2025
|
Оқиға күні |
Оқиға атауы |
|
14 қаңтар |
Өскемен педагогикалық институтының тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Петров Василий Игнатьевичтің туғанына 100 жыл (1925). |
|
16 қаңтар |
«Рудный Алтай» газетінің бас редакторының орынбасары, журналист Владлен Мейерович Шустердің туғанына 85 жыл (1940). |
|
21 қаңтар |
Геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, геология, геохимия және экология бойынша 132 ғылыми жұмыстың авторы, геохимик, ақын, педагог Виктор Степанович Аксеновтың туғанына 90 жыл (1935). |
|
28 қаңтар |
Өскемен қаласында тұңғыш қазақ бастауыш мектебінің ашылғанына 105 жыл (1920 ж.) |
|
28 қаңтар |
Өскемен қорғасын-мырыш комбинатының жұмысшысы, Лениндік сыйлықтың лауреаты Иван Иванович Котовтың туғанына 100 жыл (1925). |
|
7 ақпан |
Шығыс Қазақстан халықтарының кіші ассамблеясының құрылғанына 30 жыл (1995 ж.). |
|
27 наурыз |
Өскемен титан-магний зауытының іске қосылғанына 70 жыл (1965 ж.) |
|
27 наурыз |
Ақын, жазушы, КСРО Жазушылар одағының мүшесі, Петров ғылым және өнер академиясының корреспондент-мүшесі Евгений Васильевич Курдаковтың туғанына 80 жыл (1940). |
|
17сәуір |
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивінің құрылғанына 85 жыл (1940). |
|
1 мамыр |
Кеңес Одағының Батыры Вареп Иван Иосифовичтың туғанына 115 жыл (1910) |
|
1 мамыр |
КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің кавалері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Бітібаева Қанипа Омарғалиқызының туғанына 80 жыл (1945). |
|
15 мамыр |
Кеңес Одағының Батыры Федор Дементьевич Туровтың туғанына 115 жыл (1910 ж.) |
|
25 мамыр |
Диагностикалық орталықтың алғашқы кезегін пайдалануға берілгеніне 30 жыл (1995 ж.). |
|
1 маусым |
Жеміс-көкөніс тәжірибе алаңының ғылыми қызметкері, өлкетанушы Елена Дмитриевна Панкратьеваның туғанына 105 жыл (1920) |
|
11 маусым |
«Ұлан таңы» - «Ұланские зори» газеттерінің директоры, бас редакторы, КСРО Журналистер одағының мүшесі, Ұлан ауданының құрметті азаматы Жанғозин Жансап Шыңғысұлының туғанына 75 жыл (1950 ж.) |
|
7 тамыз |
Зоолог, Қазақстан фаунасын зерттеуші Борис Алексеевич Белослюдовтың туғанына 110 жыл (1915ж.). |
|
10 тамыз |
Ақын-ағартушы Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл (1845ж.) |
|
14 тамыз |
Бұқтырма СЭС алғашқы агрегатының іске қосылғанына 65 жыл (1960) |
|
30 тамыз |
Өскемен қаласының құрылғанына 305 жыл (1720 ж.). |
|
1 қыркүйек |
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, журналист Сақабаев Көкейдің туғанына 95 жыл (1930), |
|
1 қыркүйек |
Өскемен музыкалық училищесінің ашылғанына 70 жыл |
|
16 қазан |
Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көпірдің пайдалануға берілгеніне 25 жыл (2000 ж.). |
|
20 қазан |
Тарих ғылымдарының кандидаты, Өскемен педагогикалық институтының тарих факультетінің деканы, доцент, өлкетанушы Виталий Сергеевич Федоровтың туғанына 85 жыл (1940). |
|
25 қазан |
Медицина училищесінің ашылғанына 90 жыл (1935). |
|
31 қазан |
Өскемен қаласында өрт күзетінің құрылғанына 90 жыл (1935) |
|
2 қараша |
Өскемен педагогикалық институтының жалпы техникалық факультетінің деканы, Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі Альберт Генрихович Фольцтың туғанына 105 жыл (1920). |
|
6 қараша |
Қазақ КСР еңбек сіңірген энергетик, «Алтайэнергия» басқарушы Кейлин Моисей Файтелеевичтің туғанына 115 жыл (1910 ж.) |
|
16 қараша
|
Томск мемлекеттік университетінің профессоры, орнитолог Виталий Андреевич Хахловтың туғанына 135 жыл (1890 ж.) Өлкетанушы, орыс географиялық қоғамының Батыс-Сібір бөлімінің мүшесі Хахлов Андрей Степановичтің туғанына 180 жыл (1845 ж.) |
|
14 желтоқсан |
Өскемен қаласының "Менің қалам" құрметті азаматтары қоғамдық қорының директоры, Қазақстан Журналистер Одағының және ШҚО шығармашылық интеллектуалдық қауымдастығының мүшесі, Ресей Жазушылар одағының мүшесі Пуссеп Геннадий Николаевичтің туғанына 80 жыл (1945). |
|
19 желтоқсан |
Кеңес Одағының Батыры Төлеген Тоқтаровтың туғанына 105 жыл |
|
25 желтоқсан |
Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушы Эдуард Михайлович Григорьянцтың туғанына 90 жыл (1935 ж.) |
|
1905 ж. |
Өлкетанушы, ата - тегі жинаушы Василий Алексеевич Рыбаковтың туғанына 120 жыл. |
|
1910ж. |
Кеңес Одағының Батыры, Өскемен қаласының құрметті азаматы Петр Климентьевич Миллердің туғанына 115 жыл |
|
1915ж. |
Кеңес Одағының Батыры Владимир Иванович Мызаның туғанына 110 жыл |
|
1920ж. |
Кеңес Одағының Батыры Иван Васильевич Топорковтың туғанына 105 жыл |
|
1920ж. |
Кеңес Одағының Батыры Виталий Мефодьевич Безголосовтың туғанына 105 жыл |
|
1925ж. |
Даңқ орденінің толық кавалері, Өскемен қаласының Құрметті азаматы Матвей Иванович Дмитриевтің туғанына 100 жыл. |
|
1940 ж. |
Қазақстан жазушылар және журналистер одағының мүшесі, «Коммунизм туы» газеті редакторының бірінші орынбасары, «Қазақстан коммунисі» журналының бөлім меңгерушісі, журналист, ақын Қызықбай Тоқтарбек Әбдірахманұлының туғанына 85 жыл. |
|
1950 ж. |
«Дидар» газетінің бас редакторының орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты, журналист Айтмұхамбет Қасымовтың туғанына 75 жыл. |





