Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Бөлімдегі оқу

2013 жылдың бірінші кварталында Шығыс Қазақстан облысы мұрағаттар және құжаттама бақармасының «Мемлекеттік мұрағаты» КММ құжаттардың сақталуын және мемлекеттік есебін қамтамасыз ету бөлімінде «Шығыс Қазақстан облысының электронды мұрағаты» автоматтандырылған басқару жүйесімен жұмыс істеу тақырыбына жоспарлы өндірістік оқу жүргізілді.

«Шығыс Қазақстан облысының электронды мұрағаты» автоматтандырылған басқару жүйесі 2011 жылы IT Rating компаниясымен өңделген. 2012 жылы Шығыс Қазақстан облысының Мемлекеттік мұрағаты осы бағдарламаны енгізу бойынша жұмыстарды бастады. Құжаттардың сақталуын және мемлекеттік есебін қамтамасыз ету бөлімінде құжаттарды есепке алу модуліне мәліметтерді енгізу жұмысымен 4 қызметші айналысады. Осы күнде «Шығыс Қазақстан облысының электронды мұрағаты» АБЖ 182 қор енгізілді.

«Шығыс Қазақстан облысының электронды мұрағаты» АБЖ мұрағаттың зерттеушілері мен қызметшілеріне облыстың мемлекеттік мұрағатында сақтаудағы қорлар туралы мәліметтерді шапшаң табуға; бөлек алынған қор құжаттарының құрамын көруге; бөлек алынған әр қордағы істер санын білуге; қордың ғылыми-ақпараттық аппаратымен танысуға көмектеседі. Сонымен қатар, автоматтандырылған жүйе қордың орналасқан жерін шұғыл түрде табуға, әр қор құжаттарының физикалық жағдайын тексеруге мүмкіндік береді.

«Шығыс Қазақстан облысының электронды мұрағаты» АБЖ – облыстың мемлекеттік мұрағатының жұмысы үшін аса практикалық маңызы бар ақпараттық базасы болады. Бағдарламаға мәліметтерді енгізу жұмысы тек бір жылда жасалынбайды, осыған байланысты осы бағдарламаны толтыру тәртібін оқу, «Шығыс Қазақстан облысының электронды мұрағаты» АБЖ толтыру бірыңғай әдістемені даярлау қажеттілігі туындап отыр.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2024
Рейтинг@Mail.ru