"Архив және болашақ ұрпақ"
2025 жылғы 19 қыркүйекте "Архив және болашақ ұрпақ" жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Мемлекеттік архив" КММ-сі Ш.Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицей» КММ және Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9 сынып оқушылары үшін Ашық есік күнін өткізді.
ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасының "Мемлекеттік архив" КММ директоры С.Н. Рахметов кіріспе сөз сөйледі. ҒАА құжаттарды жариялау және пайдалану бөлімінің қызметкерлері, мемлекеттік архив қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып, ведомстволық архивтерді жинақтау және бақылау бөлімінің қызметкерлері Г.Е. Сәрсембаева, А.А. Мұхаметқанова жинақтауға қатысты қызметтің негізгі бағыттарымен таныстырды, қорлардың бас сақтаушысы бөлімінің қызметкерлері А.Т. Баелова, Кеңесбаева А.М. архив қоймасы бойынша шолу экскурсиясын өткізді.
Оқушылар архив қоймасына үлкен қызығушылықпен қарап, құжаттарды сақтау шарттарымен, оларды орналастыру және шифрлаумен танысты.