Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Иевлев Павел Антонович

Иевлев Павел АнтоновичИевлев Павел Антонович (1906-1998ж.) – журналист, өлкетанушы, КСРО журналистері Одағының мүшесі.

Павел Антонович Иевлев (Павел Алтайский) Алтай өлкесі, Чарыш аулында туған, орыс, білімі – аяқталмаған жоғары. Павел антонович 17 жасынын Татарка тайгалы ауыл кеңесінің хатшысы болып жұмыс істеді. Оның әдеби қызметі «Риддерский рабочий», «За Большой Риддер» («Ульбастрой»), «Прииртышская правда» газеттерінде басталды.

1938-1940 жылдары П.А. Иевлев «Қазақстанды зерделеу Қоғамы» Риддерлік аудандық бөлімі басқармасының хатшысы болып тағайындалды. 1940 жылы «Год двадцатый» комсомол альманахында оның өлендері жарияланды.

1941 жылы соғысқа жай жауынгер ретінде шақырылып, Кутузов атындағы 20-артдивизия командирі болып аяқтады. 1945 жылы ұрыстар арасында 60-Оршан гаубиялық бригаданың тарихы жазылды. Жоғарғы Басшы Грамотамасымен, 1 ордендер және медальдармен, сонымен қоса Қызыл жұлдыз Орденімен, Отан соғысының 1 деңгейлі Орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
1946 жылы П.А. Иевлев Лениногорск қаласы бойынша «Большевик Алтая» газетінің редакциясына жеке тілшісі болып қабылданды, 1955 жылдан «Лениногорская правда» газетінде жұмыс істейді.

1957 жылы Шығыс Қазақстан облыстық партия комитетінің шешімі бойынша «Риддер-Лениногорск» кітапшасы басылып шықты, оның авторы П.А. Иевлев болды, онда 1786 жылдан (Филипп Риддердің кен орындарын ашқан күннен) кендер тарихы баяндалды. Бұл Лениногорскіде қала тарихы бойынша бірінші баспасөз еңбегі, құжаттарды Павел Антонович 27 жыл жинады. П.А. Иевлев баспасөз органдарындағы 25 жыл мінсіз еңбегі үшін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасымен марапатталды.

1962 жылы Павел Антонович Иевлев денсаулығына байланысты «Лениногорская правда» газеті редакциясынан шығады.
1977 жылы П.А. Иевлев «Риддер-Лениногорск» кітабы-кітапшаның кеңейтілген нұсқасын баспасөзге дайындады, «Тайга глухая» романы, «Тайна пещеры» повесті және «Анка» әнгімесі бойынша жұмыс жүргізді.

1978-1984 жылдары Павел Антонович «Лениногорская правда» газеті жанынан «Родник» әдеби бірлестікті басқарды, оның мақалалары «Ленинская смена», «Рудный Алтай», «Лениногорская правда» газеттерінде жарияланды. П.А. Иевлев өмірден 1988 жылы кетті.

П.А. Иевлевтің жеке архиві оның қызы Иевлева Светлана Павловнаның филиалына берілді. 1908-1988 жылдар бойынша 71 іс жинақталды. Бұл: шығармашылық, өмірбаяндық және суреттер-құжаттары, «Риддер-Лениногорск» кітапшасын жазуға мәліметтер іздеу туралы қаланың көне тұрғындарымен алысқан хаттар өте қызықты. Істердің сақталу жағдайы қанағаттанарлық.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru