Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Ақпараттық технологиялар бөлімі

►Ақпараттық технологиялар бөлімі туралы ереже

Бөлімнің негізгі міндеті облыстық мемлекеттік архивінде архив құжаттарының сақталуын және пайдалануын қамтамаз ету үшін ақпараттық технологияны өркендету және жетілдіру, жеке және заңды тұлғалардың құжаттарды электронды архив арқылы тез және тиімді болуын қамтамаз етуді тудыру, ақпараттық жүйе құру, ол ақпаратты іздеуге, жинақтауға, сараптауға, таратуға, тапсыруға арналған. 

Бөлім қызметкерлері облыста, қалада, болып жатқан оқиғаларға байланысты фото және видео түсірілімдер жүргізеді; сақтандыру қоры мен архив құжаттарын пайдалану қорларының жұмыстарын тудыруды іске асырады (сонымен қатар АҚҚ).

БЕКНИЯЗҚЫЗЫ ЖАНГҮЛ - бөлім жетекшісі

Лауазымдық міндеттері: 

1) бөлімге басшылықты жүзеге асыру;
2) бөлім жұмысы туралы жоспар құру және есеп беру;
3) бөлім қызметкерлерімен жоспарлы және жоспардан тыс тапсырмаларды орындауын бақылау;
4) бөлімнің ғылыми-әдістемелік және өндірістік қызметін жүзеге асыру;
5) бөлім жұмысының практикасына әдістемелік дайындықтарды, жаңа ақпараттық технологияларды енгізу;
6) сақтандыру қорын және архивтік құжаттардың (с.қ. АҚҚ) пайдалану қорын құру бойынша жұмысты атқару;
7) енгізілген формалар бойынша мәліметтер базасын (МБ) құрумен айналысу;
8) бөлім жұмысының жеке түрлеріне хронометраж жүргізу;
9) автоматтандырылған принтофистік технологиялар негізінде, арнайы полиграфиялық өнімдерді (көрмелерді, құттықтау мекенжайларды, кітапшаларды, шақыруларды және т.б. рәсімдеу) дайындаумен айналысу, конференцияларға, мәжілістерге т.б. мультимедиялық тұсаукесерлер дайындау;
10) фото және бейнетүсірім жүргізуін, көшіру-көбейту жұмыстарын, құжаттарды және фотосуреттерді сканерлеу, сөніп бара жатқан мәтіндерді қалпына келтіруін ұйымдастыру;
11) бөлім қызметкерлерімен Ғаламтор жүйесін, электронды поштаны тиімді пайдалану үшін бақылау жүргізу;
12) бөлімге жұмыс үшін қабылданған мұрағаттық құжаттардың, фотосуреттердің, материалдардың сақталуын қамтамасыз ету;
13) ЛЕТ-ның кепілдік және кепілдіктен тыс кезеңде, есептеу және көшірмелеу-көбейту техниканың жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету сұрақтар бойынша, мамандырылған қызмет көрсету мекемелерімен келісім-шарттарды уақытында жасау үшін бақылау жүргізу;
14) қолданатын есептеу және ұйымдастыру техниканы уақытында модернизациялау үшін бақылау жасау;
15) қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға тапсырыстар жасау;
16) есептеу техникамен және бағдарламалық құралдарымен қолдану дәрежесін жоғарлату бойынша, сабақтарды, өндірістік оқуды ұйымдастыру және жүргізу;
17) облыстық мемлекеттік архивінің басқа құрылыстық шағын бөлімшелермен, бөлім жұмысын үйлестіру;
18) облыстық мемлекеттік архиві мен филиалдардың бөлім қызметкерлерінің қызметіне жататын сұрақтар бойынша кеңес беру;
19) еңбек қорғау, техника қауіпсіздік және өрте қарсы қорғаныс ережелері мен қағидаларын сақтауды қамтамасыз ету;
20) бөлімде орналасқан компьютерлердің және ұйымдастыру техникаларының, жабдықтың жағдайын қадағалау;
21) облыстық мемлекеттік архивтің ішкі тәртіп ережелерін және жұмыс тәртібін сақтау. 

Байланыс телефоны: 8 (7232) 25-01-85

 

 

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru