Қай сайттың бөлімі сізге ерекше қызықты?

Ғылыми-әдістемелік базасы
Жеке қорлар
Құжаттар жинағы
Көсем сөз
Өлке тарихы
Мәліметтер базасы
Фотогалереясы
Архив опросов

«Жеңісті жақындатқан жандар»

Құрметті отандастар! Сіздерді 9-мамыр Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңыз аман болсын! Мен Аденова Асель Ержүрекқызы қазіргі таңда тегім Бактыбаева. Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивінің қызметкерімін.

Мен батырдың ұрпағымын, менің тамырымда Отан үшін от кешкен жауынгердің қаны ағады, менің жүрегімде ерлік пен елдікке деген мақтаныш бар. Бүгін мен еркін елімде, бейбіт өмір, ашық аспан астында бақытты өмір сүріп жүргеніміз ата–бабаларымыздың арқасында. Олар соғыс көрді, оқ пен оттың ортасында жүріп, бейбіт күнді армандады.

Менің атам Аденов Рақымғұл 1909 жылы Күршім ауданы, Құйған ауылында дүниеге келген. Әкесінің аты Әді, анасының аты Құпия.

1935 жылы әскерге шақырылып, Забайкалиеде әскери борышын өтеген.

1942 жылы Алтай өңірі Барнаулда Қызыл Армияның сарбазы, 61 мотоатқыштар полкінде, штрафбатальонында санитар болып, соғысқа қатысқан. Соғыс жылдары Монғолия арқылы Хинган тауын өтіп, Маньчжурия, Порт-Артур бағыттары бойынша шабуыл жасаған. Осы қалалар бойынша шайқаста Кеңес Одағының Жоғарғы Бас қолбасшысы генерал Сталиннің бұйрығымен Маньчжурияны азат ету кезінде жапондықтармен шайқастардағы тамаша жауынгерлік әрекеттері ушін алғыс хат жарияланған. Жапон интернационалистермен шайқастарға қатысқаны үшін «За отвагу» медалімен марапатталған, (1945 жылы 12 тамызда Балтайда птанса үшін болған шайқаста темір жол көпірі ауданында жаумен шайқасып, 3 жапонды өлтіргені туралы, 1945 жылы 13 тамызда күзет қызметінде тұрып 2 жапонды қаруларымен бірге тұтқынға алған), КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумның «За победу над Японией» медалімен марапатталған.1946 жылы соғыстан оралды.

1947 жылдары Күршім ауданында «Діңгек» колхозында төрағаның көмекшісі болып жұмыс істеген.

1961 жылдары Күршім ауданында «Қалғұты» совхозында жұмыс істеген. Қазақ ССР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің социалистік жарыстағы Үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

1984 жылы дүниеден өтті.

Марапаттары:

30 мамыр 1947 жыл «За победу над Японией» медалі

4 қыркүйек 1947 жылы «Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін» медалі

5 мамыр 1967 жылы «Ұлы жеңіске 20 жыл» медалі

24 мамыр 1970 жылы «В.И. Лениннің 100 жылдығын тойлаудағы ерен еңбегі үшін» медалі

6 мамыр 1976 жылы «Ұлы жеңіске 30 жыл » медалі

12 мамыр 1975 жылы «Ұлы жеңіске 50 жыл » медалі

26 сәуір 1979 жылы «Еңбек ардагері» медалі.

1938 жылы үйленген. Жұбайы Аденова (Жампейісқызы) Қадиша 1917 жылы дуниеге келген. 1941-1945 жылдары «Діңгек» колхозында тракторшы болып, тылда еңбек еткен. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен «За доблестный и самоотверженный труд в период Великой Отечественной Войны» медалімен марапатталған. Тельман, Марияш, Қадылбек, Қайыпбек, Орысай бұл балалары өкінішке орай дүниеден өткен..

Қазіргі таңда қызы Аденова Роза Рақымғұлқызы 1956 жылы дүниеге келген.Семей қаласында тұрады.

Қызы Аденова Риза Рақымғұлқызы 1958 жылы дүниеге келген. Өскемен қаласында тұрады.

Ұлы Аденов Ержүрек Рақымғұлұлы 1961 жылы дүниеге келген. Өскемен қаласында Аблакет кентінде тұрады (менің әкем).

Артында қалған ұл-қызы - бәрі үйлі-баранды болып, әкелері мен аналарының есімі мен ерлігін ұмытпай, еске алып отырады.

Интернет ресурстарда «Память народа», «Книга памяти» сайттарында атам Аденов Рахимгул туралы мәліметтер бар.

Мен батырдың ұрпағымын ата-апаларыма басымды иіп рахмет айтамын!

 

 
070004, ҚР, ШҚО Өскемен қаласы, Головков көшесі, 26/1
Сайт әкімгері: Бекниязқызы Жангуль. Copyright © 2010-2025
Рейтинг@Mail.ru