Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған "Тарихтан тағылым – өткенге тағзым" атты халықаралық дөңгелек үстел
Көптеген жылдар бойы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві жаппай саяси қуғын-сүргін құрбаны болғандарды еске алуға арналған іс-шаралар өткізеді және қатысады. 2025 жылғы 28 мамырда Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының "Мемлекеттік архив" КММ-сі С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетімен бірлесіп саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған "Тарихтан тағылым – өткенге тағзым" атты халықаралық дөңгелек үстел өткізілді.
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры Калимолдина Жаннета Амангелдиевна кіріспе сөз сөйледі.
Қазақстан тарихы және ӘГП кафедрасының профессорларының Г.А. Сәрсембаеваның, Б. Шүшитбайдың және Қазақстан тарихы кафедрасының сениор – лекторы Р. К. Нұрбекованың баяндамалары тыңдалды.
ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасының "Мемлекеттік архив" КММ директорының орынбасары Е.В. Костина "Шығыс Қазақстан облысының арнайы қоныстанушылары" (ХХ ғасырдың 40-50 жылдары) атты баяндамамен, Т.В. Шустова, ҒАА, құжаттарды жариялау және пайдалану бөлімінің басшысы "ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Шығыс Қазақстандағы халық наразылықтары" атты баяндамасымен сөз сөйлеп, қорлардың бас сақтаушысы А.Т. Баелова "Тарихтың үнсіз куәгерлері: "Қазақстандағы халық жауларының" қуғын-сүргіні туралы архивтік құжаттар" атты баяндамасын жасады.