Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Иванчук-Петрачкова Марина Францевна

Иванчук-Петрачкова Марина Францевна – график, акварелист, пейзажист, Риддер қаласының Мәдениет Сарайы жанындағы бейнелеу студиясының жетекшісі

1943 жылы 21 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Лениногор қаласында туды. Әкесі, Иванчук Франц Феликсович (1892 – 05.02.1976 жж.), поляк, Риддер тау-өндіріс комбинатының сәулетшісі, Лениогор қаласының бас сәулетшісі, суретші, бейнелеу өнері студия-үйірмесінің негізін салушы. Анасы Кайгородцева-Иванчук Елена Васильевна (1910-2002 жж.), үй шаруасындағы әйел, 5 баланы тәрбиеледі.

1960 жылдың маусым айында Марина Иванчук №12 орта мектепті аяқтады, 25 тамыздан еңбекшілер депутаттары Лениногор қалалық Кеңесінің орындаушы комитеті жанындағы бас сәулетші бөлімінде сызбашы ретінде еңбек өтілін бастады. 1961 жылдың 30 шілдесінде техние-құрылысшы болып ауысты, 1962 жылдың 19 желтоқсанында № 1, № 18 орта мектептерде сызу мен сурет мұғалімі болып жұмыс істеді. 1963 – 1969 жылдары Қазақ Политехникалық инстиуттың инженер-құрылыс факультетінде сырттай оқыды. 1965 жылдың 13 тамызынан – бас сәулетші бөлімінде техник, қазаннан - пионерлер үйінде бейнелеу өнері үйірмесінің жетекшісі, 1966 жылдың 15 тамызынан – №7 Лениногор қалалық кәсіби-техникалық училищесінде штаты мұғалім (ГПТУ №7), 1967 жылдың 6 желтоқсанынан 1986 жылдың 25 ақпанынан – құрылыс объектілерінде топограф, геодезист, суретші, өндіріс-техникалық бөлімдерде инженер, «Лениногорқорғасынқұрылыс» трестінде смета-шарт тобының бас инспекторы, техбақылау бойынша құрылысшы-инженер, Черемшанка құс фабрикасында құрылысшы-инженер, Өскемен құс фабрикасында құрылысшы-инженер. Адал еңбегі үшін бірнеше рет алғыс алды. 1980 ж.  М.Ф. Петрачкова «Коммунистік еңбек екпіні» атағына ие болды.

  М.Ф. Петрачкова Ю.Гагарин атындағы мектеп-интернат тәрбиеленушілерімен
тікұшақ жанында, 1970 ж.

1986 жылдың наурызынан Марина Францевна – птонерлер Үйінде үйірме жетекшісі, қыркүйектен Балалар өнерпаздар мектебінде сурет пәнінің мұғалімі болды. Суретпен 40 жастан кейін айналыса бастады. Жаңа табиғи материалды үнемі іздеу барысында қорықтың қиын жерлерінде болды. 1991 жылдың ақпанында Петрачкова Лениногор қаласының сурет және графика көрмесіне қатысты.

1994 жылдың 27 тамызында М.Ф. Петрачкова құрметті демалысқа кетті, бірақ балалармен жұмысын жалғастырды - 1994 жылдың 1 қыркүйегін әкесі, Иванчук Франц Феликсович сияқты, Мәдениет Үйі жанындағы бейнелеу өнері студиясының жетекшісі болды 1998 жылдың 1 қыркүйегінен 2004 жылдың 5 шілдесіне дейін Батыс-Алтай мемлекеттік қорының табиғат мұражайының меңгерушісі, кіші ғылыми қызметкері, экологиялық ағарту және туризм бөлімінің маманы болды.

1997-2003 жылдар арлығында суретші Риддер қаласында 7 арнайы көрме дайындап, өткізді (1997, 1999, 2003 жж.), Өскемен қаласында («Палитра Алтая») 68 жұмыс, Шығыс Қазақстан өнер мұражайында 20.02.–20.03.2000 ж., «Западный Алтай», 44 жұмыс, 04.07.- 25.08.2001 ж., Өскемен металлур зауытының көрме халында, 2006 ж.) және Шемонаихеде («Краски Беловодья», 38 жұмыс, Шемонаиха тарихи-өлкетану мұражайы, 15.09.-15.10.2001 ж.). 2008 жылы «Қазмырыш» ААҚ көрме залында М.Ф. Петрачкованың «Палитра Алтая» атты арнайы көрмесі өтті. Бұл ретроспективті есеп беру болды, көрмеде суреттері, натюрморттар, акварельдер қойылды. Кқрмеде басты орынды триптих «Западный Алтай» алды, оған «Первый снег», «Пик Ворошилова», «Золотой вечер» суреттері кірді – Батыс Алтайдың көркем жерлері суреттелген.

 М.Ф. Петрачкованың арнайы көрмесінде, сол жағында Любовь
Васильевна Зайцева, Лениногор тау-байыту кешенінің көрме
залының меңгерушісі, 1997 ж.

2000 жылы М.Ф. Петрачкованың және поэт М.С. Немцевтың біріккен шығармашылық жұмысы – «Голоса и краски Беловодья» атты поэтикалық альбомы шықты, Онда қаламен және қылқаламмен Шығыс Қазақстан табиғаты суреттелді.

2004 жылы 01 қыркүйектен осы уақытқа дейін Марина Францевна Мәдениет Үйінің бейнелеу өнері студиясының жетекшісі болып келеді.     

2011 жылдың 30 маусымында Мәдениет Үйінің аттестаттау комиссиясының шешімімен Марине Францевнаға біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты бейнелеу өнері студиясының жетекшісі берілді.

          

2011 М.Ф. Иванчук-Петрачкованың жеке архивінің көпшілік бөлігі Риддер қаласының «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесіне сақтауңа берілді. № 2 тізімге Ф.Ф. Иванчуктың отбасының суреттері енді. Жүйелегеннен кейін 12 іс 134 құжатпен 1840, 1926-1927, 1935, 1937, 1940, 1956, 1960-1970, 1982-1983, 1989, 1990-2000- жж. енді, олап № 2 тізімді «Иванчук Франц Феликсович» жеке мұрағаты аталды.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2019
Рейтинг@Mail.ru