Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Дәуір белесі газетте

2013 жылдың 18 сәуірінде А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханасында «Дәуір белесі газетте» атты ғылыми-практикалық конференциясы өтті, онда «Дидар» және «Рудный Алтай» облыстық газеттерінің журналисттері, облыстық мұрағатының қызметкері қатысты.

Біздің қаламызда баспасөздің туу тарихына ерекше назар аударылған. 1914 жылы Өскемен қаласында «Телеграммы Российского телеграфного агентства» басылып шығарыла бастады. Билік Уақытша үкіметінің қолына ауысқаннан бері, біздің өлкемізде «Известия Усть-Каменогорского Совета рабочих и солдатских депутатов» атты бірінші газетін басып шығара бастаған, Өскемен қаласында эсерменьшевиктік Кеңесі құрылды.

1918 жылдың наурызында Өскеменде Кеңес өкіметі орнады, ал шамалы бір айдан соң «Голос Алтая» атты большевиктік газеті басылып шығарыла бастады.

1918 жылдың 10 маусымында Өскеменде билік ақ әскерлердің қолына ауысты. Контрреволюциялық төңкерістен үш күннен кейін, Өскеменде «Усть-Каменогорская жизнь» атты әдеби-қоғамдық күнделікті жаңа газет шықты.

1920 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Известия Усть-Каменогорского уездного революционного комитета» шыға бастайды, сол жылдың жазында «Советская власть» атты газет оның орнын басады.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Бейбітшілік көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2019
Рейтинг@Mail.ru