ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӨНІНДЕГІ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАР
Төтенше жағдайлар кезінде қызметкерлердің іс-қимылдарға дайындығын қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылғы 9 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасына қарасты Алтай ҚМУ-нің «Мемлекеттік архив» филиалында жоспарлы өрт қауіпсіздігі оқу-жаттығулары өткізілді. Іс-шара өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес ұйымдастырылып, өрт шыққан жағдайда әрекет ету алгоритмін пысықтауға бағытталды.