Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Первушин Климент Семенович

Первушин Климент Семенович – Ресей жазушылар Кеңесінің мүшесі, поэт, «Золотое перо» Мәскеулік халықаралық байқауының жеңімпазы, Шығыс Казақстан аймақтық «Свободной музы приношенье» байқауының екі дүркін лауреаты, Риддер қаласының Құрметті азаматы.

1947 жылдың 22 наурызында Шығыс Қазақстан облысы Лениногор қаласы Поперечное ауылында ауыл мұғалімдері отбасында дүниеге келген. Әкесі – Семен Леонтьевич 1919 ж.т., орыс тілі және әдебиеті мұғалімі (1980 жылы қайтыс болған); анасы - Мария Максимовна (Шестакова) 1924 ж.т., бастауыш сыныптар мұғалімі (2008 жылы қайтыс болған). Отбасында 6 бала: Клим, Сергей, Наталья, Александр, Юрий және Георгий.

 Әпкесі Наталья Барашинамен, 2005ж.

1959 жылы Клим Первушин Поперечное ауылының жеті жылдық мектебінің 5 сыныбын бітірді, 6 сыныптан бастап Синюшонсктің сегіз жылдық мектебінде оқыды, 9 сыныптан бастап – Ульбастройдағы М. Горький атындағы мектепте оқыды. 1966 жылы 11 сыныпты аяқтағаннан кейін 1966 жылдың маусымынан қарашасына дейін М. Горький атындағы мектепте дене шынықтыру сабағы мұғалімі болып жүмыс жасады.

1966 жылдың 17 желтоқсанында Кеңес армиясы қатарына шақырылды. Сібір әскери округінің (Алейск қаласы) құрылысшылар әскерінде болды. 1967 жылдың 29 тамызында Алейск қаласында Гончарева Антонина Ивановнамен некелесті. Желтоқсан айында ұлы Вадим дүниеге келді.

Клим Первушин немересімен, Поперечное селосы

Клим Первушин 8 сыныптан бастап өлең жаза бастаған. 1965 жылы «Лениногорская правда» газетінде алғаш рет «С добрым утром», «Уходит восемнадцатый», «Сколько добраты вокруг», «Две недели пролетели» өлеңдері жарияланды. 1968 жылдың қарашасында – «Спокойной ночи», «По перону», «Толпа бушует» өлеңдері жарияланды.

1969 жылдың тамызында К. Первушин әскерден қайтты. 25.09.1969ж. – Лениногор қалалық радиосының редакторы болды, 1970 жылдың желтоқсан айынан 1983 жылдың сәуір айына дейін - Лениногорск полиметалл зауытының Еңбек Қызыл Ту орденінің мырыш зауытында катодчик болып жұмыс істеді, 1983 жылдың мамыр айынан бастап - Ягодний зауытының "Магаданстройиндустрия" трестінің құрылыс материалдары зауытында, "Факел" кинотеатрында суретші-безендіруші, "Колымаразведка" МҚК сылақшы-сырлаушы, Магадан облысы Федералды пошта байланысының Ягодний аудандық торабының электромеханигі. 01.03.1996 жылдан бастап келісім шартпен Лениногор полиметалл комбинатының Мәдениет Сарайының суретшісі болып қызмет етті. 19.05.1997ж. - 31.03.2010ж. - мырыш зауытында шаруашылық цехының көркемдік-безендіру жұмыстарын орындаушы, зауыттың жабдықтау, көлік және тұрмыстық қызмет көрсету учаскесінің экологиялық қызметінің қосалқы жұмысшысы.

К.С. Первушин Бүкілодақтық, ресейлік және қазақстандық газеттерде, әдеби-көркем альманахта, журналдарда, хрестоматияларда, ұжымдық жинақтарда жарияланады. 1970 жылдан бастап – «Лениногорская правда» газетінің  штаттан тыс корреспанденті болды, 1978 жылдан бастап – «Родник» қалалық әдеби бірлестігінің мүшесі болды. Оның жазбалары «Цвета радуги» өлеңдер жинағына енгізілді (2000, 2005жж. шығарылған). "Риддерская радуга" риддерлік ақындар мен жазушылардың ұжымдық жинағы (2006ж.) және "Риддерская радуга" (2011, 2013, 2014, 2015, 2016жж.), альманахтың алты нөмірінің редакторы және құрастырушысы.

Альманах презентациясында

Климент Семенович – «Здравстуй, мир зеленый» өлеңдері мен прозалар жинағының авторы (жасөспірімдер лирикалық жинағы, 1965-1970жж, 2001ж.); «Седая нить судьбы» (1998ж.); «Река сомнений» (2002ж.); «Кукушкины слезки» (2004ж.); «Осенние песни» (2006ж.); колымдық циклге енгізілгендер – «Лирика», «Ностальгия», «Первый снег», «Нежный цвет Колымы», «Кержацкий сфинкс» (2007ж.); «Свеча печали» (әңгіме, элегия, 2009ж.); «Малахитовый пихтач» (2011ж.); проза жиынтығы «Божье и человеческое» (1969-2011жж.); «Избранная лирика» (2012ж.); проза және өлеңдер жиынтығы «Исповедь блудного сына», «Золотой иглопад» (2017ж.).

"Малахитовый пихтач"

2011 жылы «Главный в жизни завод» кітабы жарыққа шықты, оның ішінде Климент Семеновичтің өзі 26 жыл қызмет еткен қорғасын зауытына арналған мақалалары, очерктері, өлеңдері кірді.

К.С. Первушиннің шығармашылық таланттары көп қырлы - 1998 жылдан бастап кескіндемемен айналысады. Ол "Ноябрь", "У ручья", "Зимний вечер", "Колымский пейзаж", "Кижи", "Скит", "Три брата" картиналарын жазды. "Линия жизни", "Демон", "Летучий голланденц", "Стихия", "Непогода", "Осенний лес", "Дерево жизни", "Берендеев лес", "Анчар" шығармалары сьюреализм стилінде жасалған. Сурет тердің бір бөлігі "Кукушкиндер слезки" жинағына енді. Өзінің шығармашылық жұмыстарында суретші өзінің жан-дүниесін ашуды - бұл өткен жылдара деген ностальгия және аллегориялық түрде көрсетілген шындыққа деген көзқарас.

2001 жылдан бастап Климент Семенович тамырлық скульптурамен айналысады. Жұмысының атаулары – «Ворон», «Горностай», «Чиж», «Физкультурники», «Фантазия», «Танго», «Семья», «Разговор», «Привет», «Танец», «Морской конек», «Каждый несет свой крест» , «Яблоко для Евы», «Боскетболист», «Доисторический геолог», «Мыслитель», «Орфей», «Кукарача», «Разговор», «Цапля», «Материнство», «Щеголь», «На гнезде», «Инопланетянин», «Дракоша», «Петушок», «Гусь» автордың табиғатпен катынасын сипаттайды. 2013 жылы К.С. Первушиннің «Проза и корневая пластика» кітабы жарыққа шықты, онда Шығыс Қазақстанның табиғаты мен адамдары туралы әңгімелер мен очерктер, сондай-ақ тамыр мүсінінің репродукциялары ұсынылған.

Климент Семеновичтің картиналары алғаш рет Гоголь атындағы қалалық кітапхананың оқу залында (2002ж. қазан) "Река сомнений" кітабының тұсаукесерінде оның жеке көрмесінде ұсынылды. Первушин - ұжымдық қалалық көрмелердің қатысушысы: "Риддер қ. суретшілерінің шығармашылығы" көркем көрмесі (2003ж. қаңтар), Риддер қ. суретшілер мен шеберлердің бейнелеу өнері және сәндік-қолданбалы шығармашылығы туындыларының "Встреча друзей" көрмесі; Владимир Паньшиннің фотожұмыстарын, Клим Первушиннің картиналары мен түбірлі мүсіндерін ("Қазмырыш" АҚ Риддер тау-кен байыту кешенінің көрме залы, 2004ж. қараша-желтоқсан, 2011ж. ақпан-наурыз), қолданбалы өнер көрмелері (облыстық ардагерлер семинары, қ. Риддер, 2011ж. қазан).

Риддер қаласының суретшілері

Тамырлық скульптурасының кіші- көрмесі Өскемен және Семей қалаларында өтті. Өзінінің шығармашылық жұмыстарымен шебер Республикалық телеарнаға шықты (Астанада 9 каналында және «Еларна» студиясында Алматыда).

«Свободной музы приношенье» Шығыс Қазақстан аймақтық байқауының екі дүркін лауреаты (2006 жылы «Лучшие лирические стихотворение» номиациясының 3 дәрежелі дипломы, 2009 жылы «За вклад в развитие литературы региона» дипломын алған). 2009-2011жж Мәскеулік халықаралық «Золотое перо» поэзия байқауының жеңімпазы. Көптеген әдети конкурстардың қатысушысы және жүлдегері. 16.10.2009 жылдан бастап – Ресей жазушылар кеңесінің мүшесі.

Первушин Климент Семенович қалалық және облыстық: "Пять Курдаковские чтения" (Өскемен қ., 2006 ж.13 тамыз), Жер күніне арнлған экологиялық шығарма-шылық фестиваліне (Риддер қ., 2010ж. 22 сәуір), Ұлы Отан соғысынының Жеңісіне 65 жылдығы құрметіне арналған қалалық көркемөнерпаздар байқауы-конкурсына (Риддер қ., 2010 ж. мамыр), "Нам неведом закон мироздания", "День встречи" атты шығармашылық кездесулерге Н. В. Гоголь көшесіндегі Орталандырылған кітапха-насында (Риддер қ, 2010ж., 2012ж. 10 сәуір) және де көптеген қалалық меройтойлық іс-шараларға қатысқан.

Климент Семенович – Риддер қаласының әнұранын жазу бойынша байқауға қатысушы, ұйымдастырушы және жеңімпазы: «В небе три брата высятся гордо и охраняют в долинах покой. Ты в моем сердце, маленький город, город с богатой и славной судьбой...». Первушиннің шығармашылық қызметі мәртебелі бағаланды. Қалаға сіңірген еңбегі үшін 2012 жылдың 22 мамырында Первушин Климент Семеновичке «Риддер қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Аймақтық тарихи-әдеби үдерісті дамытуға қосқан шығармашылық үлесі үшін қалалық, аймақтық өкілетті, атқарушы органдар мен қоғамдық ұйымдардың грамоталарымен, алғыс хаттарымен, "Смородина" кітабы үшін (А. К. Толстой атындағы Бүкілресейлік әдеби сыйлық, Санкт - Петребург қаласындағы фестиваль, 2015ж.) дипломдарымен және "Проза" номинациясында (әулие Макария атындағы православиелік сыйлық, Алтай митрополиті, Барнаул қ., 2015ж.) марапатталды.

2010 жылдың 31 мамырында Первушин Климент Семенович зейнетке шықты, бірақ оның шығармашылық жұмысы тоқтамады – үнемі жергілікті және облыстық прессаларда жазбалары жарияланып отырды.

Блаженны плзнавшие чудо
Любимого сердцем труда:
Ведь все, что подарено людям,-
С тобою теперь навсегда!
(«Юбилейное», К. Первушин)

Первушины УБА санаториында демалыста, 2011ж.

Риддер мемархивында К.С. Первушинмен мерейтойлық кездесу, 2017ж.

Первушин және Булдаков

Облыстық әдеби-көркемдік "Восток" журналының редакторы Павел Пивоваровтың мерейтойында

2013 жылы К.С. Первушин өзінің жеке архивінің үлкен бөлігін өтеусіз ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ Риддер филиалына жинақталмаған күйінде сақтауға берді. Жүйеленгеннен кейін 1940-2013 жылдардан 687 құжаттынан 50 іс қалыптастырылды, олар № 365 Қордың № 7 тізімдемесінің "Лениногор қаласының құрметті азаматтарының жеке тектік құжаттарының топтамасы" енгізілді.
2017 жылы тізімдеме жалғастырылды. Оған 2014-2017 жж 21 іс енгізілді.

 

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru