Ашық есік күні
Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ Зайсан филиалында 19 қыркүйек «Архив және болашақ ұрпақ» атты «Ашық есік күні» шарасы ұйымдастырылылды. Мектептерге, мекемелерге, жалпы қала жұртшылығына шақыру хабарламасы жіберілді. Осы шараға қала әкімінің мамандары А.Иісова, Д.Мухамадиева, Сарытырек орта мектебінің ұстазы Айдан Беденова оқушысымен келіп, қала және өлке тарихымен, Павел Васильев туралы мәліметтерді қарады. Х. Мустафина атындағы мектеп-лицейінің 6-сынып оқушылары кітапханашы А. Кәкеевамен бірге келіп, архивтің тыныс-тіршілігімен танысып, құжаттар сақтау қоймасына экскурсия өткізілді. Архивист маман Алмагүл Дүсіпжанова Зайсан филиалы аривінің тарихы, Ұлттық архив қоры туралы, сақтаудағы құжаттардың дұрыс, ұзақ сақталуы үшін архивист мамандар қандай іс-шаралар жасайтынын, қоймадағы сақтау ережелері туралы айтып түсіндірді, оқушылар алған әсерлерімен бөлісіп, қызығушылық танытып, түрлі сұрақтар қойды. Келген жас өрендерге, Ұлттық архив қоры, тарихымыздың құнды құжаттары сақталған архив саласы ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қала береді, сондықтан осы мұраны жалғастыру білімді жастардың қолында деп тілек білдірілді!