Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

Кітаптің тұсаукесері

Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік мұрағатында» КММ 2013 жылдың 19 наурызында А.А.Әубакировтың «Соңғы монолог» атты кітабының тұсаукесері өтті.


Алдияр Ақылбекұлы Әубәкіров 1949 жылы 20 қаңтарда Ұлан ауданының Қарабас ауылында дүниеге келді. 2001 жылдың ақпан айында Шығыс Қазақстан облысы мұрағаттар басқармасының лауазымына тағайындалған. Алдияр Ақылбекұлының ұйымдастырушылық қасиеттері мен қабілеттілігінің арқасында қысқа мерзім аясында мемлекеттік мұрағаттардың материалдық техникалық базасын жаңғыртты. Оның тікелей бастамасымен қала және облыс жұртшылығымен, Ресей мемлекеті облыстық мұрағаттарымен тығыз байланыстар орнатылды. Соның арқасында Шығыс Қазақстанның тарихы мен мәдениетінде орын алатын аса құнды маңызы бар құжаттар іздеп табылды.


2013 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысының  мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік мұрағаты» КММ директоры болып тағайындалды.  

А.А.Әубәкіровтың «Жазира», «Агриппа», «Жарылғап батыр» «Сағыныш»,  «Рапиық», «Мүк», «Ер Сәтбек» кітаптары жарық көрді. А.А.Әубәкіровтің өлеңдері, әңгімелері және мақалалары республикалық «Қазақ батырлары», «Ақ Ертіс» журналында, облыстық «Дидар», «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланды.

«Соңғы монологта» ерте замандағы XIIIғ. қазақ-қыпшақ тайпаларының ең ірі және әйгілі батырлардың бірі Найман Кетбұқа туралы жазылған және оның он екінші ұрпағы Жарылғап батырдың еліне қызметі туралы паш етілген. Кітапқа А.А.Әубакировпен қазақ тіліне аударылған Шекспирдің 100 сонеттері (С.Маршактың орысша аудармасы) енгізілген.

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Бейбітшілік көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2019
Рейтинг@Mail.ru