Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Иванчук Франц Феликсович

Иванчук Франц Феликсович - Риддерлік тау-өндірістік комбинатының сәулетшісі, Лениногор қаласының бас сәулетшісі, суретші, бейнелеу өнері үйірме-студиясын негізін салушы.
1892 жылы 29 қаңтарда Мәскеу қаласында туды. Әкесі, Иванчук Феликс, механикалық зауыттың жұмысшысы, 1920 жылы қайтыс болды. Анасы, үй шаруасындағы адам, 1918 жылы қайтыс болды.
1904 жылы Франц Иванчук №203 тау училищесін аяқтады, 1909 жылдың қазан айында – Сытин Серіктестігі Типографиясының сурет-литография мектебін аяқтап, сол жерде тушист-литограф болып жұмыс істеді. 1912 жылдың 20 желтоқсанынан типографияның түптеу бөлімшесінде аэротиптік цехінің жетекшісі болып ауыстырылды.
1915 жылдың 16 қазанында Мәскеулік 56-жаяу әскер полкіне қатардағы жауынгер қызметіне, соңынан жұмысқа шақырылды. Ақпан төңкерісінен әскерден қайтқанға дейін (1918 ж. 01 сәуір) Москеңесінде баспа комиссиясында жұмыс істеді. 1918 жылдың сәуірінен Вешняк пен Сокольникте тәртібі қиын балалар үйінде қызмет атқарды. 1919 жылдың қазанында РКП (б) Сокольничий ұйымына кірді, 1920 жылдың ақпанында 1921 жылға дейін Польша ревкомына іссапарға жіберілді.
Әскерден қайтқаннан кейін партияның Орталық комитеті арқылы Еркін Жоғары көркем шеберханысна оқуға жіберілді (кейін – Ішкі көркем-техникалық шеберхана - ВХУТЕМАС). 1925 жылы Франц Феликсович Сокольничий аудандық партия комитеті аппаратына жұмысқа шақырылды. 1928 жылдан 1932 жылға дейін Жоғары Көркем техникалық институтында (кейін Жоғары сәулет-құрылыс институты – ВАСИ) оқып, инженер-сәулетші атағын алды.
Институттан кейін НКТП өндірістік құрылым жобасында өндірістік аудандардың жоспарлау бөлімінің жетекшісі болып жүріп, институт аспиранты болды. 1933-1936 жылдары № 5, № 10 Москеңес жоспарлау бөлімдерінің сәулет-жоспарлау шеберханаларында жұмыс істеді. Франц Феликсович 1935 жылы 10 шеберханалық бөлім жетекшісі орынбасары бола жүріп табысты еңбегі үшін 2 айлық еңбекақы мөлшерінде сыйақы және Москеңес Президиум алғысын алды.
1935 жылы партия құжаттарын тексеру кезінде Бауман аудандық комитеті бюросының шешімі бойынша троцкист Вайсманды әшкерелемегені үшін Ф.Ф.Иванчук партиядан шығарылды. Мәскеу партия комитетінде Иванчуктің ісі қаралғаннан кейін, бюро шешімі райталған соң, партияның Орталық комитеті жаныдағы КПК-ға аппеляцияға берілді. Іс қайта қаралды - Франц Иванчук әкімшілік жұмысында салақтық үшін сөгіс жарияланып, партия қатарына қайтарылды.
1936 жылдың қараша айында НКТП кадрлар бөлімінің жолдамасымен Ивачук Риддер қаласына жіберілді (1941 жылдың 6 ақпанына дейін Лениногор қаласы), ол «Алтайполиметалл» комбинатының жобалау бөлімінің сәулетшісі болып қабылданды. 1937 жылдың басында Қазан Социалистік революциясының 10-жылдығы клубы жанында бейнелеу өнерінің жас суретшілері үйірме-студиясын ұйымдастырды, ол қаланың дарынды жастарын қалыптастыру орталығы болды. 
1937 жылдың 7 тамызынан Қазақстанның большевиктері Компартиясының Риддерлік қалалық комитеті шешімі бойынша Ф.Ф.Иванчук екінші рет партиядан шығарылды. 1924 жылы ВКП (б) қатарынан екінші рет шығарылған, ВХУТЕМАС-та парт ұйымының хатшысы бола отарып, өнер рабфак Троцкий атына ауыстыруға қол қойдлы, (Троцкий сол кезде ОК политбюро мүшесі болды). Өтінішке қол қойылып, Франц Феликсович 1939 жылы ВКП (б) Сокольничий қалком жетекшісі келісімімен партия қатарына қайтарылды.
1939 жылдың тамыз айында Ф.Ф.Иванчук өз еркімен жобалау бөлімінен жұмыстан шығып, Мәскеулік Гиппроцветмет жүйесінде екі жыл жұмыс істеді. Риддерге қайтып келгенде «Алтайгиппроцветмет» филиалында жұмыс істеді. Фашистік Германиямен соғыс кезінде Иванчук комбинаттың аға, кейін бас сәулетшісі болып істей отырып, «Ұлы Отан Соғысы жылдары (1941-1945жж) ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Соғыстан кейін Франц Феликсович қала сыртындағы саяжаларды, пионер лагерін, Крольчатникте балалар үйі үшін саяжаларды, ЛПК профилакториясының демалыс орнын, 50-жылдардағы қаланың орталық бөлігінің жоспарын жасады, Ленин даңғылы (қазір Тәуелсіздік даңғылы) бойынша желекжолын қалады, қазірде ол жер қалалықтардың сүйікті орны болып отыр. 1954 жылдан Фрнац Феликсович «Білім» қоғамының мүшесіне кірді.
1956 жылы Франц Феликсович Иванчук зейнеткерлікке шығып, Лениногор қалалық кеңесі орындаушы комитеті жанындағы бас сәулетшісі болып жұмыс істейді, бейнелеу өнері студиясының жетекшісі болды. 1958 жылдың 15 қазанында Лениногор қаласының бас сәулетшісі болып бекітілді, Мәдениет Сарайы сәндік-көркем ресімдеуін жауапты адамы болды.
1961 жылдың 30 қаңтарынан Ф.Ф.Иванчук өз еркімен құрметті демалысқа кетті, 1965 жылға бейнелеу өнері студиясында жұмысты жалғастырды. 1966-1967 жж Франц Феликсович Өскемен қаласына көшеді, құрылыс-жол институында (СДИ) сәулет-көркем суреттен сабақ береді.
Франц Феликсович Иванчук 83 жасында 1975 жылы қайтыс болды.

2011 жылы Ф.Ф.Иванчуктің құжаттарының көп бөлігі оны қызы М.Ф.Иванчук-Петрачковамен мұрағатқа сақтауға тапсырылды (жеке құжаттарының көшірмесі; марапаттау туралы; көркем және шығармашылық жұмыстары; Риддер-Лениногор бейнелеу өнері студиясы туралы мәліметтер; бірінші оқушысы, КСРО суретшілер одағының мүшесі, Комсомолск-на Амуре қаласының бас суретшісі Н.П.Долбилкин туралы құжаттар). Басқа құжаттар құрамның толық болуы үшін «Риддерлік тарихи-өлкетану мұражайы» КМҚК қорынан келесі көшірмелер түрінде алынды: Риддерлік-Лениногор бейнелеу студиясының студиялықтарының майдандық және соғыстан соңғы  хаттары. 22 іс - 1917, 1921-1969,2006 ж. № 1 тізімдеменің № 373 қорына кірді.

1930ж., Ф.Ф. Иванчуктың портреті

1985ж., Ф.Ф. Иванчуктың портреті

   
1937ж., Ф.Ф. Иванчук бірінші студиецтермен

1956-1957жж., Иванчук студиецтермен

   
 
2002ж., Ф.Ф. Иванчуктың қызы, М.Ф. Пертачкованың портреті
 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru