Қазақстан халқы тілдері күні
2025 жылғы 5 қыркүйекте елімізде Қазақстан халқы тілдері күні аталып өтеді. Оның мақсаты – мемлекеттік тілдің маңыздылығын айқындау және көптілділікке құрметпен қарауды көрсету, өйткені Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері ресми түрде өмір сүреді.
2025 жылғы 3 қыркүйекте Қазақстан халқы тілдері күні қарсаңында «Достық үйінде» мерекелік концерт өткізіліп, онда ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасы «Мемлекеттік архиві» Алтай ҚМУ филиалының директоры Сабырбек Какенұлы Сейілхановқа мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хат табыс етілді.