Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Нестерок Юрий Николаевич

Нестерок Юрий Николаевич - еңбек ардагері, «Комсомол  прожекторін» ұйымдастырушы, «Лениногорсксвинецстрой» трестінің комсомол және кәсіподақ қозғалысының  ардагері.

1942 жылдың 1 мамарында Қарағанды облысы Балқаш қаласында, қызметкерлер отбасында дүниеге келген, Әкесі – Николай Поркофьевич, анасы – Татьтяна Ивановна және апайы Нина, 1948 жылы туылған.

Әкесі – Николай Прокофьевич (1905-1958жж), жұмыскерлер отбасында дүниеге келген, Жоғары бастауыш темір жол училищасын аяқтады, (1918 жылдан бастап – Біріңғай Еңбек мектебі) 1923 жылы технологиялық техникумның спирттік өндірісінің сырттай бөлімін аяқтады, 1930 жылы Черемск спирттік зауытының технобасшысы болып жұмыс атқарды. 1937 жылы РСФСР КБ 58-10 бабы бойынша 3 жылға сотталды. Босаған соң СССР Ішкі істер Ұлттық Комиссариатының «Дальстрой» кен орны басқармасының сызбашысы, техник-нормалаушы, Жоспарлау бөлімінің бастығы, «Прибалхашстрой» тресті өндірістік кәсіпорыны бастығының міндеттерін атқарушысы болып қызмет жасады. 1945 жылдан бастап – Көкшетау облысы Шучь қаласындағы тресте орман дайындаушы конторының бастығы, 1946  жылдан бастап - «Прибалхашстрой» тресті басқармасының еңбек және технико қауіпсіздігі бойынша инжерен, 1950 жылдан бастап - «Лениногорсксвинецстрой» тресті «Жилстрой» ҚБ еңбек жөніндегі инженері болды. Сумск облысы сотының Президиуымы Каулысымен 1960 жылдың 28 шілдесінде «Азамат Нестерек Николай Прокофьевич өлім жазасынан ақталып шықты».

Анасы - Татьяна Ивановна Гаврилина – Нестерек (1917-1984жж.), шаруа отбасынан, (әкесі, Гаврилин Иван Иванович, қызыл гвардияшылар жасағы және қызыл партизан болған), бастауыш білім алған, 14 жасынан бастап жалдықта жұмыс жасаған. 1939 жылдан бастап - КПСС  мүшесі, 1940 жыдан бастап – Балхаш қаласының Қазақстан МК КП мүшесі, Балхаш қалалық Кеңесінің еңбекшілер депутатыны депутаты. 1946 жылдан бастап байланыс конторында, 1950 жылдан бастап – трест комбинатының оқу көрме құралдарының кабинетінің инструкторы, меңгерушісі, архив басқарамасының шарушылық меңгерушісі – машинистка, трест басқармасының шаруашылық меңгерушісі, кадр бөлімінің инспекторы, «Лениногорсксвинецстрой» трестінің әйелдер кеңесінің төрайымы болды.

Балаларының жиі ауырғанына байланысты 1950 жылы Нестероктар отбасы Шығыс Қазақстан облысының Лениногорск қаласына көшіп келген.

Нина мен Юра Островский атындағы №1 мектепте оқыды, Юра жазда трест пионер лагерінде демалды, Лагерьдің достық Кеңесінің төрағасы болды. 1958 жылы әкесі қайтыс болған соң, 16 жасар жасбала «Лениногорсквсинецстрой» тресті «Кульбытстрой» (ҚБ) құрылыс басқармасынажұмыска орналасты,, 21.03.1959 жылдан бастап – геодезист үйреніші, 03. 01.1960 жылдан бастап - «Тэцстрой» СУ 4 дәрежелі геодезист-пикетчик болды. Қаланың шаруашылық ішетін науа, Жоғарғы Хариузов ГЭСін, Мәдениет Сарайын, Лениногор ТЭЦ, Лениногор мырыш зауытының құрылысына қатысқан. Жұмыскер жастардың кешкі мектебін аяқтады. 1961 жылдың шілдесінде Юрий Нестерок Дүниежүзілік Лениндік Жастар Кеңесінің мүшесі болды, сайлау Тухватуллин А.Я. учаскесінде өтті, «Комсомольский прожектор» комсомол тобын ұйымдастырды., салынып жатқан мырыш зауыты құрылысы учаскелерінде: цехтің жабық қаптау, цехті электролиттеу, өту тоннельдерін салуда жастармен бірге жұмыс жасады, № 7 қамқорлыққа алынған мектептің комсомол өндірістік жетекшілерін, пионервожатыйларын басқарды.

1962 жылдың қарашасынан 1965 жылдың желтоқсанына дейін – Кеңес Әскері қатарында Орта-Азия әскери округінде (Ауған шекарасының бөлігінің әскері арасындағы байланысқа қымет көрсету үшін Тахта – Базарадан Керкіге дейін). 1963 жылдың 05 шілдесінде радиотелеграфист мамандығының куәлігін алды. Екі дүркін әскери бөлімнің комсомолдық ұйымының хатшысы болып сайланды, Кушка қаласының комсомолдық конференциясына қатысқан. Сержант Нестерок взвод командирінің орынбасары ретінде, жас әскерлерге курстар жүргізген.

Әскери және саяси дайындығындағы жоғары жетістіктері үшін спорттық жаппай жұмыстарға белсенді қатысқаны үшін 10919 әскери бөлімінің грамоталарымен марапатталған.

Әскердер келген соң, «Лениногорсксвинецстрой» трестінің құрылыс-мырыш зауытына қайта оралды. 1966 жылдың 16 қаңтарынан бастап «Заводстрой» ҚБ Хаустова арматурашылар комсомолды-жастар бригадасының арматурашысы болды, 19 сәуірден бастап - «Тишстрой» ҚБ шебер- геодезист (мырыш зауытында, Тишин кенішінде, «Тишинка» темір жор станциясында, №7 орта кәсіди техникалық училищасында, №2 кен байыту фабрикасында, моншада  геодезиялық жұмыстарды жүргізді).

20.11.1966 жылдан бастап Ю. Несетерок «Лениногорсксвинецстрой» трестінің комсомолдар комитетінің хатшысы болып сайланды. 1967 жылдың маусымында Юрий Нестерок Қазақстанның Лениногор қалалық  ҚЖОЛК алғашқы хатшысы Қашқымбаев Әскердің қолынан екі куәлік және екі белгі қабылдады: «Лениногорсксвинецсрой» тресті аудандық комитеті комсомолдық ұйымының құқығы туралы және Республикалық деңгейдегі Екпінді Комсомолдық құрылыстың Лениногор Мырыш зауытының құрылысын бекіту жөнінде. 1967 жылдың қыркүйегінде Челябинск қаласында өткен комсомолдар құрылысының басшылары арасындағы Дүниежүзілік семинарға қатысты. 1967 жылы Лениногор қаласында «Әкелер мәртебесінің жолымен» Республикалық жиынды ұйымдастыру және жүргізу бойынша жедел штаб мүшесі болды.

27.11.1967 жылдан бастап Ю.Н. Нестерок шаруалышылық жұмысқа қайта оралды - «Промстрой» құрылыс басқармасының шебері (қаланың Тазартқыш ғимараттарын, спорт мектептерін, техник оқушылардың асханасын, Геолок-зерттеу экспедициасының басқармасын салуды жүргізді). Қалалық комитетінің комсомолдар мүшесіне, ШҚ облыс комитетінің комсомолдар мүшесіне сайланды, «Комсосолький прожектор» және «Лениногорсксвинецстрой» тресті қалалық штабы бастығының міндеттерін орындады. 1967-1989 жж. Комсомолдар, трест кәсіподақ ұйымы делегаты арасынан қалалық, облыстық комсомолдық және кәсіподақ коференциясына қатысуға сайланды. 1969 жылы – Қарағанды қаласында өткен Қазақстан Екпінділер құрылысының прожектористер Республикалық семинар-жиналысына қатысты. Комсомолдар Қалалық комитетінің бюро мүшесі ретінде, Лениногор қаласындағы Иванов жотасының бөктерінде В.И. Лениннің барельефін жарықтандыруға қатысты.

Комсомолдық жұмыстарға белсенді қатысқаны үшін Нестерок ҚЖОЛК ОК Бүкілодақтық белгілермен марапатталды (08.09.1970ж.), ҚЖОЛК ОК, Қазақстаннның ҚЖОЛК ОК, Шығыс Қазақстан облыстық комсомолдар бюросының, Лениногор ГК ЛКСМ бюросының, «Лениногорсксвинецстрой» трестінің комсомолдар комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 1966 жылдың күзінде Қазақстан Жастар Одағының Лениндік Коммунистік орталық Комитетінің ұсынысы бойынша Юрий Нестерок Қазақстан құрылыстары Республикалық комсомолдар арасынан жастар делегациясы құрамында Финляндияға жолданды. 1968 жылы ҚЖОЛК ОК «Елочка» демалыс Үйінде  демалды.

1971 жылы Ю.Н. Нестерок Өскемендік құрылыс техникумының «Өндірістік және азаматтық құрылыс» факультетінің «техник-құрылысшы» мамандығы бойынша кешкі бөлімін аяқтады. Осы жылы Кеңес Одағының Коммунистік партиясының мүшесіне қабылданды (1978 жылдан бастап трест ұйымының партия бюросының үнемі мүшесі болды, трест басқармасының партия бюросы хатшысының орынбасары). Трестің партия комитетінің ұсынысы бойынша 1971 жылдың 18 қазанында трест кәсіподағының бірлескен комитенің төрағасының орынбасары болып сайланды. 1972 жылы республикалық кәсіподақтық курстарды оқыды, 1976 жылы трестің кәсіподақ белсенділерінің мектебін басқарды, онда ол оқыту кезінде техникалық құралдарды және көрнекі құралдарды қолданудың әдістерін үйретті.

Ю.Н. Нестерок «Ұлттық Бақылау органдарының жұмыстарына белсенді қатысқаны үшін» (29.03.1976ж.) Құрмет Белгісімен, «Кәсіподақжұмыстарына белсенді қатысқаны үшін» (10.10.1988ж.) Бүкілодақ белгісімен, кәсіподақ Құрмет грамоталарымен марапатталды. Кәсіподақ жұмыстарында Нестерок 23 жыл жұмыс жасады - 1994 жылдың 31 желтоқсанына дейін. Осы уақыт ішінде ол «КП» штабының жұмыстарын, трестің ең күрделі негізгі обьектілерін: Гидрокомплек, Мырыш зауытының, Тишин кенішінің, №2 кен байыту фабрикасының,  Вельцкомплексін,  № 14, № 3 меетептерді, № 3, № 4  ықшамаудандардағы тұрғын үйлерді іске қосуға, Марқакөл ауданындағы Қарой ауылындағы үйлерді  салды.

01.01.1995 жылдан бастап Юрий Николаевич – бас диспетчер, 04.01.1997 жылдан бастап - «Лениногорсксвинецстрой» («ЛСС» ҚАҚ) акционерлік қоғамының Құрылыстық комиссиясының төрағасы. 1995 жылдың 01 марынында зейнетке шығуына байланысты жұмыстан босатылған. Осы күннен бастап («ЛСС» ҚАҚ) бірлескен кәсіподақ комитетінің кәсіподақ комитеті болып тағайындалды. 1998 жылдың 30 шілдесінде Юрий Николаевич Шығыс Қазақстан облыстық кеңес кәсіподағының «Кәсіподақ лауреаты»  Белгісі берілді.

Адал еңбегі үшін, «Лениногорсксвинецстрой» трестінің құрылыс обьектілерінде, өндірісті ұйымдастырп және жарықтандырғаны үшін Юрий Николаевич Нестерок үкіметтік наградалармен марапатталды: «Ұлы Отан соғысы Жеңісінің жиырма бес жыл» медалімен (30.10.1965ж.), «Адал еңбегі үшін. В.И. Лениннің туылғанына 100-жыл тоулына орай» (26.03.1970) медалімен, «Еңбек ардагері» (20.03.1990ж.), тресттің Құрмет кітабына үш мәрте енгізілген (21.02.1956ж., 16.04.1962ж., 10.08.1997ж.).

Зейнетке шыққан соң, Юрий Николаевич (1950-1990жж.) «ЛСС» трестінің дамуы және қызметі жөнінде құжаттрады жұйелендіру және фотоқұжатар бойынша үлкен жұмыстар атқаруда. Ол құжаттардан үш альбом құралды: трестің партиялық, комсомолдық және кәсіподақ ұйымдары. 2005 жылы «Құрылысшылар» тарихи-құжаттық очерктер жұмысшылар тобы құрылды.

Юрий Николаевич и Любовь Алексеевна екі баласын жеткізді – Михаил (1977ж.т.) және Мария (1982ж.т.), оларға жоғарғы білім берді. Екеуі де Новосібір Мемлекеттік техникалық университетін аяқтады. Михаил жоспарлаушы механизатор білімін алған, Тулда жұмыс жасайды. Маша инженер-экономист, Новосібір облысында тұрады, еткомбинатында бас экономист болып жұмыс істейді. Сырттай заңгер мамандығын оқыған.

2015 жылы Ю.Н. Нестерок өзінің жеке мұрағатының көп бөлігін  Шығыс Қазақстан облысы  мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік мұрағаты» КММ Риддер филиалына реттелмеген күйінде өткізді. 1911-2015жж. 24 іс, №5 тізімге  «Лениногор-Риддер қаласының жеке құжаттарының жиынтығы» № 53 қорына енгізілді.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru