Алтай филиалында кездесу өтті
Шығыс Қазақстан облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ Алтай филиалында Аубакиров Алдияр Ақылбекұлының Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Арғы атаға хат. Жеңіс үшін рахмет» атты кітабына енген тыл ардагерлерінің туысқандары Блогина Татьяна Александровна мен Ермакова Зинаида Георгиевнамен кездесу өтті.
Кездесуге келушілер өз туысқандары туралы көздеріне жас ала отырып, мақтанышпен айтып берді. Тыл ардагерлерінің соғыс кезіндегі ерен еңбектері жайлы еске алынды. Кездесу өте әсерлі өтті.