Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Труш – Шушакова Клавдия Гавриловна

Труш – Шушакова Клавдия Гавриловна - Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Халық ағарту ісінің үздігі, Риддер қаласының Құрметті азаматы.

1951 жылы 31 шілдеде Украин КСР Донецк облысы Красно - Лиман ауданы Новоселовка кентінде дүниеге келген. Әкесі - Гаврил Моисеевич (1929 ж.т.), анасы - Евгения Яковлевна (1933-1990 жж.).

1956 жылы отбасы Шығыс Қазақстанға – Лениногор қаласына көшіп келді, онда Гаврил Моисеевич Лениногор полиметалл комбинатының темір жол цехында тепловоз машинисі, Евгений Яковлевна Лениногор қалалық халыққа білім беру бөлімінің №9 балабақшасында аспазшы болып жұмыс істеді.

№10 орта мектепте оқып, Клавдия Труш қоғамдық жұмыспен белсенді айналысты – 10-11 сыныптарда вожатыйлар отрядын басқарды. 1968 жылы мектепті бітіргеннен кейін №13, №10 орта мектептерде аға пионер вожатый болып жұмыс істеді, «Артек» халықаралық лагеріне барумен марапатталды. 1969-1975 жж. Өскемен педагогикалық институтының филология бөлімінде «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша сырттай оқыды.

Жол дұрыс таңдалды - 42 жыл Клавдия Гавриловна педагогикалық қызметке арнады: 30.12.1971 ж. - Лениногор балалар үйінің аға пионервожаты, 06.08.1974 ж. - №10 орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 01.09.1980 ж. - Лениногор қалалық халыққа білім беру бөлімінің әдіскері. 1981 жылдан Клавдия Гавриловна Қазақ ССР оқу-ағарту министрлігінің орталық мұғалімдер білімін жетілдіру институтында аудандық (қалалық) әдіскерлер курстарында оқыды, ал 1982 жылдан Ростов-на-Дону қаласында өткен ата-аналарға арналған мектеп университеттерінің жұмысы мәселелері бойынша Бүкілодақтық конференцияның делегаты болып сайланды.

01.09.1983 ж. бастап К. Г. Шушакова №3 орта мектеп директорының оқу - тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, 23.04.1984 ж.бастап Лениногор қалалық партия комитетінің нұсқаушысы, 08.08.1986 ж. бастап білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы болып тағайындалады. 1989 жылдың қыркүйегінен бастап - №3 орта мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 01.09.1992 ж.- қаладағы алғашқы Лениногор қалалық әкімшілігі халықтық білім беру бөлімінің мектеп-лицейінің директоры, 02.04.1996 ж. бастап - Лениногор қалалық білім бөлімінің меңгерушісі, 23.06.1997 ж. бастап - Лениногор қаласы әкімнің орынбасары, 01.09.1999 ж. бастап - мектеп-лицей директоры, 03.01.2010 ж. бастап – «Шаңырақ» көпсалалы мектеп – гимназиясы» КММ орыс тілі мұғалімі, 1 қыркүйектен бастап – «Риддер қаласының білім беру бөлімі» ММ «Лицей» оқу - тәрбие кешені» ММ әлеуметтік педагогы, 2011 жылдың ақпан-маусым айларында - Риддер қаласы әкімінің орынбасары, ал оқу жылының басынан - дайындық курстарының орыс тілі мұғалімі, 25.11.2012 ж. бастап - Құмаш Нұрғалиев атындағы гуманитарлық колледж филиалының орыс тілі оқытушысы.

1978 жылдан бастап КОКП мүшесі Клавдия Гавриловна қаланың қоғамдық-саяси өміріне қатысты: XXXVII Лениногор қалалық партия конференциясының делегаты болып сайланды (1988 ж. 5 қараша), Лениногор қалалық халық депутаттары Кеңесінің қалалық халықтық білім беру бөлімінен (1990-1991жж.), 1999 жылдан бастап - Лениногор қаласында «Нұр Отан» партиясының ұйымдастырушысы және бірінші төрағасы.

2014 жылғы 2 ақпан «Қазақстан Республикасының Ардагерлер ұйымы» ҚБ Риддер қалалық филиалының есептік-сайлау конференциясында К. Г. Шушакова қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып сайланды. Осы жылы қала алдындағы ерекше еңбегі үшін, қаланың білім беру және әлеуметтік саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін оған «Риддер қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Қ.Г. Шушакова үкіметтік наградалармен марапатталды: «Қазақ КСР халық білімінің үздігі», «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілері, «Ағартудағы еңбегі үшін» естелік медалі, «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медалі, Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамотасы.

Клавдия Гавриловна және Фёдор Савинович Шушаковтар (1950-1996 жж.) Наташа деген қыздарын өсіп, тәрбиеледі (Н.Ф.Голованова, Риддер қаласы Халық банкі филиалының бастығы). Немересі Татьяна (1991 ж.т.) Томск басқару және радиоэлектроника университетін (ТУСУР) бітірді.

2016 жылы К.Г. Шушаковтың жеке отбасы мұрағатынан көп бөлігін Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік мұрағаты» КММ Риддер филиалына реттелмеген түрде сақтауға берді. Жүйеленгеннен кейін 1951-2016 жж. 96 құжаттан 10 іс қалыптастырылды, олар № 365 «Лениногор-Риддер қаласының құрметті азаматтарының құжаттарын жинақтау» қорының № 10 тізімдемесіне кірді.     

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru