Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Қапас (Ғаббас) Қашкимбаев

Қапас (Ғаббас) Қашкимбаев –1941-1945жж. Ұлы Отан соғысының қатысушысы, еңбек ардагері.

1922 (1921) жылы 10 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданының Мешіт (Тана) ауылында, (әскери билетте – Қандық-Төбе ауылы), Торсұқпаев (Торсықбаев) Қошкимбай (Қашқынбайұлы) және Нұрсапы (Нұрсапа) Бақыршыққызының отбасында дүниеге келген. 1925 жылы әкесі қайтыс болып, 1926 жылы жетім қалады. Бала Сіләм ағасының қолында тәрбиеленген. 1929 жылы Күршім ауданындағы (Бурабай ауылы) балалар үйінде тәрбие алған, 1936 жылы Көкпекті балалар үйіне ауыстырылып, ол жерде 10 сыныпты үздік аяқтаған.

1939 жылы Қапас Қашқимбаев Қызыл Әскер қызметіне шақырылады, 1940 жылы 17 қарашада әскери ант қабылдайды. Қатардағы сарбаз Қашқимбаев Қ. Благовещенск қаласына бағытталады, 1940 жылдың наурызында – Польшаның батыс шекарасына жөнелтіледі. 1941 жылы 22 маусымда жауды шекарашылар қатарында қарсы алады.

Ұлы Отан соғысы әскери әрекеттеріне қатысуы: шілде 1941 ж-21 тамыз 1943ж.

- Солтүстік-Батыс фронты – шілде 1941 ж. - тамыз 1941 ж. - атқыш;

- Волховский форнт – тамыз 1941 ж. - қыркүйек 1942 ж. - атқыштар бөлімінің командирі. Псков, Ленингрд, Тихвин қалаларын қорғау шайқастарына қатысқан. 59-шы Әскер басқаруымен Тихвин қ. арнайы тапсырманы орындағаны үшін «Шайқастағы ерлігі үшін» медальімен марапатталған. Үш рет жарақаттанған: қырүйек 1941ж., сәуір 1942ж. аяқ жүйкесі жараланған, қыркүйек 1942 ж. аяғына оқ тиген. 1942 жылдың маусымында Кеңес Одағының Коммунистік партиясының мүшесі болып қабылданады. 1943 ж. ақпанында Горький қ. Кеңес Әскерінің дайындық құрамының курстарында оқыған. Кеңес Социалистік Мемлекеттер Одағын қорғау ұлттық комиссарының 1943 жылғы 13 наурыздағы № 09777 бұйрығымен, Қашқимбаев Қапасқа лейтенант әскери атағы берілді. 

- Дала фронты – маусым 1943 жыл – тамыз 1943 жыл – 1-ші батальон 343 атқыштар полкінің 38 атқыштар дивизиясының комсомол бюро хатшысы. 1943 жылдың қарашасында аса ауыр жараланады. 1943 жылы 25 қарашада эвакуациялық ауруханада берілген № 1625 (аурухананың орналасқан жері түсініксіз) жараланған туралы анықтамада, «343 атқыштар полкінің гв.лейтенанты Қашкинбаев Қапас оң аяқ тізесінің ұшқырына перональді жүйкесіне ауыр жараланған» деп жазылған. 1943 жылдың 25 қарашасында 2 дәрежедегі шектеулі жарамды болып, куәландыру үшін УРАЛЗО (құжатта жазылған) әкімшілігіне бағытталады.

Емделген соң гвардия лейтенанты Қашқинбаев Қапас, 507а өндірістік-әскери зауытының (Қостанай қ.) фабрика-зауыттық оқыту мектебінің (ФЗО) басшысы болып бағытталады. Орал әскери округі Қолбасшысының 1944 жылғы 19 қаңтардағы № 062 бұйрығымен, 1944 жылы 27 қаңтарда қосымша құрамға шығарылады.

Шеберлігі мен өжеттігі үшін: Отан соғысың 1 дәрежелі ордені, «Өжеттігі үшін» медальдарымен, «1941-1945жж. Ұлы Отан соғысында Германия Жеңісі үшін», «Гвардеец» кеуде таңбасы, «Ұлы Отан соғысы Жеңісіне 25 жыл» таңбасымен, мерейтойлық медальдармен, грамоталар, құттықтау және алғыс хаттарымен марапатталған. 

 

Ұлы Отан соғысы Жеңісіне 55-жылды тойлау және неміс-фашистік басқыншыларын талқандаудағы офицерлік құрамға қосқан үлкен үлесі үшін, зейнетке шыққан капитан Қашкимбаев Қапасқа, 1941-1945жж. Ұлы Отан соғысы фронттарында шайқасқа қатысқаны үшін, Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрінің 2000ж. 21 наурызында № 9 бұйрығымен, кезекті «майор» әскери атағы берілген. 1999ж. 8 қазандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы үкіметі төрағаларының Кеңесі шешімімен, Қашкимбаев Қапасқа «1941-1945жж. Соғыс ардагері» таңбасы берілді.

Демобилизациядан кейін, 1944 жылдың тамызында Қашкинбаев Қапас Самар ауданы, Жаңажол сегізжылдық мектебінде ұстаздық қызметін бастайды. 1950 жылы Қашкинбаев Қапас Семей педагогикалық училищесін аяқтап, Семей педагогикалық институтының жаратылыстану факультетінде сырттай білім алады. Әскери басшы, 5-10 сынып орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі, география мұғалімі, биология және дене шынықтыру дайындығы, директор орынбасары, Қашкинбаев Қапас Жаңажол, Бастаушы, Құлұжын, Жаңажол жетісыныптық мектептерінде 40 жылдай қызмет атқарған.

1983 жылы 1 наурызда Қашкинбаев Қапас лайықты демалысқа шығады. 1982 жылы 20 қыркүйекте көпжылды әрі адал еңбегі үшін «Еңбек ардагері» медальімен марапатталды.

60 жылдан астам уақыт Қашкимбаев Қапас Сабирова Ташурамен тұрды (1924-2007жж.). Ерлі-зайыптылар: Гүлжазира, Мұратхан, Гүлфариза, Болатхан, Мунира, Айгүл, Жеңісбек, Гүлмира атты 8 бірдей баланы тәрбиелеп, өсірген. 18 немере мен 17 шөбере өсіруге көмектескен.

Қашкимбаев Қапас 2003 жылы 6 сәуірде өмірден өтеді.

Ұлы Отан соғысы қатысушысы Қашкимбаев Қапас (Ғаббас) құжаттары қайтарымсыз КММ «Мемлекеттік архив» мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Риддерлік филиалына, қызы Мунира Габбасовна Күзембаевамен 2018 жылы тапсырылды. Жүйелендіруден кейін, № 53 «Жеке шығуы бойынша құжаттар коллекциясы» қорының тұрақты сақтаудағы 1 тізімін жалғастырды, 1942-1943, 1945-1946, 1948, 1950, 1953, 1967, 1969-1989, 1995, 1997, 1999-2000, 2018жж. аралығындағы 46 құжаттардан 6 сақтау бірлігі құрылды.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru