953 ж. қаңтар айында Лениногорға келді, 1953 ж. 10 ақпанында байыту фабрикасына электржөндеуші болып жұмысқа орналасты. 1959 ж. Лениногор таулы – металлургиялық техникумын бітірді. 1959 ж. қазан айында жұмыстағы жақсы еңбегі үшін Қазақ КСР делегациясының құрамында халық шаруашылығының жетістіктерінің Көрмесіне жіберілді. 1960 ж. 4 қарашасында Алексей Васильевич Лениногор полиметал комбинатының жөндеу – механикалық базасына болат қую цехында аға электр жөншеуші болып (қазіргі таңда «Қазмырышмаш» ЖШС) ауысты, сол жерде 25 жыл жұмыс істеді. 1983 ж. қазан айынан бастап А.В. Попов зейнеткер болып термопластавтоматтарға қызмет ету және жөндеу бойынша сандық бағдарламалық қамту бюросына ауысты. 1993 ж. шілде айында басты энергетиктің орынбасары болып тағайындалды, «ИСТ» индукциялық пешін орнату бойынша жөндеу жұмыстарын басқарған. 1995 ж. қараша айынан бастап – ЖМБ басты энергетигі болды. 

1996ж. 23 қыркүйегінде А.В. Попов тиесілі демалысқа кетті. 1987 ж. бастап 1993ж. дейін Попов – ЖМХ ардагерлер Кеңесінің төрағасы. Алексей Васильевич Ұлы Отан соғысының (1941-1945 жж.) қатысушылары - жұмысшылар, бастықтар туралы көптеген мәліметтер жинаған. 1999 ж. оның қатысуымен «Істер және адамдар» атты кітабы жарық көрді. 2010 ж. Поповтың жеке «Қазмырышмыш» ЖШС Ұлы Отан соғысының ардагерлері» атты кітабы басылымға шықты, осы кітапта Жөндеу-механикалық базасының майданшыларының 213 өмірбаяны жиналған. Кітап Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 65-жылдығына арналған. 

Алексей Васильевич Попов 2015 жылы желтоқсанның 4 күні қайтыс болды.

2008 жылы өзінің жеке мұрағатының үлкен бөлігін Алексей Васильевич Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының Лениногор дербес бөлімшесіне (2009 ж. 01 тамызынан бастап «ШҚО Риддер қаласының мемлекеттік мұрағаты» ММ, 2012 ж. 23 қаңтарынан бастап - Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Риддер қаласының мемлекеттік мұрағаты» КММ ) сақтауға тапсырды. 100 құжаттардан 1932-2008 жж. бойынша № 53 «Лениногор – Риддер қаласының жеке текті құжаттарының жинағы»  қорының №4 тізіміне кітерін 15 іс қалыптастырылды. 
Құжаттарда Лениногор полиметал комбинатының Жөндеу – механикалық базасының құрылуы, дамуы, қызметкерлері, басқарушылары, соғыстан кейіңгі жылдарда өндірісті көтерген Ұлы Отан соғысының (1941-1945 жж.) қатысушылары туралы мәліметтері жазылғандықтан зерттеушілер үшін өлкетанулық маңызы, тарихи құндылығы бар.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru