Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Тихоновская Прасковья Семеновна

Тихоновская Прасковья Семеновна – Қаз КСР ағарту үздігі, Лениногор қаласының Құрметті азаматы, Ю.А.Гагарин атындағы мектеп-интернаттың бірінші директоры, соғыс жылдарында халыққа білім беру қалалық бөлімінің меңгерушісі, Л.М.Рощин атындағы № 11 орта мектеп директоры, Шығыс Қазақстан облысында Әсери Даңқ мектеп мұражайын бірінші құрушы, орыс тілі және әдебиеті мұғалімі.

1918 жылдың 28 қазанында Риддерский кентінде бірінші коммунистер Семён Львович және Евдокия Наумовна Тихоновскийлер отбасында дүниеге келді. Әкесі – Брусиловский шебін бұзу әсери іс-әрекеттердің қатысушысы, он жеті жыл ат ауласының басшысы болып істеді, анасы – жалдамалы аспаз, мейрамханада жоғары санатты аспазшы (Мәскеуде курстан өтті), 1927 -1949 жылдары – пионер лагерьлерінде ауыспайтын аспаз, Лениногордың және мектептердің бірнеше пионерлер дружиналарының құрметті пионері, Риддерде әйелдер қозғалысының дамуына үлкен үлес қосты.

Бала кезінен Пана Тихоновская Евдокия Наумовнамен үйде әдеби оқуларға қатысты, Гүлдер Клубында, Кеншілер Үйінде пьесалар мен спектакельдерде әртіс болып қатасыты. Жастар өнерпаздарының Бүкілодақтық байқауында 1930 жылы өлең оқу байқауында дипломмен және алтын жұлдызбен марапатталды, оқу үздіктерінің бірінші қазақстандық өлкелік пионерлер слетының делегаты (Алматы, 1934 ж.), Алматы педагогикалық институтының сталиндік стипендиаты.

 Паны Тихоновскаяның суреті, 1921-1922 жж.

1941 жылы Прасковья Тихоновская институтты аяқтаған соң туған қаласына оралды (1941 жылдың 6 ақпанынан Риддер қаласы Лениногор қаласы болып аталды). № 14 мектептің орыс тілі және әдебиеті мұғалімі бір айдан соң оқу ісінің меңгерушісі болып тағайындалды, үш айдан соң мектеп директоры болды. 1942 жылдың маусымынан қалалық білім бөлімінің меңгерушісі, бір жылдан соң әскери қызметкерлер істері бойынша облыстық Кеңес төрағасының орынбасары, 1944 жылдың күзінен Лениногор қалалық білім бөлімінің меңгерушісі,, сол жылы №12 мектептің оқу ісінің меңгерушісі болды. 1949 жылдан Лениногор қалалық партия комитетінің хатшысы, 1951 жылдан білім беру сұрақтары бойынша шығыс қазақстан облысының облыстық комитеті бөлімінің меңгерушісі, Қазақстанның  компартиясының VI съездінің делегаты.

1952 - 1957 жж. Прасковья Семеновна Тихоновская жұбайы Вячеслав Николаевич Хромовпен, кәсіби әскери қызметкер, гарнизоннан гарнизонға, қаладан қалаға көшіп жүрді. 1957 жылы әскери қызметтен шыққаннан кейін отбасы Лениногор қаласына көшіп келді 1957 - 1959 жж. П.С. Тихоновская № 12 орта мектепте жұмыс істеді.

1959 жылдың 26 маусымында Прасковья Семёновна қамтамасы төмен отбасалары балалары үшін салынып жатқан мектептің директоры болып тағайындалды (1958 ж. Қазақстанда 3 мектеп-интернат ашылды: Алматы, Қарағанды, Өскемен қалаларында). Барлығы бірінші жетінші сыныптарға 2010 бала қабылданды. 1960 жылдың 25 қаңтарында мектептің ашылуы өтті. 1961 жылдың 12 сәуірінде мектепке бірінші ғарышкер Юрий Алексеевич Гагаринннің есімі берілді. Балалармен Юрий Гагарин туралы материал жиналды.

                     Бүкілодақтық жұмысшылар көркемөнерпаздары байқауының жеңімпазы, дипломмен және
 Алтын Жұлдызбен марапатталды, Риддер жұмысшылар
                   кенті, 1930 ж.

Прасковья Семёновна бірінші күннен балалардың патриоттық тәрбиесіне көп көңіл бөлді, сонымен қатар еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке ұйымдастырушылқ қабілеттерін дамытуға еңбек етті. Оған шығармашылық үйірмелер, қызықты адамадар кездесулер көмектесті.

1964 жылдың сәуірінде П.С. Тихоновская № 11 сегіз жылдық мектептің директоры болып тағайындалды. 1965 жылдың 7 мамырында мектепке Кеңес Одағының батыры, мектептің тәрбиеленушісі Льев Михайлович Рощиннің есімі берілді. 1965 жылы Прасковья Семёновна Ленинград қаласына пионерлер дружинасының жұмысы туралы жұмыс тәжірибесімен алмасуға жіберілді. 1967 жылдың 22 сәуірінде мектепте Ленин бөлмесі ашылды, бөлмеде ардагерлермен, лениногорлық батырлармен, коммунистермен, стахановшылармен кездесулер өткізілді.

1966 жылы мектепте Шығыс Қазақстан облысында бірінші болып Әскери Даңқ мұражайы ашылды, мұражайда лениногорлық Кеңес Одағының Батырлары, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлері туралы бай материал жиналды. Мектеп пионерлері шыққан тау шыңына Кеңес Обағының батыры Льев Михайлович Рощиннің есімі берілді. 
       

Оқу екпінділерінің Бірінші Қазақстандық өлкелік пионер слетының
                    делегаты, Алматы қаласы, 1934 ж.

1968 жылы Прасковья Семёновна Тихоновская құрметті демалысқа шықса да, қаланың қоғамдық жұмысына белсені қатысуды жалғастырды.

П.С. Тихоновскаямен Кеңес Обағының батырлары, лениногорлықтар, Л.М. Рощин және В.М. Безголосов («Память», «Тяга к небу», «Вспомним всех поименно», «Родина светлая всем дорога», «Вечен подвиг в сердцах поколений»), Ұлы Отан соғысы ардагерлері, тыл жұмысткерлері («Время, люди, жизнь», «Сквозь дымку десятилетий…», «Годы, факты, люди», «Живу, пока помню», рукописи «Великая дружба», «О театре в Риддере», «Город. Люди. Жизнь», «Театр»), Риддер қаласында пионерлер отрыдтарын құру («Война и школа», «Имя победы – работа!», «Отзвучали горны звонкие», «Славная летопись»), Ю.А. Гагарин атындағы мектеп интернат («Слово матери», «Космос и мы, лениногорцы») туралы 150 мақала мен очерктер жазылды.  

Л.М.Рощин атындағы № 11 сегізжылдық мектепте Ленин бөлмесінің
ашылуында Ленин орденімен марапатталған лениногорлықтар арасында
П.С. Тихоновская (сол жақтан жетінші), Лениногор  қаласы, 22 сәуір
1967 ж.

2009 ж. Прасковья Семёновна жеке мұрағатының бір бөлігін «ШҚО Риддер қаласының Мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесіне (қазір Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының «Мемлекеттік мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Риддерлік филиалы) берді. Құжаттар жүйеге келтірілгеннен кейін 1920-2009 жж. бойынша 28 іс құрастырылды, олар №3 № 365 «Лениногор қаласының Құрметті азаматтарының жеке құжаттарының коллекциясы» тізімдемесіне кірді.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru