Республика Күні
35 жыл бұрын 1990 жылы 25 қазан айында - мемлекеттік егемендік туралы Декларация қабылданды, бұл Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының бастауы, еркіндіктің, бірліктің және дербес дамуға ұмтылыстың символы. Республика күні-еліміздің басты ұлттық мерекесі. Бұл күні Қазақстанның туы егемендік пен тәуелсіздікке ұмтылған Қазақстан халқының бірлігін көрсетіп, бүкіл елді бейнелейді. 2025 жылдың 24 қазанында Қазақстан Республикасы күні мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны шырқалды, Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Мемлекеттік архивтер" КММ Алтай филиалының директоры Сабырбек Кәкенұлы Сейлханов қызметкерлерді мерекемен құттықтады. Алтай филиалының қызметкерлері Республика күніне арналған мерекелік бағдарлама өткізіп, халыққа өз құттықтауларын жолдады.
Қазақстан-елдің аты,
Қазақстан-көктемнің аты,
Қазақстан-Күн сәулесі,
Қазақстан-жеңістің қанаты!
Республика! Ерікті ел-Қазақстан!
Келді ақыры көп кұткен жаз алыстан.
Келді алыстан аңсатып, армандатып,
Торды бұзған мен бірмәз.
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске –
Айта бергім келеді, айта бергім!








