Абайлаңыздар!
Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ Алтай филиалына Алтай ауданы полиция бөлімінің полиция майоры Журтбаев Қ.Т. келіп архив қызметкерлеріне интернет-алаяқтары туралы ақпарат айтып берді. Олардан қалай сақ болу керек екендігі, адамдардың қандай жағдайда алданып қалатындықтары туралы айтылды. Өте пайдалы ақпараттар берілді.