Тезекпаев Закий Камбарович
Тезекпаев Закий Камбарович (1922-1978 жж.) Шығыс Қазақстан облысы Лениногор қалалық Кеңестік халық депутаттарының атқарушы комитетінің жетекшісі.
Закий Камбарович Тезекпаев 15 жыл бойы Лениногор қалалық Кеңестік халық депутаттарының атқарушы комитетін басқарған, қала экономикасының дамуына және қалыптастырылуына, халық депутаттарының Жергілікті Кеңестердің абыройын жақсартуға үлкен үлес қосты.
Закий Қамбарович 1922 жылы Таврия ауданында кедей шаруалардың отбасында дуниеге келді, 1929 жылы отбасы Риддер қаласына көшіп келді, осында ол 1940 жылы Риддер қаласындағы (1941ж. 6 ақпаннан бастап – Лениногор каласы), 10 жылдык мектебін бітірді. Мектептен кейін сызушы болып жұмыс істеген. 1941 жылы Закий Қамбарович майданға аттанып, артиллериялық полкта қызмет етеді, кейін барлау тобында әскери борышын атқарады. Майданда 1945 жылы Кеңес Одағының Коммунистикалық партиясына кіреді. «Жауынгерлік қызметі үшін», «Сталинградты қорғағаны үшін», «Фашисттік Германияны жеңгені үшін», «Будапештті басып алғаны үшін», «Белградты босатқаны үшін» жауынгерлік медальдармен марапатталды. 1955 жылға дейін Закий Қамбарович Тезекпаев Лениногор қаласындағы партиялық және коммунистикалық жастар одағының жұмыстарымен айналысқан.1958 жылы ол Мәскеу қаласындағы Кеңес Одағының Коммунистикалық Партиясысының Орталық комитетінің Жоғарғы партиялық мектебін бітіріп, Лениногор қалалық орындаушы комитетінің жетекшісінің орынбасары, кейін Қазақстанның Коммунистикалық партиясының Лениногор қалалық комитетінің хатшысы болып жұмыс істеген. 1963-1978 жж. Лениногор қаласы орындаушы комитетінің жетекшісі болып жұмыс істеген, үкіметтік наградтармен марапатталған. Закий Қамбарович партияның облыстық комитетінің мүшесі, Шығыс Қазақстанның облыстық Кеңесінің депутаты болған.
Жеке тектік қорын жасау үшін Лениногор қаласының атқарушы комитеті бөлімшенің сұранысы бойынша Тезекпаев З.К туралы мәліметтерді сақтауға тапсырған, құжаттардың саны 21 сақ.бір. Құжаттардың физикалық жағдайы жақсы.