Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

ҚАСЫМОВ А.

ШҚОМА: 1535 қ., 1 т., 55 с.б., 1959-2013ж.ж.

Қасымов Айтмухамбет (29.06.1950.ж.т) – журналист, Қазақстан Жазушылар және журналисттер одақтарының мүшесі, «Дидар» газетінің бас редакторыың орынбасары, филология ғылымының кандидаты, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері.

А. Қасымовтың шығармашылық құжаттары.

Мақалалар: «Майра», «Ең бастысы – адам», «Қалкен», «Әсия», «Жұлдыз», «Аудан тарихын сақтаушы», «Майдангер редактор», «Шеберлер», «Коммунист жауапкершілігі», «Мәжілісте қалаған мәселелер», «Билікке билік айтар кім?» және тағы басқалар. «Коммунизм туы», «Дидар» газеттерінің қиындылары (1975-2009).

Кітаптар: «Алтайдан ұшқан ақиық», «Арулар әлемі», «Үміт патшалығына саяхат», «Қызыл қырғынның құрбаны», «Қазақ халқының түңғыш әскери ұшқышы Жақыпбек Малдыбаев», «Тарихи жол» (1999-2011).

Аударма: А. Қасымов Роза Муканованың «Ляйла – дитя луны» (Вечно детский облик) туындысынның аударымы (1998).

А. Қасымовтың ғылыми қызмет құжаттары: А. Қасымовтың «Қапан Сатыбалдиннің драматургиясы» атты диплом жұмысы, «Шығыс Қазақстан облыстық газетінің қалыптасу, даму кезеңдері 1931-2006 жж.» диссертациясы және диссертациясының авторефераты (1973-2009).

А. Қасымовтың өмірбаяндық құжаттары.

Жеке басының құжаттары: сегіз жылдық білім туралы куәлік, орта білім туралы аттестат, спорттық жарыстардан алынға грамоталар, дипломдар, филология қылымының кандидаты ғылыми дәрежесін растайтын құжат, өмірбаяны, түйіндеме, есеп карточкасы, куәліктер, «Атом өнеркәсібі – ХХІ ғасыр болашағы» семинарында қатысқан сертификаты, мүшелік билеттері, «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «10 жыл Астана» медальдерінің куәліктері (1959-2013).

А. Қасымовтың қоғамдық іс-әрекеттерінің құжаттары: Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетінің  шежіресі, Ауған соғысының жауынгерлері және олардың аналарымен сұхбаттың алғашқы нұсқасы.

Мерейтой құжаттары: шақыру билеттер, 50 жылдық мерейтойымен құттықтаулар, құттықтау өлеңдері (1991-2013).

А. Қасымовтың құжаттары: Қазақстан Республикасы Журналисттер одағының мүшесі, Ә. Мәлғажиннің А. Қасымовқа филология ғылымының кандидаты атағымен құттықтау хаты (2008).

А. Қасымов туралы құжаттар: Ғ. Байбатыров «Қаламгер қолтаңбасы», Ә. Бапанов «Өмірдің жылнамасы», Ә. Ибакова «Жұмысшыдан – «Дидарға» дейін» және тағы басқа мақалалар. Ж. Әлібаев А. Қасымовты Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Журалистиканы дамытудағы ізденісі және қосқан үлесі үшін» сыйлығына ұсыныс хаты, А. Қасымовтың диссертациясының авторефератына пікір (1990-2011).

А. Қасымовтың өзін қызықтырған мәселелер бойынша жинақтаған құжаттары: Ш. Ибраевтің «Персональная выставка самодеятельного художника» кітапшасы, «Өскемен қаласы жалауы туралы» мәслихат шешімі, «Жаса, Өскемен!», «Усть-Каменогорск» әндері, «Болашақ бүгіннен басталады» ұлттық байқауының баспа-релизі, Мақсұт Тынышбаевтің, қазақтың алғашқы әсери ұшқышы Ж. Малдыбаевтың 100-жылдығына жинақтаған материалдары, Ж.О. Ендібайұлының диссертациясының авторефераты, қолжазбалар (1987-2007).

А. Қасымовтың бейнелеу құжаттары: жеке түскен, отбасылық, әріптестермен, жолдастарымен, журналисттермен ақындар делегация құрамында барып қайтқан фотосуреттер, «Ерен еңбегі үшін» медалін тапсырудағы фотосурет, Мақсұт Тынышбаевтың қызы мен немересінің фотосуреті (1980-2013).

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2026
Рейтинг@Mail.ru