Степанова – Либерзон Зинаида Фёдоровна
Степанова – Либерзон Зинаида Фёдоровна - комсомолдық және партия қызметкері, Риддер қаласының Құрметті азаматы, «Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы» АҚ Риддер қалалық бөлімшесінің төрайымы
Зинаида Федоровна 1940 жылының 5 қаңтарында Вологодск облысы Верховажск ауданының Михайловское ауылында, шаруаның отбасында дүниеге келді. Әкесі Степанов Федор Федорович орман пунктының бастығы болып жұмыс істеген, фин және Ұлы Отан соғысының қатысушысы, 1941 жылының қысында қайтыс болды. Анасы Степанова – Саврасова Мария Мироновна 1910 жылы туылған, әскери тыл еңбекшісі, 1973 жылы қайтыс болды.
1947 жылы Степановтар отбасы Мария Мироновнаның апайлары турған Кемеров облысының Прокопьев ауданында орналасқан Зиминск совхозына көшіп келді. 1954 жылы Зинаида Степанова Зимин совхозының № 16 жеті жылдық мектебін жақсы бағамен аяқтады, ал 1957 жылының маусым айында №24 Прокопьев орта мектебін бітіргені туралы аттестатын алды. Сол жылы Зинаида Федоровна С.И.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетіне (Алма-Ата қаласы) құқық факультетіне оқуға түсті.
1962 жыл - Лениногор қалалық құқықтық кеңестерді беру мекемесінде адвокат. 1963 жылы қазан айында Лениногор қалалық коммунистік жастар одағы комитетінің хатшысы болып сайланды, 1964 жылы ЛКЖО ҚК бірінші хатшысы болып тағайындалды. Сол жылы Лениногор халық құқықтық білім алу университетінің құқық факультетіне екі жылдық курстарға оқуға түсті, курстарды 1965 жылы мамыр айында аяқтады. 1965 жылы Зинаида Федоровна Леонид Львович Либерзонға тұрмысқа шығып, құқықтық кеңестерді беру мекемесіне қайта оралды. 1967 жылы қалалық атқару комитетінің хатшысы болып сайланды және осы мамандық бойынша 11 жыл жұмыс істеді. 1970 жылы Қазақстан Коммунистік партиясы Лениногор қалалық комитетінің жанындағы марксизм-ленинизм университетінің философия факультетінің 2 жылдық курсын аяқтап, партиялық оқу жүйесіндегі жоғарғы саяси білімін алды. 1978 жылының наурыз айынан бастап 1987 жылға дейін Лениногор қалалық комитеті партиясының хатшысы, 1987-1989 жж. – Шығыс-Қазақстан облыстық атқару комитетінің хатшысы, 1989-1991 жж. – мөрлердегі мемлекеттік құпияларды сақтау бойынша облыстық басқармасының бастығы, 1991-1995 жж. – қалалық-құқықтық бөлімінің жетекшісі, Лениногор қаласының атқару комитетінің құқықтық сұрақтары бойынша кеңесшісі (1992 ж. бастап Лениногор қалалық әкімшілігінің Басшысы) болып жұмыс істеді. 1993 жылы қалалық ардагерлер Кеңесінің төрайымы болып сайланды, қазіргі таңға дейін сол жерде жұмыс істейді.
1965-1992 жж.- Қалалық Кеңесінің депутаты, 1994-2004 жж. – маслихат депутаты, 1987-1989 жж. – облыстық Кеңесінің депутаты болып сайланған. Бір неше рет комсомол, партиялық, кәсіподақтық мәслихаттарының өкілі болып сайланған.
2005 жылының 25 наурызындағы Риддер қалалық мәслихатының 3-ші құрылтайының № 16/14-т шешімімен қала алдындағы айрықша маңызды еңбектері үшін З.Ф. Степанова – Либерзонға «Риддер қаласының Құрметті Азаматы» жоғарғы атағы берілді.
2002 жылдан бастап Шығыс Қазақстан халқының шағын Ассамблеясының мүшесі, 2004 жылының 6 тамызында «Асар» Республикалық партиясына кірді.
2005 жылдан бастап Степанова Зинаида Федоровна «Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» ММ жанындағы мемлекеттік, мекен-жайлық әлеуметтік көмек алуға үміт артқан өтініш жазушылардың тұрмыстық жағдайын зерттеу бойынша қалалық учаскелік комиссиясының мүшесі болып табылады.
2006 ж. сәуір айында Қазақстан Республикасы ардагерлерінің V құрылтайының делегаты.
2005 жылының шілде айында Зинаида Федоровна Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаттыққа талапкері болған Абайдильдин Талғатбек Жамшитовичтің сенім берілген адамы болған, қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенттігіне талапкері болған Нұрсултан Әбішұлы Назарбаевтың сенім берілген адамы болды. Қоғамдық штабта қызмет еткені үшін Қазақстан Республикасы Президенттігіне талапкерінің қолдауымен З.Ф. Степановаға Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың атынан алғыс хат жарияланды. 2007 жылының 21 қыркүйегінен бастап Зинаида Федоровна «Нұр Отан» ХДП АҚ Риддер қалалық бөлімшесінің саяси кеңесінің мүшесі болып сайланды.
Көптеген үкіметтік наградтармен: «Құрмет Белгісі» Орденімен, «Қажырлы еңбегі үшін. В.И. Лениннің туылған күнінің 100-жылдығына арналған», «Еңбек ардагері», Қазақстан Республикасының және Қазақстан Республикасы Атазаңының 10-жылдығына, Астана қаласының 10-жылдығына арналған мерейтойлы медальда-рымен, «Даңқ және пай да» Халықаралық Қайырымдылық Қорының «Жүзжылдық-тың меценаты» медаль-белгісімен, Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы-ның Орталық Кеңесінің («Қазақстан Республикасының ардагерлер мекемесі» Қоғамдық бірлестігінің) Құрметті мақтау қағаздарымен, алғыс хаттарымен, Риддер қаласының және Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің мақтау қағаздарымен, алғыс хаттарымен, ақшалай сыйақылармен марапатталған.
Зинаида Федоровна Степанова қалалық ардагерлер Кеңесінің төрайымы және қоғам қайраткері ретінде қаланың саяси және әлеуметтік өміріне белсенді қатысқан және қатысады, зейнеткерлік жастағы қала тұрғындарының және жас өспірімдерінің материалдық өмір деңгейін жақсартуға үлкен үлесін қосады.
2008 жылы өзінің жеке мұрағатының үлкен бір бөлігін З.Ф. Степанова «Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының мемлекеттік мұрағатына» ММ жүйеленбеген түрде сақтауға тапсырды. 1940-2008 гг. аралығында жиналған 11 іс № 365 «Лениногор – Риддер қаласының Құрметті азаматтарының жеке текті құжаттарының жинағы» қорының № 4 тізіміне кіргізілді.
«Лениногор қаласының Құрметті Азаматы» Атағын беру туралы мақтау қағазы, 2007 жыл |
Қазақстанның іскер әйелдері Ассоциациясының және Республи-кандық «Айна» журналының мақтау қағазы, 2003 жыл |
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың алғыс хаты, 2007 ж. |
«Еңбек ардагері» куәлігі, 1990 ж. 18 қаңтар |