Тәжірибе алмасты
Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Зайсан аудандық филиалына 14 қазан 2026 жылы Тарбағатай, Күршім аудандық архив филиалдарының қызметкерлері іс- сапармен арнайы келді. Мекеме директоры Козлов Виктор Николаевич келген қызметкерлерді қарсы алып, архивпен таныстырып, құжаттар сақталатын қоймаларды аралатып көрсетті. Архивистер Нұргүл Омарова, Тотығұс Нұғұмановалар архивтің жылдық жұмыс жоспарын жасау бойынша талаптарымен таныстырды. Жұмыс жоспарының орындалуы, құрастырылуы, «Е-Архив АЖ «Істер номенклатурасы» модулімен жұмыс туралы айтып, түсіндірді. Олардың сұрақтарына жауаптар қайтарылып, практикалық көмек көрсетілді. Тәжірибе алмасуға келген архивист-мамандар Зайсан аудандық филиалының тыныс-тірішілігін өз көздерімен көріп, осы іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқандары, ынталы болғандырына ризашылықтарын білдіріп, ұжымның жұмысына жетістіктер мен табыс тілеп қоштасты. Архив іс - ел тарихының, халықтың рухани мұрасының, құнды тарихи дереккөздерінің қазынасы болып табылады. Алдағы уақытта да архив ісін заман талабына сай дамыту, жылдық жоспардың орындалуы жолында жетістіктерге жету мақсатында қызмете береді!







