Архивтің оқу залында
Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Зайсан аудандық филиалына 2026 жылдың 20-тамыз күні Жапония елінен Токио университетінің халықаралық ғылым мен өнер зерттеу бөлімінің докторонты Кэндзи Мацуо докторлық диссертация тақырыбымен, зерттеу жұмыстары үшін арнайы архив құжаттарынан мәлімет іздеп келді.
Дәл осы күні, Зайсан архивінде жеке тектік құжаттары сақталған, қор иесі Алматы қаласындағы тарих және этнология институтының профессоры, этнограф-ғалым Ахмет Тоқтабайдада оқу залына келіп құжаттармен жұмыс істеді.
Тарихи деректер іздеуге келген ғалымдарға барлық сұралған керекті істері мен құжаттары тапсырылып, қызмет көрсетілуде. Архив басшысы Козлов Виктор Николаевич шетелдік ғалыммен танысып, архив мекемесінің тарихымен таныстырып өтті.
Жаһандану және жаңа ақпараттық технология заманында архив қорларындағы құжаттардың тарихи және ғылыми құндылықтары өсуде. Бұл зерттеушілердің архивтік деректерге деген сұраныстарын, қызығушылықтарын арттырады.








