«Туған жерім менің — Қазақстаным»
24 қазан күні Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ-де Қазақстан Республикасы күніне арналған "Елімнің еркіндігі-менің мақтанышым" атты іс-шара өтті.
Салтанатты шара еліміздің Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды. Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік архивінің директоры Рахметов Самат Нұрланұлы құттықтау сөз сөйледі. Ол өз үндеуінде қоғамды одан әрі дамытудың негізі ретінде бірлік пен еңбектің маңыздылығын атап өтті.
«Туған жерім менің — Қазақстаным» атты баяндамамен мемлекеттік архивтің архивисті Н. Сереканқызы сөз сөйледі. Мерекеде «Менің Отаным – Қазақстан» викторинасы, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы күні: Қазақстан тарихы» бейнеролигі ұйымдастырылды.
Іс-шара жағымды эмоциялар сыйлады.







